Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ыбырай салған сүре жол – ұрпаққа өнеге

2309
Ыбырай салған сүре жол – ұрпаққа өнеге - e-history.kz
Қазақ мектебінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің ұрпағымен жүздесіп, тілдесудің сәті түскенін тарихи күн деп атасақ та болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы толаулы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Ұлттық кітапханада қазақ педагогі – ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына байланысты Мерекелік іс-шаралар жоспары аясында «Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім» атты халықаралық конференция өткізді. 

Конференция мақсаты Алтынсариннің педагогтің мұрасын зерделеу бойынша тәжірибе алмасу және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде іске асыру. Елбасы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның болашағын «Мәңгілік Ел» идеясымен байланыстырғанда, алдыңғы орындардың біріне ұлттық тарихи санасын қояды. Ұлттың тарихи жады неғұрлым терең, тарихи санасының тамыры неғұрлым берік болған сайын әрбір адамның да, қоғамның да рухани әлемі кең де таза болады. Осы орайда тарихымызды тағы бір түгелдеп, қазақ білімінің алғашқы қоңырауын соққан Ыбырай Алтынсарин салған сүре жолдың бүгінде жалғасын тауып игі істердің атқарылып жатқаны қуантады.

Ұлы ағартушының 175 жылдық атаулы күніне орай ұйымдастырылған шараға арнайы алыстан атшаптырып, асылдың тұяғы Ыбырай бабамыздың шөбересі Амангелдинова Жұмакүл Байдабекқызы келіпті. Қазақ мектебінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің ұрпағымен жүздесіп, тілдесудің сәті түскенін тарихи күн деп атасақ та болады.

Өз кезегінде асылдың сынығы оның шығармалары білімге баулудан өзге иманды, шыншыл, жомарт болуға шақыра отырып, ойланып, сөйлеуге, кәсіпкерлікке, тазалыққа, әдептілікке, қанағатшылдыққа, әділдікке, жамандықтың өзінен жақсылық жасауға үндейді және тәрбиелейді дей келе Жұмакүл Байдабекқызы атасы қалдырып кеткен сүрелі еңбек пен өшпес білім мұрасының қазіргі таңдағы заманауи талапқа сай жаңашылдықпен үндесін тауып бүгінгі жас өрен санасына құйылып, Ыбырай қалдырған білім мен өмірлік тәжірибенің тарихи сабақтастық тауып жатқанына өз ризашылығын білдірді.

Бүгінгі танып, болашақты үшін өткенді тану қажет. Әсіресе, халқының қамын жеп, ұлтының ертеңіне қызмет еткен , ел тарихында аты мәңгі өшпейтін дара тұлғалардың тағылымға толы өмір жолынан үлгі-өнеге алу маңызды. Ұлтымыздың ізгі мұраттарының өткенін, бүгінгісін және келешегін жалғастыруда Ыбырай үлгісі ерекше.

Міне, осындай тарихи ізгі тәжірибе мен қазіргі игілікті прогресс тоғысында Ыбырай Алтынсариндей ұлы ағартушыларымыздың ұлттық тәрбие мен білімдегі тарихи орны әрқашан жоғары болады және келешек ұрпақтар үшін өзектілікті өнеге ретінде өмір сүре береді деп білеміз.

Сұхбаттасқан  Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?