Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ даласының «Алтын адамдары»

4002
Қазақ даласының «Алтын адамдары» - e-history.kz

«Алтын адам» -  б.з. д. I мыңжылдыққа жататын қазақ тарихындағы археологиялық зерттеудің ең ғаламат үлгісі.

Ең бірінші табылған «Алтын адам»

Қазақстанда осы уақытқа дейін тоғыз «Алтын адам» табылған.  Алғашқы «Алтын адам» 1963 жылы орын алған сел тасқынының нәтижесінде 1969-1970 жылдары археолог Кемел Ақышев және оның командасымен, Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауынан табылды. Алтын киімді ханзаданың сүйегімен бірге 4 мың алтын бұйым, болаттан соғылған қанжар, алтын және күмістен жасалған ыдыстар табылды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, «Алтын адамның» сақтардың көрнекті ел басшысының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін көрсеткен. 

Алтын адамның айналасында болған заттың әрбіреуі сол адамның тіршілік еткен кезеңіндегі тарихи, географиялық, этностық және материалдық дүниелерге қатысты толық мәліметтерін береді. Әшекейлерде бейнеленген арқар, барыс, таутеке мен ат бейнелері табылған адамның біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда, сақ тайпасында өмір сүргенін, сақтардың «Аң стилін» қолданғанын дәлелейді. Бас киімі шошақ бөрікті болғандықтан, табылған Алтын адам кезінде Жетісу жерін мекендеген тиграхауда тайпасының өкіліне жатқызған. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер табылды.

Жоғарыда табылған «Алтын адамның» сүйегі сақтардың көрнекті ел басшысының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін көрсеткен деп атап өттік. Десе де, нақты дерек емес. Тек көпшілік ғалымдар солай деп болжап отыр. 

Табылған «Алтын адамның» қай жынысқа жататыны аса маңызды емес. Ең маңыздысы, олардың алтынның шірімейтінін біліп, осынша тереңдікте қазғандары. 

Атыраудың «Алтын адамы»

Қазақ тарихындағы екінші «Алтын адам» 1999 жылы Аралтөбе обасынан табылды. Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық экспедицияға Зейнолла Самашев жетекшілік етті. Зерттеу нәтижесінде сүйегі  біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда өмір сүрген сармат көсеміне тиесілі екені анықталды. Табылған «Алтын адамның» Сармат жауынгері екенінін қолындағы болат семсеріне қарап та анықтауға болады деді археолог-ғалымдар. Ал сырт киімі ромб тектес алтын пластинкалар мен жұқа алтын фольгамен қапталған аса таяққа оның көсем болғанын көрсетіп отыр.

Сол жылы Аралтөбе қорығынан үш зират қазылып, алғашқы екеуінен адам қаңқалары мен олар қолданған шыны монета мен жебе ұштарының сынықтары табылған. Екіншісінен басы оңтүстікке қаратылып жерленген мүрде жанынан жүзден аса жебесі бар қорамсақ, бүйірлі үлкен қыш құмыра, темір қылыш кездескен. Қазылған үшінші зираттан алтын киімді адам табылған. 

Сармат көсемінің көйлектегі жеңдері мен сауыты әртүрлі алтын қапсырмалармен әшекейленіп тігілген. Шалбары болса, ұсақ алтындармен безендіріліп, балақтары алтын жиекті етікке сұғындырылып салынған.  Қару-жарағына келетін болсақ, оларды салатын қорамсап та алтыннан жасалып, сол жағына қойылып жерленген екен. Аралтөбеден табылған Алтын адамға қарап, қорғанда Тәңірге сыйыну, құрбандық шалу сынды діни процесстердің жүргенін анықтауға болады. Сонымен қатар, зерттеушілер сарматтарға отқа табынудың тән болғанының көрінісін қорғаннан табылған ошақ орнымен дәлелдеп отыр. Қабірден табылған үшбұрышты темірден жасалған жебе сүйек инелердің табылуы сол кезеңдегі адамдардың өмір сүру бейнесін көрсеткен. 

Аралтөбе «Алтын адамының» реставрациясы Алматы қаласындағы археолог Қырым Алтынбековтің шеберханасында жасалып, бір көшірмесі Астана қаласында орналасқан Президенттік мәдениет орталығына «Есік Алтын адамының» қасына апарылды. Ал, екінші данасы Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында құнды экспонат ретінде сақтаулы тұр. «Алтын адамның» антропологиялық кескін-келбеті оның бас сүйегі негізінде Ресей Ғылым академиясы (РҒА) Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтына қарасты музейдің бүкіл әлемге белгілі М. Герасимов атындағы антропологиялық қалпына келтіру зертханасында арнайы тапсырыс беру арқылы жасалған.

Бәйгетөбедегі «Алтын хан»

Бұл олжа қазіргі уақытта Қазақстан аумағынан табылған ең көне «Алтын адам» болып саналады. Мамандар оны біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырларға жатқызған. Ол 2003 жылы Қазақстанның Зайсан ауданында (Алтай) өз Шілікті алқабында жасалған.

Олардың ең үлкенін ашқаннан кейін археологтар кесілген конус түріндегі ағаш қабірді және байлығы жағынан Есік қорғанынан кем түспейтін жерлеуді тапты: әр түрлі артефактілерден басқа (250-ге жуық зат-білезіктер, алқалар, моншақтар, жебелер және т. б.) 4.000-нан астам алтын бұйымдар табылды, олардың көпшілігі киімге тігілген (Қорғаннан барлығы 4.303 алтын зат табылды).

Бір қызығы, Шығыс Қазақстан тұрғындары 2013 жылы басшының сүйектерін қайтадан қорғанға көмуді талап етті. Олардың айтуынша, археологтар оның күлін бұзғандықтан, облыста табиғи апаттар жиілеп кетті. Белсенділер: «Бізде 2009 жылы су тасқыны болды, 35 үй қирады. Осыдан кейін бір жыл құрғақшылық, бір жыл мал өледі. Екі жыл қатарынан су тасқыны. Мұны ақсақалдар қазба жұмыстарымен байланыстырады» деді.

Елеке сазының «Алтын адамы»

2018 жылы Елеке Сазы қорғанынан (Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы) тағы бір «алтын адам» табылды. Бұл олжа ерекше маңызға ие болды: бұл жерлерге қарақшылар қол тигізбеген.

Қазба жұмыстары мен кейінгі зерттеулер көрсеткендей, биіктігі 165-170 см болатын 17-18 жасар бала қорғанға жерленген. Ресей Ғылым академиясының этнология және антропология институтының қаңқаны зерттеумен айналысқан мамандары да жас бала екенін өз анықтамаларында жазған. 

Оның басынан аяғына дейін киімі алтын моншақтармен кестеленген. Жас жігіттің мойнында алтын гривна болды, оның қасында алтын алтын қынаптағы қанжар бар. Археологтар алтындардың жақсы сақталғанын атап өткен. Жерлеу сақ мәдениетіне жатқызылды және біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасыр.

Сегізінші «Алтын адам»

Қазақ халқы өз жерінен табылған алтын адамдарды тарихының теңдесіз мұрасы деп біледі. Осы уақытқа дейін қазақ жерінде біз білетін мөлшерден де көп Алтын адам табылса керек.  Кемал Ақышев осыған байланысты: «100 қорғанның екеуі, біреуі ғана материал береді. Қалған 97-сі тоналған дейді. Алғашқы тонаушылар өздерінің замандастары болды. Жерлеген адамдар марқұмды қанша алтынмен көмгенін білді. Ұрпақтарына айтып кеткен болуы керек. Немесе тайпа аралық соғыстар кезінде, қарсыласын масқаралау үшін де, қарсы тараптың баба моласын тонайтын болған. Бұдан кейінгі тонау «Алтын адамдар» көмілген соң, 100 жыл, 200 жы лдан кейін орын алған. Ал ең көп тоналғаны – І Петрдің кезі», – деді. Яғни, тарихы тереңге жайылған қазақ жерінде табылған әр Алтын адам біз үшін құнды жәдігер саналады. Әр мұра ұзақ уақыт бойы зерттеліп, Астана қаласындағы Президенттік мәдениет орталығына қойылады. Елімізде бүгінгі күнге дейін тоғыз «Алтын адам» табылған, ол туралы тың ақпараттар әлі белгісіз болғанымен, оның алдында табылған сегізінші «Алтын адам»  туралы қажетті мағлұматтарды табуға болады. 

2019 жылға қазан айында Ақтөбе облысында, Тасқопа жерінде археологтар сегізінше «Алтын адамды» тапты. Археолог мамандар бұл жәдігерде бірнеше жыл бойы зерттеді. Оны қайта қалпына келтірді. Бүгінде ол Астана қаласында сақтаулы. Суретші-реставратор Болат Атыраубаевтың сөзінше «Алтын адамның» жасы шамамен 50-ден асқан. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?