Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Бір уыс бидай» көрерменге жол тартты

3873
«Бір уыс бидай» көрерменге жол тартты - e-history.kz
«Бір уыс бидай» – бір отбасының трагедиясы арқылы тұтас ұлттың қасіретін көрсетуді мақсат етеді. 1932-1933 ашаршылық жылдарындағы бір шаңырақтың қайғысы, қасіреті

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қаза тапқан бес миллиондай қазақтың рухына арналған «Бір уыс бидай» қысқаметражды көркем фильмі М. Мағауиннің осы аттас әңгімесінің желісі бойынша түсірілді. Сценариін жазып, түсіруге әзірлеген белгілі журналист Серік Әбікенұлы. Режиссерлері Серік Әбікенұлы, Данияр Мұстафаев, қоюшы-операторы Айдос Қалиев.  Фильмге Алматы облыстық Б. Римова атындағы драма театрдың және Ғ. Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының актерлары қатысты.

«Бір уыс бидай» – бір отбасының трагедиясы арқылы тұтас ұлттың қасіретін көрсетуді мақсат етеді. 1932-1933 ашаршылық жылдарындағы бір шаңырақтың қайғысы, қасіреті. Баласы нәпақа іздеп кеткен Доскен деген шал келіні, немересімен аштан өлмеудің амалын істеп жатады. Бірақ кезінде жалшы болған Әли Қайрақбаев деген шолақ белсенді «бидай жасырдыңдар» деп маза бермей, ақыры Доскен шалды атып өлтіреді. Онымен қоймай масақ теріп жүрген келінінің уысындағы бидайын тартып алмақшы боп оны да өлтіреді. Үйдегі немере аштан қатады. Фильмде осылайша бір отбасының қасіретімен сол жылдардағы күллі қазақтың басынан өткен жағдай суреттеледі.

«Арнайы қаржы бөлінбей, демеушілерсіз, «Жетісу» телеарнасы қызметкерлерінің және осы идеяға берілген ерікті актерлердің көмегімен жарық көрді. Өткенімізді ұмытпау үшін, ұлтымызды ұлықтау үшін осындай дүние жасадық. Осы фильмге атсалысқан қыз-жігіттердің, үлкен актерлардың бәріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ», – дейді сценарий авторы Серік Әбікенұлы.

Картина Алматы облысының Қаратал ауданына қарасты Қайнар ауылының маңында түсірілген. Бұл – «Жетісу» арнасы жарыққа шығарған  екінші фильм, 2015 жылы «Құдайы қонақ» комедиялық картинасы  түсірілген болатын. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?