1917 жылдың 20 қарашасында «Ресейдің және Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» Кеңес үкіметінің Үндеуі жарияланды.
Мұнда мұсылмандардың ұлттық және мәдени мекемелері, салттары, нанымдары азат және дербес құқықты боп жарияланды. «Енді сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз, салттарыңыз, нанымдарыңыз азат және дербес құқықты боп жарияланады.Ұлттық өміріңіз еркін және кедергісіз болады».