Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
9926
#ТАРИХАҒАЙ: Сағадат Нұрмағанбетов - e-history.kz

Cұрапыл соғыстың аяқталуына сүбелі үлесін қосқан оғландардың қатарында қазақ елінің біртуар перзенті, Кеңес Одағының батыры, кейін Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі болған Сағадат Нұрмағамбетов те бар.

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы, Еңбек ауылында дүниеге келіп, 2013 жылдың 24 қыркүйегінде өмірден озды. Әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қораныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы.

1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 1-Белорус майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында соғысқан. Пулемет взводын, ротаны, 5-екпінді армияның атқыштар батальонын басқарды. Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты. 1946 жылы Әскери академияны, 1981 жылы Бас штаб академиясын бітірді. 1950-1989 жылдары - Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округы әскерлері бастығының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) бастығының бірінші орынбасары. 1990 жылдан ҚР соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы, 1991-1992 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, армия генералы. 1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі. КСРО, Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталған. Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы.