Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кері көрсеткіш

1371
Кері көрсеткіш - e-history.kz
КСРО өмір сүрген 70 жыл ішінде 1991 жылдың 17 наурызда бірден-бір рет қана референдум болды

Совет Одағы азаматтарына мынадай:  «Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын жаңартылған, мұнда кез келген ұлтты адамның құқықтыры мен еркіндіктерін толық мөлшерде кепілдік етілетін, тең, егеменді республикалар федерациясы ретінде сақтау қажет деп санайсыздар ма?» деген  сауал қойды. Осы мәселе бойынша референдум РСФСР, Украин ССР, Белорус ССР, Өзбек ССР, Әзірбайжан ССР, Қырғыз ССР, Тәджік ССР, Түркмен ССР өткізілді, РСФСР құрамындағы республикалар - Өзбек ССР мен  Әзірбайжан ССР, Грузия ССР-сы құрамындағы Абхаз АССР және де совет мекемелері жанындағылар мен шетелдегі әскери бөлімдеріндегі округтар мен учаскелерінде өткізілген. КСРО референдумінде Қазақ ССР дауыс беруі, республиканың Жоғарғы Кеңесі қалыптастырған сұрағы бойынша өткізілді: «Тең, егеменді мемлекеттер ретінде ССР Кеңестің сақталуын қажет деп санайсыз ба?»

Бұл ретте Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің  Төралқасы дауыс берудің нәтижелерін КСРО референдумның жалпы нәтижелеріне енгізуді ресми түрде сұраған. Реферндум өткізу туралы шешім 1990 жылдың 24 желтоқсанда, КСРО IV халық депутаттары Кеңесінің Съезінде қабылданған.

КСРО бойынша комиссияның деректері бойынша, тұтастай алғанда: КСРО референдуміне қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне  185 647 355 адам енгізілді; дауы беруге 148 574 606 адам қатысты, яғни 80% пайыз. Олардың ішінен: «Иә» дегендер – 113 512 812 адам, яғни 76,4%; «Жоқ» дегендер – 32 303 977 адам, немесе 21,7%; Жарамсыз деп танылған – 2 757 817 бюллетен, яғни 1,9%. Қазақ ССР дауыс бергендердің 94,1%  Кеңес сақталуы үшін болды, 5% - теріс жауап бергендер болды және 0,9% бюллетен жарамсыз деп танылды. Кеңеске «иә» деп ең жоғары пайыз, 95 және одан да көп, дауыс берген мынадай облыстар: Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Көкшету, Қостанай, Орал мен Целиноград. Референдум нәтижелерінің негізінде, қол қоюы 1991 жылдың 20 тамызда жоспарланған, «Егеменді Республикалар Кеңесі туралы» келісімшарт жобасының әзірленуі басталды.

Алайда, билік пен артықшылықтарын жоғалтып алуын түсінген партия ақсүйектері тамыздық путч ұйымдастырып, келісімшартқа қол қойылмады. Құрылған ТЖМК КСРО президенті Горбачевты орнынан алып тастағысы келді. «Егеменді Республикалар Кеңесі туралы» екінші жоба дайындалды, алайда, ортадан тепкіш үрдістер күшеюмен байланысты, ол да жүзеге аспады.

Сонымен, референдум нәтижелеріне қарамастан, 1991 жылдың 8 желтоқсанда РСФСР, Беларусия, Украина көшбасшылары Беловеж келісіміне қол қою нәтижесінде КСРО өз тіршілігін тоқтатты.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет. National Digital History порталына гиперсілтеме берілу қажет. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)



 

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?