Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Генерал-полковник Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы

3346
Генерал-полковник Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы - e-history.kz
Алдынан айтып өтейін, мен үшін бұл тарихи сәт болды. Алғаш рет талай жоғары лауазымда отырған небір мықты генералдар мен офицерлердің сұраққа жауап таппай бастары төмен салбырап тұрғанын көрдім

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 25 жылдығын атап өтеді. Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1992 жылы 7 мамырда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сай дербес әскеріміз құрылды. Тәуелсіз еліміздің құрыш қалқанына айналған төл әскері 25 жылда талай белестерді бағындырды. El.kz интернет жобасы 7 мамыр – Отан қорғашылар күні мерекесі қарсаңында Қарулы Күштердің 25 жылдығына арнап, «Қарулы Күштер генералдары» атты жаңа жобасын бастады. Қарулы Күштеріміз бен айбынды әскерлеріміздің өсіп-өркендеуіне, нығаюна үлес қосқан генералдар туралы естелік мақалалар ұсынамыз. Мақалалардың авторы белгілі әскери журналист Сәндібай Күмісбеков.

Генерал-полковник Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы

Өмірбаян беттерінен

1939-шы жылы 6-шы қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. 1963-ші жылы Қазақ мемлекеттік университетін, кейіннен мемлекеттік университетін, кейіннен Минск қаласында КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мектебін, КСРО Сыртқы істер минстрлігі жоғары дипломатиялық мектебін бітірген. Қытай және ағылшын тілдерін меңгерген. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қауіпсіздік саласында бірқатар жауапты қызметтер атқарған. Қызмет бабымен шет елдерде жұмыс істеген. ҚР Ұлттық қаууіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің күзет қызметі бастығы, Республикалық Ұлан қолбасшысы, Қорғаныс министрі лауазымдарын абыроймен атқарды. Елбасы кеңесшісі болды. «Даңқ» ордені және көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Жаңа Қорғаныс минстрі бірер күннен кейін тағайындалды. Әскери тақырыпта жазып жүрген журналистер кімнің бірінші басшы болатыны тұрғысында түрлі болжамдар жасадық. Бұл іске журналистерді жіберіңіз. Аргументтерімізді ортаға салдық, тіпті бәс тіккендей болдық. Газетіміздің фототілшісі Қуан аға «Енді қалай болар екен, алғашқы қадамын неден бастар екен» деп, шамалы сұраулы, таңырқау кейіпте болғанымыз да жасырын емес. Көп ұзамай оған өзіміз де куә болдық.

Қорғаныс минстрлігі Әскери алқа жиыны өткізілді. Қорғаныс ведомствосының аталған айтулы шарасына қатысу «бақыты» сирек бұйыратын кез, жаңалықты, жалпы ахуалды фототілшіден немесе бас редактордан естіп білетінбіз. Бұл жолы сәтін салып, бұрын-соңды болмаған (мен үшін, әрине) жиынның барысын толықтай байқауға мүмкіндік болды. Алдынан айтып өтейін, мен үшін бұл тарихи сәт болды. Алғаш рет талай жоғары лауазымда отырған небір мықты генералдар мен офицерлердің сұраққа жауап таппай бастары төмен салбырап тұрғанын көрдім. Министрдің көтерген өткір мәселелері бірталай болды. Десе де, қайсыбір жауапты қызметтегі офицерлердің әскери атақ алу аралығының жиілігіне қатысты түсінбеушілігі күні бүгінге дейін жадымда. «8 жылда майор, подполковник, полковник тәрізді 3 бірдей жоғары әскери атақ, оның екеуі мерзімінен бұрын... Бұны қалай түсінуге болады. Тарихтан бір ғана адамды білемін, ғарышқа аға лейтенант болып ұшып, қонғанда майор болған. Ол – Гагарин. Оны түсінемін. Ал бұлар қандай ерлік жасады» - дегені бар. Зілмен айтылған бұл сөздер талай басшыларға «соңғы қоңырау» болғанын кейіннен түсіндік.

Тұрақтылық пен тиянақтылықты талап ететін Ұлттық қауіпсіздік ұзақ жылдар жемісті қызмет еткен майталман маманнан басқаны күту де қиын еді. Сәт Бесімбайұлы қорғаныс саласындағы шешімін күткен бірқатар өзекті проблемалардың жауабын іздестіргені айдан анық еді. Қол жеткізе алды ма, деген сұраққа өз басым қанағаттанарлықтай жауап берер едім.

Ұзақ жылдар Республикалық Ұланда қызмет еткен жақын досым нәрестелі болып, есімін Сәт деп атады. Әдемі есім екені өзінше, аталмыш әскери құрлымның Қолбасшысы болған генералдың да оң ықпалы бар деп білемін. Өзі де жасырмайды, қайта мақтан тұтады. Қарамағында қызмет еткен офицерлер тарапынан көрсетілген құрмет емес кім айта алады.

Сәндібай КҮМІСБЕКОВ

El.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?