Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әбілқайыр ханның ұрпақтары екені дәлелденді

3232
Әбілқайыр ханның ұрпақтары екені дәлелденді - e-history.kz
Генетика және цитология институтының ғалымдары жүргізген зерттеулер Роллан Қаратаев пен Амангелді Жангерейлердің Әбілқайыр ханның ұрпақтары екенін дәлелдеді

Y-хромосоманың атадан балаға берілетіні белгілі. Зерттеу барысында ханның тікелей ұрпақтарының ДНК-сы мен Әбілқайыр ханға туыс емес адамдардың ДНК-сы алынды. Генетикалық материалды зерттей келе, ғалымдар Әбілқайыр ханның Ү-ДНК-сының бірегей гаплотипін анықтаған.

Танымал тарихшы Серік Ажығалидің жетекшілімен қазақстандық ғалымдар 10-нан артық жылдан бері ұлы билеушінің жерленген жерін ізде жүр. Іздеу жұмыстары «Хан моласы» қорымы орналасқан Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында жүргізілді. 1300-ден астам адам жерленген жерден Әбілқайыр ханның да сүйегі табылды. Тарихи, генетикалық және антропологиялық зерттеулер нәтижесінде Әбілқайыр ханның бет бейнесі жасалды.

Әйтеке би ауданында оның сүйектері «Хан моласына» қайта жерленіп, зират басына құлпытас қойылды.

Үш стелла Әбілқайыр хан 1726-1730 жж. жоңғарларға қарсы күресте басын қосқан 3 жүздің белгісі.

Қаратаев Роллан (1939 ж.т.) – Ғали сұлтан - Қошқар сұлтан - Иман сұлтан - Тілеу сұлтан - Қаратай сұлтан - Нұралы хан - Әбілқайыр хан;

Жангереев Аманкелді (1949 ж.т.) – Сейіт сұлтан - Мәмбет сұлтан - Баймұхамед сұлтан - Айшуақ хан - Әбілқайыр хан.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?