Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ ӨЗ МІНДЕТІН АЯҚТАДЫ

2739
 «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ ӨЗ МІНДЕТІН АЯҚТАДЫ - e-history.kz
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған республикалық акциясын аяқталды

Бүгін, 2016 жылдың 14 желтоқсан күні Алматы қаласы теміржол вокзалында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» пойызы республикалық акциясының қорытындысын шығару салтанатты рәсімі өтуде деп хабарлайды National Digital History порталы «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, жастар және БАҚ қатысты.

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» пойызы 43 күн ішінде еліміздің барлық өңіріндегі 35 елді-мекенді аралады. Пойыз жұмысына барлық әлеуметтік топтар қамтылды, әсіресе халықтың әлеуметтік тұрғыдағы әлсіз топтарына, ҰОС ардагерлеріне, еліміздің шалғай елді-мекендерінің тұрғындарына ерекше назар аударылды. Республикалық акция Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздік жылдарында елдің қол жеткізген жетістіктерін паш ету, халық бірлігін нығайту, қоғамды ел дамуының негізгі басымдықтары айналасына шоғырландыру, халыққа медициналық, әлеуметтік, құқықтық қызметтер көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын қолдау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер ұйымдастыру мақсатында жүргізілді.

«Тәуелсіз Қазақстан» поезының акциясы барысында: - Қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдық қабылдауы жұмысында, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі лекция-танысытырылымдарда, семинар-тренингтерде 9,5 мың адам қатысты; - азаматтарға медициналық және консультативті-диагностикалық көмек көрсету мәселелері бойынша – 11,5 мыңнан астам адам; - әлеуметтік қызметтер, денсаулық сақтау, әділет органдары, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, білім мен ғылым, ақпарат пен телекоммуникациялар министрліктері өкілдерінің жергілікті халыққа консультациялық қызмет көрсету жұмысына – 63,5 мыңнан астам адам қатысты. «Тәуелсіз Қазақстан» поезының іс-шарасына қатысқан қатысушылардың жалпы саны 85 мың адам болды. Пойыз құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мәдениет және спорт, әлеуметтік сала қызметкерлері жұмыс жасады.

Пойыз іс-шараларының шеңберінде бейбітшілік пен келісім үлгісіне арналған кездесулер, халықтың әртүрлі топтарына арналған заңгерлердің, дәрігерлердің, аграрлық қызметкерлердің семинар-тренингтері, кеңестері, ҚХА қайырымдылық акциялары өткізілді: кітаптар топтамасын поезд бағытында орналасқан кітапханаларға беруді көздеген «Қазақстан халқы Ассамблеясының сыйы»; «Қайырымдылық керуені» - балалар үйі мен жасөспірімдер үйін аралау. «Тәуелсіздік тарихы – Ұлт рухының өлшемі»; «Мәңгiлiк Ел – Болашағы Біртұтас Елдің бiрыңғай рухани негiзi»; «Бейбітшілік пен келісім үлгісі – Қазақстан бренді»; «ҚХА – қоғамдық келісімді нығайтудағы бас медиатор» деген тақырыптық кездесулер мен таныстырылымдар өткізілді.

Озық шығармашылық ұжымдардың, Қазақстанның өнер шеберлерінің, сондай-ақ ел аймақтарының дарынды жастарының мерекелік концерттері ұйымдастырылды.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған: Гүлнұр Серікқызы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?