Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Павлодар маңынан ортағасырлық жауынгердің сүйегі табылды

1921
Павлодар маңынан ортағасырлық жауынгердің сүйегі табылды - e-history.kz
Қорғанда жерленген жауынгер қимақ қоғамының жоғары табына жатуы әбден мүмкін. Бұған оның басына салынған қабірдің құрылысы дәлел.

Қала маңындағы Кенжекөл ауылында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері мен ғалымдары қимақ қоғамының жоғары табына жатқан ортағасырлық жауынгердің жерленген орнын тапты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ПМПИ археологиялық-этнологиялық зерттеулер орталығының директоры Тимур Смағұловқа сілтеме жасап. 

Археологтың берген ақпаратына сүйенсек, жерлеу орнынан біздің дәуірімізге дейін 10-12 ғасырларда өмір сүрген жауынгер денесінің сүйектері мен оның жылқысы табылған. Сондай-ақ обадан ағаш ыдыс, қайыс белдіктің қола мен күмістен жасалған бұйымдары, қорамсақ қалдығы мен темір жебелер табылды. 

Ғалымның ойынша, қорғанда жерленген жауынгер қимақ қоғамының жоғары табына жатуы әбден мүмкін. Бұған оның басына салынған қабірдің құрылысы дәлел.

Дерек көз: bnews.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?