Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстандық музыка өнерінің жаңа дауыстары

1102
Қазақстандық музыка өнерінің жаңа дауыстары - e-history.kz

Г.Доницеттидің «Дон Паскуале» жарқын комедиялық операсының кейіпкерлері 12 және 15 қарашада «Астана Операдағы» К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында театрдың керемет солистерінің интерпретациясында қайта жанданады. Әртістердің көбі қойылымда алғаш рет өнер көрсеткелі отыр. 

- «Дон Паскуале» қойылымы «Астана Операда» «Piccolo» театры танымал жобасы аясында өтеді. «Piccolo» жобасы біздің театрда осымен бесінші жыл іске асырылуда. Бұл бастама жас дарындарды дамытуға және қолдауға бағытталған. Жоба кеңінен дамып, өз жемісін беруде, оның аясында бірқатар опералық премьералар өтті, спектакльдер республикада және одан тыс жерлерде көрермендердің ықыласына бөленуде. Барлық қазақстандықтарға танымал театр солистерімен қатар, жас вокалистердің де өзін-өзі дамытуға және кәсіби өсуге мүмкіндіктері бар. Әртістер өз шеберліктерінің жаңа қырларын ашып, өздерін түрлі сипаттағы партияларда байқап көруі үшін оларға шығармашылық еркіндік беру біз үшін өте маңызды. Айталық, осы жолы да бізде келешегі зор бірнеше вокалистің маңызды дебюттері күтілуде, олар көпшіліктің алдына басқа қырынан шығады. Себебі біз де қымбатты көрермендерге жас дауыстарды ашып, таныс орындаушыларды ойламаған қырынан көрсетуді мақсат етеміз, - деп атап өтті «Астана Опера» опера труппасының директоры, әйгілі баритон Азамат Жылтыркөзов. 

Бұл күндері спектакль кейіпкерлерінің бейнелерінде сахнаға театр солистері шығады: Дон Паскуале басты партиясын Ержан Саипов дайындауда, Норинаның бейнесінде Гүлдана Алдадосова шығады, Алтынбек Әбілда мен Азат Мәлік Дәрігер Малатестаны сомдайды, ал Талғат Аллабиринов Карлитоның рөлінде өнер көрсетеді. 

Бұдан бөлек, көпшілік танымал қазақстандық опера әншісі Салтанат Ахметова (Норина), Шыңғыс Расылхан (Дон Паскуале), Артур Габдиев пен Әлихан Зейнолла (Эрнесто), Ерұлан Кәмелдің (Карлито) біртуар композитор Г.Доницетти жауһарының қойылымындағы жарқын кейіпкерлердің интерпретацияларымен рақаттана алады. «Астана Опера» симфониялық оркестрі және хоры бұл күндері дирижер Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен өнер көрсетеді. 

«Дон Паскуале» спектаклінен бөлек, К.Байсейітова атындағы Камералық залдың сан алуан репертуары қарашада елорда тұрғындары мен қонақтарын театрдың жарқын әртістері мен басқа да қазақстандық және шетелдік музыканттар мен ұжымдардың орындауындағы ұмытылмас концерттік бағдарламалармен қуантады. Сонымен 4 қарашада елордалық сахнаға Шымкент қалалық опера және балет театрының солистері Роберт Жеткербаев пен Маргарита Кин, сондай-ақ пианист Зәмзәгүл Бекбаулова шығады. «Махаббат музыкасы» кеші аясында әртістер Роберт Шуманның «Ақын махаббаты» топтамасын, Р.Шуман, Ф.Шуберт, Р.Штраустың әндері мен романстарын ұсынады. 

7 қарашада Ернар Мыңтаевтың жетекшілігіндегі Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті «Ғасырларға жалғасқан саяхат» концертімен өнер көрсетеді. Музыканттар Л.ван Бетховен, Ф.Шуберт, К.Дебюсси, Қ.Шілдебаев және А.Жайымның шығармаларын орындайды. 

«Давид Ойстрах: ХХ ғасырдың скрипка кемеңгері» концерті ұлы музыканттың 115 жылдығына арналады. Astana-Violin Х халықаралық скрипкашылар байқауы аясында 9 қарашада әлемдік жұлдыздар әрі танымал ұстаздар Захар Брон (Германия), Гернот Винишхофер (Австрия), Буй Конг Дуй, Ву Хуонг Виет (Вьетнам) және тағы басқалары скрипкада ойнау шеберліктерін паш етеді. 

17 қарашада I халықаралық пианистер мен фортепиано ансамбльдерінің «Шеберлікке жол» байқауының лауреаттары мен қазылар алқасының орындауында «Рояль поэзиясы» концерті өтеді. Кеш бағдарламасына отандық авторлар мен әлемдік классиктердің туындылары енді. 

19 қарашада театрдың бірінші скрипкасы Бағдат Әбілханов пен пианист Салтанат Әбілханова тыңдармандардың назарына «Шамшырақ жарығында орындалған музыка» топтамасынан «Вольфганг Амадей Моцарт» концертін ұсынады. 

Үрлемелі аспап музыканттары – «Астана Опера» оркестрінің солистері, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары мен білім алушылары 24 қарашада Flautissimo үрлемелі музыка кешінде өнер көрсетеді.

С.Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі кішкентай көрермендерге 25-26 қарашада қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Театрдың симфониялық оркестрін Руслан Баймурзин басқарады. Мәтін оқушылар – Сергей Матвеев, Төлеген Назарбеков.

28 қарашада «Астана Опера» опера труппасының солистері мен оркестр әртістері сахнаға тыңдармандар жақсы көретін «Bel Canto музыкалық салоны» топтамасындағы «Элегиялық көңіл күй» концерттік бағдарламасымен шығады. К.Байсейітова атындағы Камералық залда вокалистер Әсем Сембина, Артур Габдиев, Азат Мәлік, Ғалия Байғазинова, флейташы Балжан Сапарова, валторнашы Дархан Түзелбеков, скрипкашы Мақпал Бекмағамбетова, виолончельші Асқар Мұқанов өнер көрсетеді. Фортепиано партиясы – театрдың музыкалық кеңесшісі Раушан Бескембирова. 

Айдың соңында, яғни 30 қарашада белгілі пианист Тимур Урманчеевтің жетекшілігіндегі Forte Trio ҚР мемлекеттік триосы Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына «Естелік парақтары» вокалдық-аспаптық музыка концертін арнайды. Музыканттардың интерпретациясында №2 элегиялық триосы шырқалады. Сондай-ақ ұлы композитордың вокалдық туындыларын орындауға театр солистері Галина Чеплакова мен Медет Чотабаев қатысады. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?