Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның кәсіби Парламентінің қалыптасуы

2822
Қазақстанның кәсіби Парламентінің қалыптасуы  - e-history.kz
Кәсіби парламентизмнің тарихын 1995 жылдан бастап есептейтін сарапшылардың пікірінше, бұл саяси додаға 10 саяси партия қатысқан

Кәсіби тұрғыдан кемелдене түскен Қазақстанның қос палаталы Парламентінің 1996 жылғы 30 қаңтарда өткен алғашқы мәжілісінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «...Біз Қазақстанның шынайы, өркениетті парламентаризмінің мөлдір бастауында тұрмыз» деп атап көрсетті. 

Жаңа ғасырға аяқ басар тұста Қазақстан Республикасының Конституциясында елеулі өзгерістер орын алды. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде жаңадан қалыптасқан Парламент Мәжілісіне сайлау өтті. Парламентизм тарихында алғаш рет саяси партияларға тең өкілеттік беріліп, партиялық тізім бойынша Мәжіліске сайлану мүмкіндігін берді. Екі ғасырдың алмасу сәтіндегі бұл маңызды оқиғадан аталған сайлау парламенттік үлгідегі саяси партиялар құру процесін ынталандырды және оның саяси мән-маңызы, баламалы түрде өтуі айқын аңғарылды. 

34ab7ffcf6516d424d0951d180052159.jpg

1999 жылы саясаткерлер партия құру жұмыстарына белсенді араласа бастады. 1998 жылы күзде заңнамаға жаңадан енгізілген өзгертулерге сәйкес, енді парламентке партиялық тізім бойынша да өту тәртібі белгіленді. Соның негізінде елімізде бірнеше партиялар құрылып, олардың үгіт-насихат жұмыстары жандана түсті. 

Бастауыш партияның құрылуы

1999 жылы қаңтарда «Отан» партиясы құрылды. «Отанның» мақсат-міндеті билік жұмыстарына өте ұқсас болды, оның өкілдері өздеріне мемлекетшіл тұлғалар ретінде көрсетті. Жаңа партия жоқ жерден пайда болған жоқ: Қазақстанда 90 жылдардың басынан бастап құрылған және өздеріне билікшіл екендігін жасырмайтын ұйымдардың негізінде өмірге келді. Партия басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. 

«Отан» партиясынан кейін Қазақстанның саясат сахнасына алғаш рет салалық партиялар легі шықты. Олар: ел өндірісінің мүддесін қорғаушы деп өздері есептеген Азаматтық партия және ауыл шаруашылығы саласындағылардың басын біріктірген Аграрлық партия. Аталған екі партия да салық заңнамасына өзгерістер мен толықтыру енгізуді, өндірістер мен ауыл шаруашылғының қарышты дамуы үшін қажетті мүмкіндіктер туғызуды көздеп мәлімдеме жасады. Бір қызығы, «Отан» партиясының төрағасы болып отырғанына қарамастан, бұл екі партия басшылыққа Президент Н. Назарбаевты ұсынып жариялады. 

Партиялар теңдігі 

Кәсіби парламентизмнің тарихын 1995 жылдан бастап есептейтін сарапшылардың пікірінше, бұл саяси додаға 10 саяси партия қатысқан. Жалпы сайлау барысында сол кезеңде Қазақстан саясатында бұрын-соңды болмаған кандидаттар саны  орташа есеппен бір орынға сегіз адам тіркелді. Жеті проценттік өлшемді еңсерген төрт партия — «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік партияның өкілдері Парламент Мәжілісінің орындығына жайғасты. 

61b9bf2fddbd79cb68f9c638d1695ecb.jpg

Парламент қабырғасына келген партия өкілдерінің мамандықтары мен білімі бойынша жасалған статистикалық мәлімет былайша көрсетілген: «Сайланған депуттар қатарында 8-і – нәзік жандылар. Екінші шақырылым депутаттар арасында 1 академик, 7 доктор және әр түрлі мамандықтары бар 20 ғылым кандидаты болды. Депутаттық корпустың басым көпшілігі инженерлер – 30, заңгерлер – 22, экономистер – 16, педагогикалық білімі барлар – 14, ауыл шаруашылық ғалымдары мен мамандары – 8, сондай-ақ журналист, дәрігер, тарихшы, менеджер, әскери қызметші, халықаралық қатынастар мамандары болды».

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?