Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарихы терең Тараздан тағзым

2257
Тарихы терең Тараздан тағзым - e-history.kz
Жамбыл облысы өзінің мәдени және рухани мұрасымен бай, оның тарихи бірегейлігі Ұлы Жібек жолымен байланысты

ҚР Ұлттық музейінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қуатты өңір-қуатты Қазақстан» атты Жамбыл облысының мәдениет күндерін өткізуге облыс музейлер қорынан ұйымдастырылған «Тарихы терең Тараздан тағзым» атты көрменің салтанатты ашылуы болды. 

Жиында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай Тараз тарихының тым тереңнен басталатынын және онда құнды жәдігерлердің көптеп кездесетінін атап өтті. 

8f256b8c3b7bb23feda0a13b8f6e406b.jpg

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Тараз тарихымыздың темір қазығы» деп айтқан болатын. Көне тарих жайлы жазылған ескі жазбалар мен шежіреші тарихшылардың еңбектерінде Тараз жайлы талай құнды мәліметтер бар. Бұл – біздің халқымыздың тарихы тым көнеден тамыр алатынының куәсі. Сондықтан да мұндай өлкеде ұлттың рухани-мәдени өмірінен хабар беретін көптеген экспонаттарды табуға болады.Ұлттық музей өңірлердегі музейлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келе жатыр. Біздің «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» деген арнайы жобамыз бар. Сол жоба аясында еліміздің түпкір-түпкіріндегі әр түрлі музейлер келіп, Ұлттық музейде көрмелерін өткізеді. Ол көрмелер Ұлттық музейде 2 ай тұрады. Мұндай көрмелердің астаналықтар үшін де, бізге келетін шетелдік немесе қазақстандық қонақтар үшін де берері мол», – Д. Мыңбай.

Ал жамбылдық жазушы Елен Әлімжан: «Тараз музейінде ертедегі қауымдық дәуірдің жәдігерлерінен бастап, сақтардың, ғұндардың, түрік қағанатының экспонаттары мен күні бүгінге дейінгі мұралардың бәрі бар», – деді. 

a1cb755314fc7dfff94b8abe31cb64a4.jpg

Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары Жамбыл облысы музейлерінің материалдық және рухани мәдениетінің құнды жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік алып отыр. Көрмеде әлемдік маңызы бар бірегей жәдігерлер мен артефакттілер ұсынылған. Бұлар Тараз қаласында әр жылдары қазба жұмыстары нәтижесінде кезде табылған Жетітөбе обасының алтын бұйымдары (2012 ж), Айша бибі кесенесінің кірпіштері, қоладан, қыштан жасалған археологиялық заттар. 

Жамбыл облысы өзінің мәдени және рухани мұрасымен бай, оның тарихи бірегейлігі Ұлы Жібек жолымен байланысты. Ең құнды саманидтердің күміс монеталар қазынасы, түркі, қараханид, моңғол теңгелердің нумизматикалық топтамалары. 

c903cd41bf5c666c1ec8577538f46867.jpg

Сонымен қатар қазақ хандығының қалыптасуы кезеңіндегі әскери қару-жарақтарын ұсынады, Қазақ хандығы Жамбыл облысының Шу мен Талас өзендерінің аумағы Қозыбасы жерінде құрылған. 2015 жылғы қазан айында Қазақ хандығының 550-жылдығы Халықаралық деңгейде аталып өтті. 

«Қазақ халқының этномәдениеті мен тұрмысы» бөлімінде этнографиялық жинақтың ең жақсы үлгілері тек облыстық музейдің ғана емес, сондай-ақ, ІІД-нің музейі, Абай атындағы гуманитарлық колледжі, облыстағы аудандық музейлердің жәдігерлерінен, жеке топтамалардан жинақталған. Онда дәстүрлі музыкалық аспаптар, ағаш пен теріден жасалған ыдыстар, қазақтың ұлттық киімі, ұлттық зергерлік әшекей-бұйымдары қойылған. 

5e14dd1095415d1ba8645926f5b09445.jpg

Сондай-ақ, көрмеге Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының, Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің, терроризмге қарсы күресте, жанқиярлық ерлік көрсеткен жамбылдық оғлан Ғазиз Байтасов, III дәрежелі «Айбын» орденінің иегерлері Полат Аянқұлов және Жаксыбек Бексеитовтің жеке заттары мен құжаттары қойылады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?