Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Күй мен киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енді

2605
Күй мен киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енді - e-history.kz
Бұл туралы материалдық емес мұраларды қорғау жөніндегі Комитет отырысының бірінші күнінің нәтижелері бойынша ЮНЕСКО-ның ресми сайты хабарлады.

Бүгіндері Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комиссияның тоғызыншы сессиясы өтеді. Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне ене алатын элементтер материалдық емес мұраның алуан түрлілігін сақтай отырып, бүкіл адамзаттық үшін маңыздылығын дәлелдеуі тиіс.


26 қарашада ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне 10 жаңа объект қосылды: чилиялық «чино» биі, «Ариран» корей халық әні, дәстурлі жапаон қағазын жасап шығаруына арналған техника. Адамзаттық материалдық емес мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың дәстүрлі домбырамен орындалатын күйлерін орындау өнері, сондай-ақ Қырғызстан республикасымен бірге — қырғыз және қазақ киіз үйлерін (түркі көшпелі халықтарының) даярлау дағдылары мен дәстүрлі білімдері енді.

de1ef2ebb4b89f72ea034bd1bc56e12b.jpg

«Домбырамен орындалатын күйлерін орындау өнері қазақ халқының ынтымақтастық жолында маңызды рөлін атқарып, халықтағы өзіндік ерекшелік және бірлік сезімдерін қалыптастырады», — деп айтылды Комитет отырысында. Қазақтың дәстүрлі домбырамен орындалатын күй адамзаттық мәдени мұрасына енді. Киіз үй «отбасы және қазақ пен қырғыз халықтарының өзіндік ерекшелігінің ажырамас бөлігі болып саналатын дәстүрлі қонақжайлылықтың» бейнесі ретінде танылды.


Комитет адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне ене алатын кандидатуралардың қаралуын бейсенбіде (27 қарашада) жалғастырады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?