Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Семей қаласында «Алаш» газеті жарық көрді

Көрнекті қазақ ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың туылған күні

- = -

Семей қаласында «Алаш» газеті жарық көрді

26255
Ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің басшылығымен Семей қаласында демократиялық-ағартушылық бағыттағы алғашқы қазақ басылымдарының бірі «Алаш» газеті жарық көрді. Газетке қазақ зиялылары Н. Құлжанова, Ғ. Жанайдарова, Ж. Ақбаев, М. Әуезов, С. Торайғыров, т. б. белсене ат салысқан. «Алаш» газеті 1917 жылы мамырда 50 шақты саны шыққаннан кейін қаржы тапшылығына байланысты жабылып қалған.