Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Qazaq kitaptary (1929-1940)

2134
Qazaq kitaptary (1929-1940) - e-history.kz
Кітап көрмесіне сирек кітаптар қорынан ХХ ғасырдың басында латын әліпбиімен басылып шыққан қазақ зиялыларының шығармалары, көркем әдебиеттер мен балаларға арналған кітаптар қойылды

«Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына орай «Men qoldaimyn» шаралар кешенінің басталуын хабарлайды. Шаралар кешенінің аясында, Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесе отырып «Qazaq kitaptary 1929-1940» атты көрмесі ұймыдастырылды.

Бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі қазақ тілін латын әліпбиіне аудару қажеттілігі болып отырғандықтан көрмеге келушілер саны күннен күнге артуда. Кітап көрмесінде сирек кітаптар қорынан 1929 жылдан 1940 жылдар аралығында латын әліпбиімен басылып шыққан қазақ зиялыларының шығармалары, көркем әдебиеттер мен балаларға арналған кітаптар қойылды.

Оның ішінде Абай Құнанбаевтың аудармалары мен қара сөздері, өлеңдері мен поэмалары, Мұхтар Әуезов «Тартыс», Ильяс Жансүгіров «Күйші», Сәкен Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу», Бейімбет Майлин «Толық жинақ», тағы басқа көптеген көркем әдебиеттер мен пьесалары, сондай-ақ Пушкин, Лермонтов, Гоголь және тағы басқа орыс классиктерінің кітаптары бар.

Сонымен қатар жақсы сақталған сол кезеңдерде басылып шыққан мектеп оқулықтары да қойылған.

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері: «Біз ұзынабойы тарихымызда талай жазуларды жазбаларды бастан кештік, кешегі араби жазуы, ұйғыр жазуыда болды. Сондықтанда, латын әліпбиіне көшу бізге көп қиындық тудырмайды. Себебі мектеп есігін ашқан балалардың барлығы латын қарпін біледі. Енді келешек ұрпаққа не керек? Бүгінгі жазылған кітаптардың ең кереметін әрі қажеттісін бәрін латынға көшіресіздер деген сенімдеміз. Латын әліпбиіне көшсек, бүкіл әлемнің кеңестігін игереміз, ғылымның тіліне көшеміз».

Мұхтар Манкеев, «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы: «Бұл жобаны аталған қозғалыс пен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы берлесіп іске асырып жатқанын айта келе, «Осы тектес шараларды алдағы уақытта ұйымдастыруға дайынбыз. Біздің басты мақсатымыздың бірі - ол жастар арасында адами капиталды дамыту. Көрмеге қызығушылық танытқан барлық азаматтарды шақырамыз. Ұлттық академиялық кітапханасында латын қарпінде басылған 1,5 мыңға жуық кітап бар және олар әртүрлі жанрда жазылған».

Фото: Артем Чурсинов

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?