1893 жылдың 25 қарашасы күні дат ғалымы Вильгельм Томсеннің ашқан жаңалығы күллі әлем ғалымдарының назарын Орта Азияға аударды. Бұл ұлы ғалымның руна ескерткіштерінің құпиясын ашқаны туралы жаңалық еді. Осылайша ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Орта Азия даласына жаппай ғылыми экспедициялар ағылып барып жатты. Осылайша күтпеген жерден Орталық азия даласы жаппай зерттеу ордасына айналып сала берді.
Оған дейін Орта Азияның әр жерінен табылып жатқан көне түрік бітіг жазулары ғылым әлемінде әлі де анықталмаған өркениеттерге телініп, өзге халықтардың төл мұрасы делініп келген болатын. Ол түсінікті 1893 жылдың 25 қарашасы күні дат ғалымы Вильгельм Томсен бұзды.
«Әлем ғалымдарының назарын Шығыс Түркістан өзіне аударды. 1902-1914 жылдары аралығында осы аймақта қазба жұмыстарын жүргізген Пруccия Академиясының жетістіктері басқа елдерге де әсер етіп, осы жылдары Ресей, Ұлы Британия, Франция елдері Шығыс Түркістанға бірнеше ғылыми экспедицияларын аттандырды. Бұл экспедициялар барысында Қытай еліне қарасты Турфан, Дунхуан аймақтарында көптеген қала орындары мен көне тұрақтар табылып осы жерлерде археологиялық қазбалар жүргізілді. Діни рәсімдерге арналған тау бөктерлеріне ойылған үңгірлер табылды. Аталмыш жерлерден көптеген қолжазбалар, қыш тақтайшалар, ағаш тақтайшаларға жазылған мәтіндер, үңір қабырғаларына жазылған жазбалар, қабырға суреттері табылды», - дейді Түрколог-ғалым Талғат Молдабай.
Арнайы экспедициялар барысында тың археологиялық жәдігерлер көптеген жазба ескерткіштер табылды. Сонымен қатар түрлі қабырға суреттер, құнды қолжазбалар табылған еді. Олардың барлығын зерттеуші ғалымдар шашау шығармай жинап, жәдігерлердің барлығын қаттап, ғылыми айналымға қосты. Бүгінде олардың барлығы да Париж, Лондон, Берлин және Санкт-Петербург секілді қалалардағы музейлер мен архивтерде баға жетпес құнды мұра ретінде сақтаулы тұр.
Бұл жәдігерлердің денін ғалымы А. Грюнведел жинақтады. Содан кейін батыс мұражайларына апарып құнды мұралар ретінде апарып қойылған көні түрік мұраларының біразын мажар ғалымы А. Лекок апарып табыстады. Осылайша 1902-1914 жылдары аралығында Германияға сегіз мыңға жуық мұра жинағы жеткізілді. Бұл қор «Турфан жинағы» деген атаумен сақталып тұр», - дейді зерттеуші.
Қазіргі таңда шетелдік мұражайларда сақталып қалған осындай баға жетпес мұралардың бірі - «Латафат-нама» қолжазбасы.
Кітаптың ресми атауы - Латафат-нама деп аталады. Авторы - Қожанды деген адам.
«1982 жылы Уланбатор қаласында Моңғолтанушы әлем ғалымдарының симпозиумы болып өткені белгілі. Оған белгілі түріктанушы ғалым ағамыз Қаржаубай Сартқожаұлы қатысқан еді. Сол сапарында ағамызға сонау Ауған елінен келген Хамами деген профессор жолығып, Кабул мұражайындағы мұрағаттар арасында көне түркі дүниесіне қатысты «Латафат-нама» атты қолжазба туралы ақпарат берген. Кейін 1983 жылы Ауғанстанға барған орыс әскерлерінің бірі арқылы Қаржаубай ағамыз сол қолжазбаның фото-нұсқасын қолына түсіреді.
«Қолжазбаны көшіріп хатқа түсірген адам ретінде Абубекир Бағлани деген есім көрсетілген. Ал кітаптың ішкі мазмұны суфизм жайлы әрі сол замандағы медицина туралы», - дейді Талғат Молдабай.
Хожандидің «Латафат-намасының» әлемдегі жалғыз нұсқасы Британиядағы музейде сақталып келген еді.
No7914 номерімен тіркелген.
Тіркеу журналының саны142-157.
Аталмыш қолжазба Герат қаласында араб алфавитіне көшірілген. Шамамен 914/1509 жылдары.
Ал Қаржаубай Сартқожнаның қолына түсіп отырған бұл қолжазба «Латафат-намасының» екінші нұсқасы болып отыр.«Ауғанстанның астанасындағы Қабул музейінің кітапханасынан табылған бұл нұсқа 893/1488 жылы қайта хатқа түскен. Ұйғыр жазуына көшірілген. Кейін аталмыш қолжазба Отырар кітапханасына өткізілді. Қаржаубай Сартқожаұлының үлкен еңбегі мен қажыр-қайратының арқасында қолға тиіп отырған бұл еңбек әл-Хорезмидің «Махаббат-нама» шығармасына еліктеп жазылған. Сол секілді Хожандидің өмірі жайлы да ақпарат аз. Хожандидің қазіргі Тәжікстан аумағындағы Ленинабад қаласында тұрған тұрғын дегеннен басқа ақпарат тұщымды жоқ», - деп жазған өзінің «Қазақ жазуы мәдениетінің бастаулары» атты еңбегінде.
Автордың айтуынша, Отырар кітапханасында тұрған бұл «Латафат-нама» қолжазбасы 56 беттен тұрады. Ұзын-саны 313 жолдан тұратын шумақтардан құралған. Басында айтып өткеніміздей, шығармада автор өзі туралы баяндайды.
Автордың есімі немесе лақап аты шығарманың бірнеше жерінде ғана кездеседі және оның немесе оның отбасының Ходжандиде (Ходжанди: қазіргі Тәжікстандағы Ленинабад қаласы) туылғаны туралы да ақпарат аз. Жалғыз ғана дерек Әлішер Науаида кездеседі. Бірақ онда да Ходжандидің кім екендігі оның түрік тектілігі туралы мәліметтердің жоқтығынан, «Межалисүн-нефайыстағы» деректер еш дәлелденбеген. Алайда ол «Межалисүн-нефайыста» «Латафат-наменің» авторы Сейед Ахмет Мырза деп көрсеткен. Шындығында, шығарманың Сейед Ахмет Мырзаның туындысы болғанымен, аты «Тәшсұқ-нама» екенін дәлелдеу керек. «Латафат-нама» секілді жанры жағынан «Дах-намаға» жақын, «Махаббат-наманың» ықпалымен жазылған. Бұл еңбек 839/1436 жылы жазылған және Шахрухқа арналған Әмір Заде және Махмуд Тархан сияқты есімдер «Латафатнамаға» біраз шатастыруды қосады. Шығарма шамамен 14-ші ғасырдың аяғы - 15-ші ғасырдың басында жазылған.
«Латафат-наманың» жалғыз көшірмесі Британ мұражайында бар және ол 914/1509 жылы Гератта көшірілген. Екінші данасы ұйғыр әліпбиімен жазылған (нұсқасы Кабул мұражайында). Көшірме қазіргі таңда Отырар кітапханасында сақтаулы. Бұл қолжазба өте көне әрі сирек қолжазбалардың бірі. Бұл жаңалықтың басты маңыздылығы сол дәуірге байланысты. Бұл жаңалықтың тағы бір маңыздылығы қолжазбаның көшірілген уақытында. Түрік жазбаларын Ұйғыр алфавитіне көшіріп жазу дәстүрі 835/1431 жылдан басталады. Әрі оны атақты Әмір Жалаладдиннің бастаған», - дейді ол.
Сол кезеңдерде Манихей, Будизм, Христиандық Несториян діндерінің көптеген шығармалары түрік тіліне аударылып ұйғыр жазуымен хатталды. Тек діни шығармалармен шектелмей, әдебиет, күнделікті тұрмұстық хаттар, іс қағаздары, емшілік қолжазбалары сияқты тұрмыстың түрлі салаларын қамтыған.
Транскрипциясы:
62 zihī ṣāḥıb-ḳırān arslan yüreklig ma῾ānī meclisi içre kėreklig
63 saḫāvet bābıda çün ḥātem-i ṭay şecā῾at milkide çün kāvus-ı key
64 qilıčıŋ haybatıdın rustam-i zäl qilıp dur dunyıda gör ičrä inzäl
65 ğihän tındı seniŋ ‘adlıŋ küčündin yašın yašğar qiličınıŋ ııčındın
66 sahävat mulkidä sähib-qadam sen latäfat ma’danı kän-i karam sen
67 begim ‘adlıŋ qamuğ ‘älamğa toldı quyaš yaŋlıg sıfätıŋ ğilva boldı
68 ğamälıŋ ‘aksıdın hursed alur nür atıŋ boldı qamuğ ‘älamda mašhür
69 bulut ičrä yašundı ay yüzüŋdin šakar sızdı qamiš ičrä sözüŋdin
70 quyaš yüzüŋ körüp yergä yıqıldı adaqıŋ toprağını sürmä qıldı
71 falak bašı bilä evrülsä miŋ yıl seniŋ teg qılmağay dunyada häsıl
72 hirad šatranğını uttuŋ ğihändın seniŋ lutfuŋ bila toldı ğihän din
73 ma’äni ičrä šähım qıl yarar sen ağunda har ne qılsaŋ qıl yarar sen
74 söz aymaq siz bigin dänä qatında quduq qazmaq irür daryä qatında
75 valikin mür keltürdi yaraqın sulaymänğa čevürgeniŋ ayagın
76 sulayman teg erür ğah u ğamälıŋ huğandi teg za’if bulsun ğamaliŋ
Аудармасы:
62 Арыстан жүректі қаһраманның, өлең мәжілісіне керек болғаны, қандай қуанышты!
63 Ол жомарттықпен Хатеми Тай, баһадүрлік мүлкінде Кейкабус сияқты.
64 Қылышының қорқынышынан Зал ұлы Рүстем бұл дүниеден ол дүниеге өтті.
65 Әділеттің күшімен барлық әлемді азат етті, қылышының жүзінде найзағай ойнады.
66 Жомарттық мүлкіңде бақыт қонғансың, әдеміліктің кені, жақсылықтың теңізісің.
67 Мырзам, әділдігің барлық әлемді толтырды, болмысың күн сияқты жарқырады.
68 Күн жүзіңде жарқырап шағылысты, атың барлық әлемге машһүр болды.
69 Ай сенің жүзіңнен ұялып, бұлтқа тығылды, сөзіңмен қаламнан бал ақты.
70 Күн жүзіңді көргенде жерге енді; аяғыңның астындағы топрақты көзіне қына қылып жақты.
71 Фелек күнімен мың жыл айналса да сен сияқтыны тудыра алмас.
72 Әділдік бойынша қылды қырық жарарсың, әлемде не жасасаң да пайдалы боларсың.
73 Сен сияқты білімдінің алдында сөз айту, теңіз жағасында құдық қазған сияқты.
74 Бірақ құмырысқа жаяу Сүлейменге шегірткенің аяғын әкелді.
76 Ұлылығыңның дәрежесі Сүлеймендікі сияқты, жүзіңнің сұлулығы аяқ астында қалмас.
Ұйғыр жазуы демекші, ортағасырларда түріктер үш түрлі ұйғыр жазуы нұсқасын қолданған.
Біріншісі, дәстүрлі соғды жазуына негізделген жазу нұсқасы болса, екіншісі, көне ұйғыр тілі фонологиясына негізделген көне ұйғыр жазуы еді. Ал үшіншісі, ислам дәуірі ұйғыр жазуы немесе Ұйғыр-Моңғол жазуы деп аталды.
Автордың айтуынша, көне ұйғыр жазуы автохтонды негізді жазу емес, басқаларынан алынып, бейімделген жазу.
«Ендеше бұл жазудың шығу тегі аталмыш этноспен ешқандай байланысы жоқ. Тек бейімделген жазу ретінде түрік халықтарының тілі мен әдебиетінің қалыптасуына көп жылдар қызмет жазап, жазба әдебиетінің қалыптасуында үлкен үлесі бар екенін атам өтеміз. Көне ұйғыр жазуы Соғды жазуы негізінде қалыптасқанмен жазу көне ұйғыр тілінің ерекшелігін бойына сіңіре отырып жүйеленген жазу. Өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы соғды жазуында сөз басында дауысты дыбыстар «елиф» яғни, а әрібімен бірге жазылған. Ал көне ұйғыр тілінде бұл ереже қолданыстан шығып, o, ö, u, ü дауыстылары тек бір «уау» яғни, у таңбасымен, ı, i тек «йе» яғни, и таңбасымен берілген. Жалпы көне ұйғыр жазуында барлығы 14 әріп таңбасы бар деп көрсетілген. Дегенмен басты бірнеше әріп таңбалары көне ұйғыр жазуының негізгі таңбаларын құрап, осы әріптер негізінде басқа дыбысталуы жақын әріптер де кейде қос нүкте немесе сызық қосу арқылы түлеп отырған. Осылайша әріптер саны артқан. Мысалы, b мен p дыбыстары, ç мен c дыбыстары, j мен z дыбыстары, k мен g дыбыстары бір әріп таңбасымен таңбаланған. Яғни, соғды жазуындағы дауыссыз дыбыстар таңбалары көне ұйғыр тілі үшін жеткіліксіз болғандығы анық. Сол үшін ұқсас дыбыс таңбаларын бір таңбаға қосымша нүктелер мен сызықтар қосу арқылы шешуге тырысқан.
Дегенмен көне ұйғыр жазуының осыншама мәселелеріне қарамастан түрік халқының мәдениетіндегі орны ерекше. Себебі, ұйғыр қағанаты көшпелі мәдениет пен отырықшылықтың синтезі негізінде 252 ерекше бір мәдени үрдіс қалыптастырды. Осы мәдени үрдіс түгел түрік жұртына өзіндік әсерін тигізді. Отырықшылық мәдениеті, қала мәдениеті, дін еркіндігі сияқты мәселелер ұйғыр қағанаты тұсында дәуірлеп, көшпелілер мәдениетіне жаңа леп әкелді. Жаңа таным (дүниетаным), жаңа өмір стилі тіл мен әдебиетке де әсер етіп, жазба әдебиеті қалыптасты. Көне ұйғыр жазуы түрік жұртына шамамен бес, алты ғасыр қызмет жасады. Жазу – мәдениеттің маңызды бір бөлшегі ретінде адамзаттың бүкіл мәдени дамуымен тығыз байланысты. Ендеше, оның адамзат тарихының басқа да жетістіктерімен қатар ерте заманнан бастап маңызы рөл атқаруы заңды. Ежелгі Батыс Азия мен Египет адамзат мәдениетінің және жазу мәдениетінің дамуында ерекше маңызға ие. Бұл екі аймақ адамзатқа алғашқы жазу – сына жазуын (клинопись) және мысыр иероглиф жазуын берді. Кейіннен дәл осы аймақта семит алфавитті жазуы қалыптасып, кейіннен дауыссыз дыбысқа негізделген олқылығына қарамастан, алфавиттік жазуға бейімделіп грек және латын жазуы түрінде барлық әлем жазуына әсер етті. Дәл осы жазулар қазіргі қолданылып жүрген көптеген жазулардың атасы болып саналады. Дегенмен Еуропа құрлығындағы мәдениеттер жазудың дамуына үлес қосқанмен жаңа жазудың шығуында Ежелгі Батыс Азия мен Египет аймағынан қалып қойды.
Бұл аймақтан шыққан жазулармен тек қытай жазуы ғана бәсекеге түсе алар еді. Басқа аймақтардан шыққан жазулардың болғандығына қарамастан бұл жазулардың әлем жазу тарихы тұрғысындағы үлесі өте төмен болды. Сол себепті, жазу тарихындағы ең маңызды аймақ ретінде біз осы Ежелгі Батыс Азия мен Египетті атай аламыз», - дейді ол.