Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақтың тарихы тек қазаққа керек...

1308
Қазақтың тарихы тек қазаққа керек... - e-history.kz

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелері: кезеңдері және тарихи тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстел барысында тарихшылар жаһандану кезеңіндегі ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтап қалу тақырыбында сөз қозғады. Алқалы жиынды Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Зиябек Қабылдинов ашып берді. 

Алғашқылардың бірі болып сөз алған ҚР ҰҒА академигі, тарихшы Ханкелді Әбжанов ұлт болып ұюдағы бүгінгі қиындықтар, жаһанданудың тигізіп отырған зардаптары туралы тілге тиек етті. Өз кзегінде ҚР ҰҒА академигі Б.Байтанаев Қазақтың киелі жерлері, оның өткен ғасырда республика территориясының тұтастығын сақтап қалудағы рөліне тоқталды. Тарихшы Ташкент мұрағатымен танысу кезінде Әбубәкір Диваев елдің қазіргі территориясын қорғау кезінде ата-баба зияраттарын дәлелдеуші фактор ретінде қолданғанын тілге тиек етті. Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, академик Берекет Кәрібаев өзінің баяндамасында «әлі күнге дейін кей ғалымдар арасында еуроцентристік көзқарастың, ежелгі Азия мен Африкада мемлекет белгілерінің болмаған деген тұжырым бар екеніне» тоқталды. 

Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, іс-шараға қатысушы тарихшы ғалымдар, жас зерттеушілер  талқыланған мәселелер бойынша ортақ пікірге келіп, жаһандану дәуіріндегі ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесінің өзекті екендігі, алдағы уақытта бұл тақырыпты үкімет деңгейінде көтеру үшін оның жастар арасында да жалғасын табу керектігі айтылды

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?