Жиырма екі жасына дейін бай есігінде жалшы болып, кейін Түркісіб теміржолында қара жұмыс істеп, Н.Хлудов пен И.Бродскиден тәлім алған тума талант.
Жүз жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Алда-жалда Алматы қаласына жолыңыз түсе қалса, «Қазақстан» қонақ үйінің артындағы Бекқожин көшесіндегі суретші ғұмыр кешкен үй, бүгінде музей-үй болып отырған шағын ғана мекемеге соға кетуге кеңес береміз. Ол үйде қазақ көркемсурет өнерінің іргесін қалап, талай тарихи тұлғаларымыз бен жадымызда жаңғырып қалған оқиғаларды кенеп бетіне түсірген суретшінің өмірінің соңғы жылдары өткен.
Ал, Әбілхан Қастеевтің өмір жолына үңілсек ол 1904 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент өңірінде дүниеге келген. Жоғарыда жазғанымыздай байға жалданып, жалшы болып жұмыс істеген.
Жалшы кезі. Жаркент, 1917 жыл
Кейін Түркісіб темір жолына жұмысқа тұрып, тас пен балшықтан түрлі мүсіндер жасай бастайды. Тас бетіне Лениннің мүсінін қашап салған соң, қабілетін байқаған басшылар оны оқуға жібермек болғанда, көре алмаушылар бай баласы деген бәле жабады. Тегінің тақыр кедей екендігін дәлелдеу үшін оған анықтама қағазды бір жыл күтуіне тура келеді. Кешіктіріп жеткен құжат қолға тиген соң ғана ол оқуға аттанады.
Анықтама қағаз
1929–1936 жылдары Мәскеу көркем сурет студияларында кәсіби суретшілерден сабақ алып, алғашқы еңбектерін сала бастайды. Білімін жетілдіріп келген соң тынымсыз тер төгіп, 1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атағын алады.
1945–1956 жылдары Қазақстан суретшілер одағының басқарма төрағасы болып еңбек етеді. Ол халық өмірінің алуан түрлі қырын бейнелейтін мыңнан астам туындыны дүниеге әкеледі.
Біз бүгін қайталанбас тұлғаның 1958 жылдан бастап, өмірінің соңғы күніне дейін ғұмыр кешкен музей-үйінен жасалған фоторепортажды ұсынбақпыз.
Музей-үйге кірген бетте оң жағыңызға бұрылсаңыз суретшінің әрі жатын әрі жұмыс бөлмесіне тап боласыз. Қарапайым ғана бөлме. Бірақ мұндағы тазалық пен заттардың үйлесім тауып орналасу тәртібі бірден көзге ұрып тұр.
Төрде жатын төсек пен оның қасында қылқалам мен бояулар сосын домбыра орын алған. Таңқаларлығы қақ төрде қазақтың соңғы ханы Кенесарының портреті ілулі тұр. Бұл туындыны 1935 жылы салған екен. Осы жерде кеңес заманында атын атауға тиым салған ханды қайдан білген деген сауал туады. Шамасы, Әбілхан Қастеев тарихқа өте жақын адам болған секілді.
Кенесары бейнесі. 1935 жыл
Кереуеті мен домбыралары
Қылқаламдары мен бояу, туштары
Көзі тірісінде тұтынған ыдыстары және Жамбыл Жабаевтың мүсіншесі
Шабаданы
Шырағдан мен құмыралар
Әйгілі Түркісіб туындысы төрге қойылған. 1969 жыл
Жазу үстелі
Қолшатыры мен құтысы және өзі салған ұлының суреті
Қонақ бөлмесі. Төрде тұрған суретші шапаны және «Горизонт» теледидары
Радиосы
Патефоны
Музей-үйден қазір этнографиялық энциклопедиялардан көретін қазақ халқының көптеген құнды заттарын тамашаладық. Ауылдарда қолданыстан қадым заманда шығып қалған келі-келсап, көмір үтік, сары самаурын секілді заттар сол қалпында сақталып тұр.
Келі-келсап
Самауырын
Үтік
Кілем жабылып, қазақы кілем төселген, ағаш кебеже
Май шам мен, ағаш астау
Қазақы бөркі
Жеке басына тұтынған заттары
Фотоаппараты мен қойын дәптерлері
Суретші алпыс жасқа толғанда КСРО Мәдениет министрлігінен келген арнайы құттықтау телеграммасы
ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғалар суретшінің басты тақырыбына айналған. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көшбасшысы Амангелді Иманов бейнесін салуға ол ұзақ уақыт дайындалған екен. Торғайға әдейілеп барып, батырдың туыстарымен, сарбаздарымен әдейілеп сөйлесіп, сипаттама бойынша сұлбасын қағазға түсіреді. Ақырында кенепке салынған сурет дайын болғанда, Амангелдіні көзімен көргендер қайран қалып, қаншама уақыт бойы көз алмай қарап тұрған екен.
Амангелді Иманов. 1940 жыл
Шоқан Уәлиханов. 1951 жыл
Соңғы кездері ғана табылған, қағазға түсірілген қазақы ою-өрнек нобайларын бірінші болып оқырман назарына ұсынбақпыз.
Қарандашпен сызған нұсқалары
Түрлі-түсті бояумен жасаған ою түрі
Үйдің сырт көрінісі
Көлік қоятын тұрағы. Өмірінің соңғы жылдарында "Волга" көлігін тізгіндеген
Ә.Қастеев атындағы музей-үй сағат 10.00–18.00 аралығында жұмыс істейді.
Мекен-жайы Алматы қаласы, Бекхожин көшесі 6А.
Байланыс телефоны: 8 (727) 291-89-08
Олжас БЕРКІНБАЕВ
Суреттерді түсірген автор
Астана-Алматы-Астана