Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Османлы сарай киімдері

4270
Османлы сарай киімдері - e-history.kz
Елордалықтар Түркі және Ислам мотивтері қолданылған топтамалы 40 киім үлгісін көріп тамашалады. Олардың арасында османлы киім үлгілерімен қоса бас киім және сол дәуірдің әшекей бұйымдары да бар

Астанада Түркияның еліміздегі  елшілігі, Астана қаласындағы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) бірлесе ұйымдастыруымен Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Түркия күндері» шарасы аясында атты іс-шара өтті.

Бауырлас екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың бірлігін нығайтқан рухани шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар, елшілік қызметкерлері, қала қонақтары мен қоғамдық ұйым қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

«Түркия күндері» шарасы аясында өткен «Османлы дәуіріндегі сарай киімдері дефилесін» Түркияның Адана Қыздар техникалық қол өнер училищесі арнайы дайындаған. Достық шарасы екі ел Тәуелсіздіктерінің атаулы мерейтойларына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының директоры Алмагүл Исина тілге тиек етті.

«Осман сарай киімдері көрсетіліміне қош, келдіңіздер. Үстіміздегі жыл Түркия Республикасының 93 жылдығы және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып отыр. Осы орайда екі бауырлас ел арасындағы Қазақ елінің тәуелсіздігін алғаш рет бауырлас ел Түркия елі мойындағанын тағы бір рет айтып өтсек, артық емес. Осы атаулы оқиғаға орай Түркияның Қазақстандағы елшілігі, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы бірлесе отырып, «Түркия күндерін» өткізіп отырмыз. Түркия күндері аясында Қазақстан-Түркия достық әуендері аталатын үлкен концерт ұйымдастырылды. Енді міне, Османлы дәуіріндегі сарайдағы киімдердің киім үлгілерін тамашалап отырмыз. Осы жоғарыда атап өткен іс-шаралардың барлығы Түркия және Қазақстан елдерінің тәуелсіздік мерекелеріне орай арналып отыр»,-деді А.Исина.

Елордалықтар  Түркі және Ислам мотивтері қолданылған топтамалы 40 киім үлгісін көріп тамашалады. Олардың арасында османлы киім үлгілерімен қоса бас киім және сол дәуірдің әшекей бұйымдары да бар.

Бүгінгі таңда Түркия елі текстил өнеркәсібі бойынша әлемде жетекші орындар қатарында. Түрік текстилі Османлы дәуірінде шарықтап дамыды. Шара барысынжда Адана Қыздар техникалық қол өнер училищесі Османлы киім үлгілерінің дизайны үшін Топкапы және Долмабахче сарайының мұражайларында зерттеулер жүргізген. Кейінірек осы мәліметтер мен ою-өрнектер сол дәуір назарға алына отырып, қазіргі заманға сай жаңартылған. Астана жұртына ұсынылатын топтама осылайша дүниеге келген.

Айта кету керек, аталған топтама бұдан бұрын Германия, Австрия, АҚШ, Португалия, Татарстан, Грекия, Алжир, Қытай, Голландия сияқты көптеген елдерде үлкен ықыласқа ие болған. Қазақстанда тұңғыш рет көрсетілетін топтама ұжымдық жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?