Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алматыда Нобель сыйлығы лауреаттарының еңбектері ұсынылған кітапхана ашылды

536
Алматыда Нобель сыйлығы лауреаттарының еңбектері ұсынылған кітапхана ашылды - e-history.kz

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Бреттон-Вудс қорының қолдауымен бірегей кітапхана ашылды. Reinventing Bretton Woods Foundation қорының сыйға тартуымен құрылған кітапхана жинағында әлемнің жетекші ғалымдары ұсынған 2500 таңдаулы кітаптар, қолжазбалар мен мұрағат материалдары бар. Жоба корпоративтік Нобель фестивалінің қолдауымен және Центр Кредит Банкінің демеушілігінің арқасында жүзеге асырылып отыр.

"Біздің кітапхана – қоғамның дамуына, оның мәдениетіне үлес қосатын Гарвард, Стэнфорд, Кембридж кітапханаларының үлгісі бойынша бүкіл Орталық Азияның ғалымдары, докторанттары үшін ұжымдық пайдаланудың зияткерлік, білім беру және зерттеу орталығына айналады.Мұнда біздің ғалымдар мен студенттер зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін кең ғылыми қорды пайдалана алады" - деді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп.

Кітапхана - Нобель сыйлығының лауреаттары, әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері ұсынылған ұжымдық пайдалануға арналған Орталық Азиядағы алғашқы ағылшын-француз платформасы болмақ. Мақсаты – ғылым мен білім салаларының дамуына және ашық пікір алмасуға ықпал ету. Бұл платформа сирек кездесетін құнды материалдар мен заманауи ғылыми ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, Қазақстан мен Орталық Азияның жас ғалымдары үшін бірегей мүмкіндіктер береді.

Іс-шараға Reinventing Bretton Woods Foundation қорының атқарушы директоры және негізін қалаушы Марк Юзан; Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Орталық Азия бойынша директоры Озхан Хусейн; Халықаралық валюта қорының өкілі, Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия өңірлік әлеуетті дамыту орталығының басшысы Норберт Функе; Otranto Limited негізін қалаушы, цифрлық валюта сарапшысы Джон Велиссариос; ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі Бинур Жаленов; сондай-ақ түрлі сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып кітапханадағы құнды қолжазбалар мен тарихқа бай кітап қорымен танысты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?