Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін - Ұлттық Ұлан әскерінің құрылған күні

100
Бүгін - Ұлттық Ұлан әскерінің құрылған күні - e-history.kz

Осыдан тура 33 жыл бұрын 1992 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері құрылып, 2014 жылғы 21 сәуірде олар Ұлттық ұлан болып қайта құрылды. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы — Қазақстан ішкі істер органдарының біртұтас жүйесіне кіретін құқық қорғау функциялары бар әскери құрама. Ұлттық ұлан (ҚР ҰҰ) жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған.

Міндеттері

маңызды мемлекеттiк объектiлердi және арнайы жүктердi күзету;

ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қорғауға, жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдай мен соғыс жағдайының, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимдерін қамтамасыз етуге қатысу, осы операцияға, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларға қатысу;

сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін, толық қауіпсіз мекемелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзету;

Ұлттық ұлан күзететін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың мінез-құлқын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру;

соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;

Қазақстан Республикасының аумағында қарулы қылмыскерлерді залалсыздандыру, заңсыз әскерилендірілген немесе қаруланған құралымдар (топтар), ұйымдасқан қылмыстық топтар (қоғамдастықтар) әрекетін тоқтату жөніндегі арнайы операцияларға қатысу;

ауыр және аса ауыр қылмыстардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесуге қатысу және тайталасушы тараптарды ажырату; 

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау. 

P.SҚазір Ұлттық Ұланда 13 мың 500-ге жуық әскер мерзімді қызмет атқарады. Оларға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігі және қарулы қақтығыстарды болдырмау сынды маңызды міндеттер жүктелген.

Өткен бір жылда жасақтың кинолог мамандары мен қызметтік иттер 100-ден астам із-кесу оқиғаларына жұмылдырылды. Қызметтік иттер көмегімен 40 келіден астам есірткі, 1,2 келі жарылғыш зат, 74 оқдәрі, 15 атыс және суық қаруы табылды. 81 қылмыс ашылып, 69 қоғамдық тәртіп бұзушы ұсталды.

Ұлттық Ұлан қатарындағы қызмет ел алдындағы борышты өтеумен ғана шектелмейді. Биыл мерзімді қызметін аяқтаған 627 әскери қызметшіге жоғары оқу орындарынан білім гранттары берілсе, тағы 500-ге жуық сарбаз келісім-шарт негізінде қызметін жалғастырады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?