Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумы өтеді

1807
«Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумы өтеді - e-history.kz
Түркі жазуы күніне орай ұйымдастырылған алқалы жиынның негізгі мақсаты: Ұлы Дала құндылықтарының адамзат өркениеті дамуындағы орны мен маңызын пайымдау

Түркі академиясы халықаралық ұйымы 23 мамыр күні Астана қаласында орналасқан Назарбаев орталығында (Еңбекшілер көшесі, 10) халықаралық «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумын өткізеді. 

Қазақстанда тұңғыш рет өткізілгелі отырған форумға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков, сондай-ақ әлемнің 20-ға жуық елінен мемлекет және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым басшылары, дипломаттар мен әйгілі ғалым-зерттеушілер қатысады. 

f56e8d1976802acdd9fb74240e537052.jpg

Түркітілдес елдер тәуелсіздіктерінің 25 жылдығы қарсаңында, Түркі жазуы күніне орай ұйымдастырылған алқалы жиынның негізгі мақсаты: Ұлы дала құндылықтарының адамзат өркениеті дамуындағы орны мен маңызын пайымдау. Сонымен қатар, қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдардың даму үрдістерін түркі әлемін зерттеу саласындағы тәжірибені жинақтап, идеялармен алмасу және іргелі бағыттарды анықтау көзделген. 

Айта кету керек, 4 панельді отырыстан тұратын халықаралық форум аясында көрнекті ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен танымал түркітанушы ғалымдарды TWESCO-ның арнайы алтын медальдерімен марапаттайды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?