Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Болгария елі» атты суретшілер көрмесі өтті

1716
«Болгария елі» атты суретшілер көрмесі өтті - e-history.kz
Ассамблеяның 20 жылдығы аясында 2015 жылдың 22 мамырында ҚР Ұлттық музейінде ұлты украиндық, алайда қырғыз суретшілері Роман Гуманюк пен Иванна Шмелеваның «Болгария елі» атты көрмесі ашылды.

Болгарияның Қазақстандағы елшілігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрме Болгар ағартушылығы, мәдениеті және славян жазуы күніне орайластырылып отыр. Оның үстіне Қазақстан Республикасы жариялаған,  халықтар достығы мен бірлігін насихаттайтын Ассамблеяның 20 жылдығы аясында көпшілікке есігін айқара ашты.

c80e39084d1540f3a1ada33aad06d714.jpg

Көрменің ашылу салтанатына VIII Астана экономика форумына қатысуға келген Болгария Республикасының экономика министрі Божидар Лукарски, экономика министрінің орынбасары Даниела Везиева, Саяси кабинет басшысы Филип Кирев, «Жұртшылықпен байланыс және хаттама» дирекциясының директоры Лидия Колева қатысты. 

32cec2d3a2ba9d2aa745a56796ac08ce.jpg

Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай өз сөзінде бұл шара екі елдің мәдени, рухани байланысын әрі тереңдететінін, әсіресе жастар шығармашылығының байланысының беріктігіне әкелетінін айтты. Және де мұнымен ғана тоқтап қалмай, биылғы жыл аясында басқа да шығармашыл диаспора өкілдерінің көрмелік іс-шараларына орын берілетінін жеткізді. 

5c431e40eed16ba1515ed0009e9b800f.jpg

Бұдан кейін сөз сөйлеген Болгария экономика министрі Божидар Лукарски қазақ елінің дархан пейіліне алғысын айта отырып, сурет өнерінің адам баласы үшін, ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор екеніне тоқталды. 

«Болгария елі» көрмесінде И. Шмелеваның 15 графикалық еңбегі мен Р. Гуманюктің 18 кескіндеме туындысы жұртшылық назарына ұсынылды. Байқап көргеніміздей, көрмеге қойылған суреттер көбіне елдің тарихи ескерткіштерін паш етуге, ондағы асқақтықты адам бойына сыйлауға, биіктік пен тереңдік ұғымдарының мағынасын ашуға талпынған. 

Жас суретші И. Шмелева туындыларында тарихи сәулет ескерткіштерінің асқақ сұлулығына, биіктігіне, ойлылығына басымдық берілген. Ол София, Чернигов ғибадатханаларының, Черновцы және Пловдивтің құрылыстарының тарихи мазмұнға бай ерекше шабытпен бейнелеп шыққан. 

11df4c6d012066e4923bc90df0a8a07a.jpg

Ал Р. Гуманюктің қаламы пейзажға бұрылып тұрады. Оның пейзаждық кескіндемелері кез келген оқырманды (көрерменді) өзіне баурап, табиғаттың тылсым сырларын ерекше нәзіктікпен сезінетінін ұқтырады. Бояуы қанық кескіндемелік туындыларына өзінің жеке сезімін, ой-толғаныстарын ұштастырған суретшінің табиғат бейнесін жасаудағы шеберлігі қапысыз танылады. 

e361f296b1aee0b949770945c6b9ae46.jpg

Ішінара үндес, өзектес, мазмұндас қос суретшінің шығармашылығы бірін-бірі байыта, дамыта түсері анық. 

2908bbe4660bc90b63a83292f712d3ba.jpg

Шара барысында болгар халқының ұлттық биі биленіп, ән айтылды. 

Сурет көрмесі 22 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?