Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстан музейіне перғауынның мумиясы әкеліне ме?

1469
Қазақстан музейіне перғауынның мумиясы әкеліне ме? - e-history.kz
Каирде V қазақстандық-мысырлық үкіметаралық комиссиясының сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық отырысы өтті

Өткен аптада Каирда қазақстандық-мысырлық сыртқы істер министрлікаралық кеңесі өтті.    

Келіссөздер барысында, екіжақты ынтымақтастықтың мәдениет саласындағы тарихи-мәдени мұра, спорт және туризм, білім беру, діни қызмет, сауда, өнеркәсіп, инвестициялар, энергетика, мұнай, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және фармацевтика, азаматтық авиацияның кең ауқымды мәселелері қаралды.

Тараптар, негізгі халықаралық және аймақтық проблемалар бойынша Астана мен Каирдің ұстанымдарының жақындығын анықтады және Таяу Шығыс өңіріндегі соңғы оқиғалар аясында,  халықаралық экстремизм және терроризмнің өсуіне алаңдаушылық білдірді. 

Қазақстандық делегацияны басқарған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Бұл Қазақстан мен Египет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту үшін, мемлекеттер арасындағы нақты және елдер арасындағы ауқымды өзара іс-қимылдар перспективаларын неғұрлым анықтау үшін маңызды іс-шара. Қазіргі кезде осы бағытта ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті болса – өзекті болады, бірақ соңғы жылдары даму қарқыны жоғары емес. Биылғы жылы біздің елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастар 25 жылға толды.

Осы жылдар бойы біздің елдеріміз арасындағы барлық салаларындағы диалогтың айтарлықтай кеңейюіне және нығайтуына қол жеткізілді.

Атап айтқанда, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту бойынша, сондай-ақ көпжақты өзара іс-қимыл саласында үлкен жұмыс атқарылды», - деп атап өтті.

Қазақстан мен Мысыр кандидатураларын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің уақытша мүшелігіне өзара қолдау туралы келісімдерін екі елдің сыртқы істер ведомстволары өкілдерінің растауы – келіссөздердің нәтижелері болып табылды.

Алдағы маусым айында, Астанада V әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі болатынын ескере отырып, дипломаттар дінаралық диалогты ілгерілету бойынша бірлескен күш-жігерлерін жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Қазақстандық тарап, штаб-пәтері Астанада орналасқан, БИЕ жанындағы азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымын құру жөніндегі мемлекет бастамасына қосылуға Мысырды шақырды.  

Кездесу барысында Мысырлық тарап, Астана қаласында өтетін, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысуын ресми түрде растады.

Осыған байланысты, тараптар Ежелгі Мысыр өнері туындыларын көрме аясында өткізуді қарастыратын мәселесін пысықтайды.  

ҚР мәдениет және спорт министрлігі Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Ежелгі Мысыр өнер туындыларын – экспонаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін сыйға беру туралы Мысырлық тарапының ұсынысын Қазақстан қолдайды.

Сондай-ақ, келешекте Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде әлемдік мәдениет жеке залын ашу жоспарлануда. Мысырда қазақстандық қалпына келтірушілердің, археологтар мен басқа да мамандардың біліктіліктерін арттыру курстарын өткізу бойынша мәселе қаралуда.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Мысыр дене шынықтыру және спорт саласында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ екі елдің арасындағы спорт федерацияларының ынтымақтастығын дамытуға келісті.

Каирде болған кезде, қазақстандық делегация Жоғарғы кеңестің АЕР ескерткіштер істері бойынша Бас хатшысы Мұстафа Әминмен кездесті, онымен Мысырдағы тұлғасы қазақстандық және мысырлық халықтарды байланыстыратын, маңызды тарихи буын болып табылатын,  Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, араб елдері, Орталық Азия мемлекеттері мен Әзірбайжан Республикасы ынтымақтастық және экономика бойынша Форумның қызметін белсендету. Кездесу соңында Каирдегі "Достық және еркіндік" саябағының аумағындағы Абай мүсініне барды және гүл шоқтары салтанатты түрде қойылды. Екіжақты кездесулер қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Мысырдың әр түрлі мекемелер мен ұйымдардың арасында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойды.

Махаббат БОЛЬШИНА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет. National Digital History порталына гиперсілтеме міндетті түрде берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі. – 111) 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?