Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Менің Елім» мотошеруі - көпұлттылықтың көркем көрінісі

1958
«Менің Елім» мотошеруі - көпұлттылықтың көркем көрінісі  - e-history.kz
Биылғы жыл тәуелсіз Қазақстан үшін мәуелі ағаштай мол тарихи оқиғаларымен ерекшеленеді

Атап айтар болсақ, еліміздің символдары рәміздерімізге 25 жыл, Қарулы күшімізге 25 жыл, халықаралық маңызды оқиға БҰҰ-на мүшелікке қабылданғанымызға 25 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл осы секілді тізбектеле береді.

Осы тұрғыда айтулы оқиғалардың құрметіне елімізде түрлі атаулы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап өтсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен «Менің елім» атты республикалық мотошеруі өтті.

Республикалық маңызы бар шараның мақсаты – түрлі ұлт өкілдеріне атам заманнан пана болған қазақ даласының тарихи мекендеріне сапар шегіп, достық пен ынтымақтастық мекені болған ұшы-қиырсыз отанымыздың түрлі ұлттар мен конфессиялардың әр түрлі облыстардан келген өкілдері – жастардың арасында достық қарым-қатынас пен байланыс орнату және кездесулер арқылы көпұлтты еліміздің біртұтастық идеясын қолдауды көздеді. 

Қазақстан – көпұлтты мемлекет екені баршаға мәлім, бұл қазақтың кеңдігі мен халықжайлығының белгісі, басқа ұлт өкілдері күні кеше емес, ел басына күн туып қиналған сонау қиыншылық соғыс жылдарында өзге ұлт өкілдеріне пана болған қазақтың дархан көңілінің кеңдігін қанша айтып жазса да көптік етпейді, бұған дәлел Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жыл бойғы нәтижелі жұмысы мен барлық ұлт өкілдерінің басын бір шаңырақ астына біріктіруі.

Ендігі мақсат көпұлттық бірлікті сақтай отырып, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізу, сол себептіде атаулы іс-шара ұйымдастырылып отыр.

Мотошеру еліміздің 20-дан астам қалалары мен елдімекендеріне саяхат жасаумен өтті. Атап айтқанда, басы Атырау алқабынан басталып Орал, Ақтөбе, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Алматы, Үшарал, Зайсан, Өскемен, Семей, Павлодар, Астана, Зеренді, Қостанай қосымша аталған облыстардың елдімекендері бар. Мотожарыс 18 күнге созылып, бас-аяғы 8500 шақырымды жүріп өтті.

Шараға қатысушы мотошерушілерге арнайы киім үлгілері мен айрықша белгілері бар логотип берілді, шерушілер тоқтаған қалаларда еріктілер мен қызығушылық танытқан ынталы топ өкілдерімен кездесіп, өз әсерлерімен бөлісіп, естелік ретінде жейдешелер мен жалаушалар таратылды. Одан басқа шерудің нендей мақсатта ұйымдастырылып отырғаны, қандай маңызды оқиға құрметіне жасалынып жатқаны жөнінде ақпарат берілді.

Әрине мотожарысқа қатысушыларды аталған өңір өкілдері күтіп алып өз мекендерінің тарихы қоса табиғатымен таныстырды.

Айта кету керек, аталған жоба Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұйытқы болған жарқын идеялар мен күрелі істерді жас ұрпаққа қолжетімді әрі түсінікті тәсілмен жеткізу жолында жасалған белсенді істің бірі болып табылады.

Тағы бір айта кетері, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының бұл шараны ұйымдастыруда National Digital History интернет жобасы мотошеру жүріп өткен 25 тарихи орынның тізімін бірлесіп жасады, айтпағымыз алдағы уақытта мотошеру жүріп өткен, 25 тарихи мекеннің әрқайсысына арналған жеке мақалалар легі жарық көреді, мақалаға қосымша фотосуреттер мен видеожазбалар жарияланады. Мысалы, алғашқы мақала мотошеру бастау алған Атырау өңіріндегі ортағасырлық Сарайшық қаласына арналады. Мақалалар тізбегі алдағы уақытта мотошеру жүрген реттік кестесіне сәйкес жарияланып отырады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?