
Астана қаласында, 2025 жылғы 11 сәуір күні сағат 14:00-де Ұлттық Академиялық кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, драматург Мағаз Разданұлының туғанына 100 жыл толуына орай оның "Үш томдық таңдамалы шығармаларының" таныстырылымы өтеді.
Бұл іс-шараны ҚР Жазушылар одағының Астана бөлімшесі мен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Мағаз Разданұлы (1924-1998) – Қытай Халық Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, белгілі жазушы, драматург, ақын. "Алтай ақиықтары", "Ата заман сөйлейді" тарихи романдардың, "Асулар толғауы", "Уақытқа жауап" жыр-толғаулардың, "Сары бел" атты өлең-романның және басқа да көрнекті шығармалардың авторы.
Жазушының тағдыры ХХ ғасырдың саяси-әлеуметтік қыспағымен тікелей байланысты. Қытайдағы "Мәдениет төңкерісі" деп аталған дүрбелең кезінде ол 20 жылға жуық уақытын түрмеде өткізіп, 1978 жылы ғана толық ақталды. Кейін туған жері – Буыршын ауданында мәдениет саласында қызмет атқарып, шығармашылықпен айналысты. Оның әдеби мұрасы қазақ руханияты үшін аса құнды болып табылады.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – Мағаз Разданұлының шығармашылық мұрасын қазіргі қазақ оқырманына кеңінен таныстыру, оның тарихи және әдеби еңбектерінің мән-маңызын айқындау. Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасалып, естеліктер айтылып, оның еңбектері әдебиеттанушылар, жазушылар мен зиялы қауым тарапынан талқыланады.
Іс-шараға ҚР Жазушылар одағының басшылығы, белгілі ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер мен оқырмандар қауымы қатысады деп күтілуде.
Бұл – тарихи, мәдени және рухани құндылықтарды насихаттайтын аса маңызды әдеби іс-шара болмақ.
Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы, Мырзатай Жолдасбеков залы.
Өтетін уақыты: 11 сәуір 2025 жыл, сағат 14:00
Байланыс: Ұйымдастыру алқасы, +7 700 270 0305