Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Талғатбек Әминов: Елбасы мақаласы тарихқа деген дұрыс ұстанымды көрсетеді

2082
Талғатбек Әминов: Елбасы мақаласы тарихқа деген дұрыс ұстанымды көрсетеді - e-history.kz
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Талғатбек Әминов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қа

«Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының кіріспесінде айтылғандай, біз өз отанымыз – Қазақ елі мен оның байырғы халқы – қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек. «Бұл - тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның түйінін шешуге мүмкіндік туады» - деген тұжырым Қазақстан тарихшыларына үлкен сенім, әрі міндет артады. Елбасының мақаласы отандық тарихты дамытудың жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсетеді. Бұл туынды Президентіміз айтып кеткендей, оның «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының тікелей жалғасы болып табылады. Сондықтан біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысуға міндеттіміз», - деді Талғатбек Әминов.

Тарихшының айтуынша, мақалада көтерілген мәселелер жан-жақты ой-елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондықтан Елбасының еңбегінде орын алған пікірлер мен ұсыныстарды тұтастай қолдай отырып, Мемлекет тарихы институтының ғалымдары республикалық және облыстық мұрағаттарды мұқият зерттеу арқылы Отан тарихын жергілікті материалдармен толықтыру бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстарын жандандыруға тиіс.

Осы орайда, тарихшы Елбасының мақаласын алдағы уақытта жүйелі түрде насихаттау мақсатында ғалымдардың қатысуымен республиканың мемлекеттік мекемелерінде, оқу орындары мен қоғамдық ұйымдарында кешенді іс-шаралар, атап айтсақ, ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, мәдени кештер, пікірсайыстар, кітап көрмелерін және т.б. ұйымдастыруды ұсынды.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?