Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жалдамалы жұмысшылар жағдайы

4105
Жалдамалы жұмысшылар жағдайы - e-history.kz
Бөкей Ордасындағы қара жұмысшылар күн көру үшін жұмыстың қай түріне де дайын болды

Көптеген деректерге қарай отырып, біздің байқайтымыныз, жалдамалы жұмысшылар оның ішінде әрине қазақтарда бар балық аулау, тұз өндіру одан қалды бақташылықпен де айналысты яғни қай жерде күн көру көзі бар болса, сол жаққа қарай бет алды. Мұрағаттық құжаттарда Каспий-Волга балық өндіру саласының ел экономикасында маңызды орын алғаны келтіріледі. Аталған өндіріс орны жүздеген адамдардың басын біріктірді. Мысалыға, Каспий-волга ауданының теңіз бен өзен саласында жұмыс жасайтын жалдамашылардың саны 1913 жылы 127 530 болған.

Бұның ішінде балық аулаушылар, жеткізушілер, контор жұмысшылары, басқа да қызметкерлер болды. Статистикалық комитеттің мәліметтеріне сүйенсек Хан ордасының сауда жәрмеңкесінің есебі бойынша «1910 жылғы Қырғыз ордасының жағдайы» бұл жерде балық аулаумен айналысқан қазақ шаруаларына қатысты көптеген дерек көздері кездеседі. Деректе көрсетілгендей балық аулаумен І және ІІ Приморе округі айналысқан.

Тағы бір байқағанымыз, бұл жердегі қазақ жалдамалы жұмысшаларының жұмыс жағдайының ауыртпалығы, жалдамалы жұмысшыларға ешқандай жағдай жасалмады, ең ауыр жұмысты атқарғанымен қоймай иелері олардың жұмыстарына риза болмай, еңбекақыларын төлемей қойған сәттерде кездеседі. Жалақыны төлеу атқарылған жұмыс көлеміне және қандай ұлт өкілінен екеніне байланысты болды, мысалыға көптеген қазақ жұмысшылары еңбектері үшін күніне 25-30 тиын алды, бұл дегеніміз орыстарға қарағанда 2-3 рубльге аз. Оның үстіне ол уақытта барлық еңбек адам қолымен атқарылатынын тағы ескерсек. Содан кейінде көптеген жұмысшылар көпке шыдамай жұмыс орындарынан қашып кетіп отырды.


 

І және ІІ Приморе округінің басшысы Махаш Бекмұханбетов қазақ жалдамалы жұмысшыларының еңбектеріне тоқтала келе: «Біз қырғыздардың өте мықты теңізші мен балық аулаушы екенін білеміз» деді. Оған дәлел 1898 жылы қырғыздар теңіз жағалауынан 193 жер учаскелерін 2914 рубль 64 тиынға жалға алып отырды. Қырғыздарға балық аулау құқығын беруі үшін олар қазынаға 1000 рубль суммасын төлейді. 1838 жылы капитан-лейтенант Стодольского өзінің Астрахан губерниясының балық аулау саласының жағдайы атты мақаласында 1837 жылғы балықшаруашылығы өндірісіне осындай есептермен бөліседі.

Ішкі Орда да Шығай Нұралыұлы билігі тұсында хандық тұрғындарының балық шаруашылығына бет бұруы байқалды. Еділ, Жайық сияқты үлкен өзендер, олардың тараулары Қамыс, Самар, Кума, Маныш сияқты кішігірім өзендер мен көлдер балық аулауға ыңғайлы келетін. Бұл жерлерде Бөкейліктер балық кәсіпшіліктеріне жалданып еңбек еткен. Балықшылар балық өнімдерін тамақ ретінде тұтынып, жасырын түрде сауда орындарына тауар ретінде өткізіп, ақшаға айналдырып күн көрген. Мұндай «қылмыстармен» ұсталған қазақтар жергілікті басшылық пен сот тарапынан аяусыз жазаға тартылатын. Бөкейліктердің жиі қақтығысып тұратын көршілері помещик саяжайларының шаруалары еді. Әсіресе, 1819 жылы қыстаудың ақылы түрі енгізілуіне байланысты осы оңтүстік мәселесі одан әрі шиеленісе түсті.

Бұдан бөлек, қазақтар арасында мал ұстап шаруашылығын дөңгелетіп отырғандар да болды. Көшпелі қазақтарға малын өлімнен құтқарып қалу үшін өндіріс басшыларының айтқанына көндігуіне тура келді. Соңғылары өз кезегінде мұны шебер пайдаланды және еш қысылмастан көшіпқонғаны үшін қоймен және өзге де мал түрлерімен көп мөлшерде ақы алды. Мысалы, көпес Алексей Сапожниковтың көмекшісі Иван Иванов 1819-1820 жылдардың қысында беріш руының қазақтарынан старшын Қошай арқылы 31 қой және 1 сиырды иеленген. Ал 1822 жылы князь Юсуповқа тиесілі Богатинск өндірісінің басшылары василий Павлов пен Андрей Яковлев қазақтарды өндіріс маңында қыстап жатқаны үшін малдай, ақшалай және өзге де бұйымдармен ақы төлеуге мәжбүрлеген. оған қоса қамыс шабуға, өндіріс қажеттілігі үшін мұз оюға да жұмсаған. 

Бұдан түйетін ой Ордадағы қиын-қыстау заманға қарамастан жалдамалы жұмысшылар тіршілік етудің ебін таба білумен қатар қазақ жұмысшылар табы қалыптастырды. 

Дәулет Ізтілеу

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?