Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

e-history.kz қайырымдылық акциясына қатысам деушілерді шақырады

1988
e-history.kz қайырымдылық акциясына қатысам деушілерді шақырады - e-history.kz
«Тарих болашақ үшін» қайырымдылық акциясына қатысам деушілерді шақырамыз.

2014 жылдың 1–16 қараша аралығында Астана қаласындағы үш балалар ауруханасына (№ 1 Қалалық балалар ауруханасы, № 2 Қалалық балалар ауруханасы, Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы) балаларға арналған Қазақстан тарихы бойынша кітаптарды жинау мақсатын көздейтін «Тарих болашақ үшін» атты қайырымдылық акциясы өтеді.

Акцияны ұйымдастырушы «Қазконтент» АҚ қарасты «Қазақстан тарихы» веб-порталы. 

Аталмыш шара Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, «Меломан» дүкендер желісі, «Қазақстан — 2050» Жалпыұлттық қозғалысының, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауының арқасында іске асырылуда.

Акцияның мақсаты — Астана қаласының ауруханаларында жатып емделетін балалар үшін арнайы «Тарих кітаптары бұрышын» ұйымдастырып, кейін ҚР-ның барлық медицина мекемелерінде «Тарих кітаптар бұрышын» енгізу болып табылады.

«Болашақ үшін тарих» атты қайырымдылық акциясына қатысуға ниет білдіргендерге есігіміз ашық!

Кітаптарды қабылдайтын орындар:

1. «Меломан» дүкендерінің желісі:
«Mega Center Astana» сауда ойын-сауық орталығы;
«Меломан» дүкені, Республика даңғылы 17/1

2. «Қазконтент» АҚ, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 3 кіреберіс, 206 кеңсе
Байланыс мәліметтері:
Тел.: +7 (7172) 79 82 06 (ішкі: 159, 114)
e-mail: kaz. ehistory@gmail.com

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?