Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Авиация генерал-лейтенанты Орманбетов Нұрлан Секенұлы

3054
Авиация генерал-лейтенанты Орманбетов Нұрлан Секенұлы - e-history.kz
Офицерлік қызмет жолын Одесса әскери округіне қарасты бөлімдерде бастаған. Солтүстік әскерлер тобында авиациялық эcкадрилия командирінің орынбасарына дейін көтерілген

Өмірбаян беттерінен

1962-ші жылы 12-ші қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1983-ші жылы Харьков жоғары әскери авиация училищесін, 1996-шы жылы Гагарин атындағы Әскери академияны, 2010-шы жылы РФ ҚК Бас штабы әскери академиясын тамамдаған. Офицерлік қызмет жолын Одесса әскери округіне қарасты бөлімдерде бастаған. Солтүстік әскерлер тобында авиациялық эcкадрилия командирінің орынбасарына дейін көтерілген. Әскери ұшқыш ретінде барлық жауапты қызметтерден өткен. Төл әскерімізде полк командирі, бірқатар жауапты қызметтер атқарған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы. Бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған. Үш баланың әкесі.

Әскери ұшқыштарды құрметтеймін. Бала күнімнен. Күн демей, түн демей Аякөздің аспанында дауысы жер жарар жауынгерлік ұшақтардың дамылсыз ұшқанын көріп өскендіктен болар. Мүмкін, екі жарым метр ғана биіктігі бар қораның төбесінен малға шөп түсіргенде басым айналып, басы айналмайтындарға қызығушылықпен қарағанымнан болар. Олар әлдеқайда ержүрек көрінгендіктен. Мүмкін, өзім-өз болып алғашқы оқыған орысша кітабым Борис Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз» повесі болғандықтан. Қалай болғанда да, әскери ұшқыштарға бүйрегім бұрып тұрды. Әскери ортаға түсіп, ұшқыштармен етене араласып, жақыннан тани бастағанда, бұл құрметім еселене түсті. Стандарттан «шамалы шығып» тұрғанды жақтайтын жаным үшін «авиацияда тәртіп жоқ, жерде жарғы жазылып жатқанда авиация әлдеқашан әуеде болған» деген афоризмді естігенде құрметім толықтай және түбегейлі қалыптасты.

Осы бір аса құрметті әскер түрінің өкілі – генерал Орманбетовті де сыйлаймын. Рас, сырттай. Әскери журналистік жолымда генералмен жақын жүздесудің реті келмеген екен. Есесіне, қазіргі көршілерімнің айтарлықтай бөлігі генералдың тікелей қоластындағы бөлімдерде қызмет еткен немесе ететін мейірімді жандар. Тіпті, генералға күнделікті құжаттар енгізетін жауапты орындаушы да бар. Ешқайсысының аузынан генералға қатысты жартылай болса да жаман сөз естіген жоқпын. Кейде кәсіби қызығушылықпен әңгіме арасында «қалай» деп сұрап қаламын. Жауап «білімді, қарапайым, мейірімді, бірқалыпты, сабырлы тиянақты, әділ» деген анықтауыш сөздермен көмкерілген мінездемеге сабақтасады. Халық айтса қалт айтпайды, демек, дәл солай болғаны деп қабылдаймын.

Қолыма кейінгі жылдары шыққан «Жақсының аты қалар жарқыраған» деген кітап түсті. Генералдың атасы туралы жазылған екен. Тегін адам туралы кітап жазбайды. Қоғамға сіңірген еңбегі, халыққа жасаған жақсылығы жан-жақты баяндалған. Жиырмасыншы ғасырда қазақ халқы тілінен, дінінен айырылып, жер бетінен жоғалып кетудің аз-ақ алдында болды ғой. Саяси төңкерістер, ашаршылық, соғыс тәрізді нәубеттер өзінше. «мың өліп, мың тірілген» қазақ бұл сынды да басынан өткерді. Сол бір қиыншылықты жеңе білген батыр ұрпақ өкілі жайында. Генералға да қатысты шамалы мағлұмат бар. Жоғарыда айтылған мінездемені айғақтайды және толықтырады. Тектіліктің иісі сезілетіндей.

Жоғары пилотаж фигураларының арасында «Кобра» деп аталатыны бар. Тік көтерілуге негізделген фигура. Тәжірибелі ұшқыш қызмет жолында да осындай фигураны орындап, лауазымы өсіп жатса таң қалмаймын.    

Сәндібай КҮМІСБЕКОВ

El.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?