Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Мұқанның мәңгілік мұрасы

1892
Мұқанның мәңгілік мұрасы - e-history.kz

Сурет: adebiportal.kz

Күні кеше Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Симфониялық оркестрі, Камералық хоры, “Қорқыт” дәстүрлі саз тобы, классикалық вокал бөлімі және филармония дәстүрлі әншілері қазақтың көрнекті композиторы Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына арналған «Мұқанның мәңгілік мұрасы» атты концертін ұсынды. 

Мұқан Төлебаевтың опералары, оркестрлік және вокалды-симфониялық шығармалары, камералық-аспаптық пьесалары, әндері мен романстары музыка тілінің шыншылдығымен және өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді. Шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, ұлттық бояуы қанық. Қазақ кемеңгерінің музыкасы эмоционалды, терең және ұлттық нақышқа толы. Мұқан Төлебаевтың шығармалары 110 жылдық мерейтойы жылында тың, жарқын естіледі және ғасыр өтсе де жаңғыра бермек. 

КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаев қазақ музыка өнерінде өшпес із қалдырды. Оның мұрасы – қазақ кәсіби музыкасының алып шыңы. Композитордың шығармашылық қоржынында әртүрлі жанрдағы жүзден астам шығармалар бар: опералар, симфониялық оркестрге арналған увертюралар мен фантазиялар, драмалық спектакльдер мен фильмдерге арналған музыкалар, романстар, әндер, хор және фортепианолық шығармалар.

Шығармашылық мол мұра қалдырған ұлы композитордың рухына тағзым ету – маэстроның музыка саласындағы ізбасарларының ғана емес, ұлттың ұлы борышы.

Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Симфониялық оркестрінің концертінде «Қазақстан» симфониялық поэмасы, «Менің Қазақстаным», «Бақыт вальсі», «Тос мені тос», «Кестелі орамал», «Толғау», «Мереке би», «Той» симфониялық картинасы, «Біржан сал» операсынан Сараның ариясы және т.б. туындылары орындалды.

Кеш солистері – халықаралық байқаулардың лауреаттары Шахризада Тыныштық, Қуаныш Белал, Сәулежан Тағзия, Алмат Ізбамбетов, Әйгерім Аманжолова, Алтынбек Арыстанбек, Талғат Аллабиринов, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтырғұзов.

Концерт дирижері Симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, маэстро Әділ Бестембеков болды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?