Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алтын Орда туралы ақиқат

277
Алтын Орда туралы ақиқат - e-history.kz

Алтын Орда – Шыңғыс ханның немересі Бату хан тарапынан 1242 жылы құрылып, 1602 жылы біржолата жойылған хандық. Алтын Орданың территориясы қазіргі Қазақстан, Ресей мен Украинаның басым бөлігін, Днепр өзенінің шығыс жағалауына дейін, шығыс жақтан Сібірге терең бойлап еніп жатты. Ал шарықтау кезінде Шығыс Европаның көп бөлігінен Аралға дейінгі жерді, оңтүстікте Қара теңізбен, Кавказ таулары мен Хулагу хан билеген Иранның Елхан патшалығымен (1253-1336) шектесіп жатты. Елхан патшалығы Қарақұрымдағы қағанға бағынышты болғаны үшін солай аталған. Алтын Орда хандығы XV ғасырдың І жартысынан біртіндеп бөлшектене бастап, шағын хандықтарға бөлінді. Оның территориясының басым бөлігін патшалық Ресей жаулап алды. Қалған бөлігі қазақ, өзбек және қырғыздардың еншісінде қалды. Біздің мақсатымыз бір империя яки хандықтың өрлеуі мен күйреуіне ықпал ететін мәдениет пен әдебиеттің сол уақыттағы көрнекті өкілдерінің рөлін анықтау. Яғни, Алтын Орда мемлекетінің тарихына қатысты маңызды әдеби-рухани тұлғалары Хорезми, Құтб және Сейф Сараидың қоғамдағы саяси-психологиялық, қоғамдық - мәдени кеңістігінде ықпал-әсерінің бастауларын анықтау зерттеу тақырыбының мазмұнын ашары сөзсіз.

Кіріспе. Адамзаттың барлық қауымдастығы, түрлі ұлт-ұлыстары табиғаттан туындайтын қатерге біртұтас болып, оған қарсы амал іздеуге дайын. Сондықтан табиғи қатерлерге техникалық ілім мен ғылымының дамуының арқасында тиісті шара таба алады. Соған орай ғылыми жетістіктері оның табиғи апатқа қарсы басты қорғану құрал екендігі анық. Ал адам пиғылынан туындаған қауіп-қатерге бүкіл адамзат бір ауыздан қарсы тұруға мүдделі емес. Өйткені барлық адамдарға бірдей тыныштық, қарапайым күн көріп тіршілік ету керек болса да, бір топ жетекшіні тек қана жай тіршілік ету аса қанағаттандырмайды. Олар өзгелерге үстемдік жүргізіп, дүние байлығын тек қана өзінің ие болуын аңсайды. Сондықтан үстем сана өзінің саяси психологиясын қоғамда қалыптастыру үшін әскери қуатпен бірге мәдени құралды қолдануға кіріседі. Осы тұрғыдан алғанда саясат қашанда мәдени кеңістікті өз ықпалында ұстап, өз үстемдігін нығайтуға жұмсайтыны белгілі, ал мұндай сәтте бұқара халық өзге қауымдастықтардың саяси- мәдени үстемдігінен сақтану үшін халықтың тілі арқылы оның ділі және ұлттық менталитетін өркендетуге саналы түрде ұлттық мәдениетін сақтап қалуға атсалысады. Демек мәдениеттің әдебиет пен өнер салалары адамзат қауымдастығының берік ірге тасы іспеттес. Осыған орай Алтын Орда мемлекетінің қол астына қараған Тұран даласы, одан кейінгі Түркістан өңірінің біраз бөлігінде түркі тілі мен мәдениеті, салт дәстүрі терең тамыр жайған өңір болғандықтан Шыңғыс ханның ұрпақтары жергілікті халықпен араласып, тезарада моңғолдық болмысынан ажырап, түркіленіп кетіп отырған болатын. Бұл орайда Тұран тарихынан Түркістан одан әрі Қазақ хандығы дәуіріне дейінгі аралыққа бір шолу жасаған абзал. Осы орайда: «Қазақ халқының да ғасырлар қойнауынан бастау алатын тек-тамыры, мәдени-рухани болмысы жалпы адамзаттық тарихтың, жалпы адамзаттық мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Орта және Орталық Азия тарихының өзіндік түйінді мәселелері» [1.9] бар. Соның бірі тарихтың әр дәуірінде түркілер тілі, діні, салты бір этностан болған болса да түрлі есімдермен аталып келді. Өйткені: «осы уақытқа дейін, Шығысында Сарыөзен (Хуанхэ), батысында Жерорта теңізіне дейінгі байтак аралықты мекендеген түркі тілінде сөйлейтін отыз шақты халық бірін-бірі аудармашысыз түсінеді» (1.9) бұл тілдік ерекшелік түркінің ежелгі тарихынан бастап күні бүгінге дейін қаншама заман өтседе, талай тарихында саяси-мәдени өзгерістер болып келе жатса да өзгермей келе жатқан тілдік құбылыс.

Материалдар мен әдістер. Мақаланы жазу барысында ортағасырлардағы араб, парсы, түрік тілде- рінде жазылған жалпы қоғамдық саяси даму, тарих, жаратылыстану мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер мен тақырыпқа қатысты қолжазба деректер пайдаланылды. Олар: Жүсіп Баласағұнның (1020 туған) «Құтадғу білік» кітабы, Маһмұд Кашғаридың (1029-1101) «Диуан лұғат әт-түрік» жинағы, Қожа Аһмет Йәсәуидің (1093-1166) «Хикмет» атты шығармасы, Иранның көне жәдігері Зәрдөшт (Зоротуштра) дінінің «Авеста» жазба дерегі, Әбілқасым Фирдаусидің «Шаһнама» дастаны және т.б. Мақаланы жазу барысында сипаттамалық баяндамалық (нарративті) және жүйелілік-құрылымдық  әдіс-тәсілдер қолданылды. 

Талдау. Зерттеу тақырыбына қатысты бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Мысалы, Фәзлолла Рашидаддиннің «Жамеһ-ат-тауарих» көп томдығы, Шарафеддин Әлі Йәздидің «Зафарнамасы», түркиялық Арслан Текиннің «Түркінің тарихы» атты еңбегі. Сондай-ақ қазақ тарихшыларынан Ақселеу Сейдімбектің «Қазақ әлемі» (Этномәдени пайымдау), Ислам Жеменейдің «Түрік халықтарының әдебиет тарихы», «Парсы және түркі жазба деректеріндегі қазақ тарихы», Жұмажан Байжұминнің түркілердің ежелгі дәуір тарихын зерттеген төрт кітаптан тұратын «Тұраны» сияқты еңбектер мен «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедиясы (Алматы, 1998), Ислам энцклопедиясы (Алматы, 1995) сынды ұжымдық еңбектер. Алтын Орда саяси тарихының бастауын жазба деректер бойынша ежелгі дәуірден бастап, орта ғасырға дейін аралықты «Авеста» ирандықтардың ежелгі әндері атты жазбалар мен Әли Рәвағи, Шаһнаманың түсіндірме сөздігі және Ибн Әсир, Әл-камил әт-тарих тарихнамалармен анық көрсеттік. Сонымен Алтын Орда тарихының саяси бастауларын: Әта Мәлік Жовеини, Тарих-и-жахангошай, Фәзлолла Рашидеддин «Жамеһ-ат-тауарих», Шарафеддин Әлі Йәздидің «Зафарнама» және Ибн Бәтутенің 1304-1377) «Ибн Бәтуте сапарнамасы» негізгі жазба Деректер ретінде пайдаландық. Сондай-ақ өзге де зерттеу әдебиеттерді зерделеп, Алтын Орданың мәдени-әдеби кеңістігін тарихи сабақтарымен ұштасып келгенін де айқын көрсетуге тырыстық. 

Зерттеу нәтижелері. Қазіргі дәуірде түркілер Орталық Азияда Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Анадолыда Түркия, Әзірбайжан және Сібір жерінде, Қытайда бірнеше автономиялық Республикалардың құрамындағы түркі территориясы ғалымдар тарпынан әуелі Тұран сосын Түркістан және қазіргі заманда Орталық Азия аталып келе жатқанын қабылданып, қолданыста жүр. Ал түркінің мәдени рухани кеңістігі бір қанаты Мысыр, ендігі қанаты Үндістанға дейінгі аралықты қамтиды. Түркілердің ежелгі әуірде «Тұран» есімін хатқа түсірген Авеста кітабы болды. Аталған еңбекті дерек көзі ретінде қарағанда: Авеста» кітабы б.з.д VI-V ғасырларда жазылған ежелгі Тұран халқының киелі кітабы болып есептеледі. Авеста табын тек қана дерек ретінде қарағанда аталған кітап Тұран елін Иран елінің жауы ретінде сипаттағандықтан Тұрандықтарды жағымсыз кейіпкер етіп көрсеткен. Бұл бөлек әңгіме, өйткені ешбір ел өзіне жау санаған елді жағымды сипатпен сомдамайды. Тұран атын стап көрсеткен авеста кітабының шамамен жазылған тарихын негізге алар болсақ тұран түркілердің ежелгі дәуір бастауының атауы болмақ. Түрік халықтарының өмір сүріп, салтанат құрған ежелгі аумағын «Тұран» деп атап жазған да осы «Авеста». Сол дәуірдегі Тұранды басқарып, Иран еліне жорық жасаған, Иранды жеңіп билік құрған Тұран патшасы Афрасиаб есіміде осы кітапта жазылған. Мәселен, «авестаның» мәтіндерінде Афрасиаб - 2 рет, тұрандық Афрасиаб - 1 рет, жауыз Афрасиаб 1 рет, тұрандық жауыз Афрасиаб – 4 рет, аса қайратты Афрасиаб - 5 рет жазылған [6-20-21-б.]. Тұрандықтардың б.з.д. VI-V ғасырларда бастаған ежелгі тарихы 751 жылында аяқталады. Өйткені аталған тарихтан ибн Әсир (1186-1233) Ирак тарихшысы «Толық тарих» атты кітабында қытай, арабтар мен түркі әскерлерінің арасында қазіргі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Талас өзені бойында 751 жылы болған шайқаста мұсылман әскерлерінің қытай әскеріне анық жеңісінен кейін бүгінгі Орталық Азия сол кезде халифаттың жеңістері арқасында түркі елі «Түркістан» аталады. Тұран дәуірінде түркілердің ауыз әдебиетінің «Ел, ерлік, салт-дәстүр және жоқтау» төрт тақырып төңірігінде болатын [2.62]. Осылайша Түркістан тарихының орта ғасырлық жаңа дәуірі басталады [10- 607]. Түркістан аталуымен оның мәдени кеңістігі жаңа өрістерге ие болды. Оның бір көрінісі халықтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрі ислам қағидаларына негізделе бастады. Мәселен бата беру, тәңіріге жалбарыну, той-садақа рәсімдері исламдық ережелерге ыңғайланды. Ол дұға оқу, мінәжат ету, садақалар Алла үшін берілу сияқты жаңаша түрде көрініс тапты. Адам өмірінің философиясына жан, рух, сана, шайтан, періште, иман тағы сол сияқты рухани түсініктер пайда болды. Әдебиетте тәңірге, пайғамбарға, шәдиярғамадақ жанры тұрақты түрде шығармалардың кіріспесінде басты тақырыпқа айналды [11-19]. Сондықтан 751 жылдан бастау алатын түркінің жазба әдебиеті ежелгі дәуір ауыз әдебиетінің елдік, ерлік, салт-дәстүр және жоқтау тақырыптарына рух пен сана, жүрек пен нәпсі сынды жаңа ұғымдар қосылып байы түсті.

Орта ғасырдағы Түркістан кеңістігінің ендігі ерекшеліrі саяси құрылымы. Онда түркі қауымдастықтар тарапынан мекен немесе адам аттарымен жаңа мұсылман болған патшалықтар құрылды. Мәселен: Ғазна патшалығы (961-11186), селжұқтар (1037-1194), қара хан династиясы (942-1212), хорезм империясы (1097-1221) және қыпшақ хандығы (11-13 ғасырларда) Осы түркі тектес бес патшалық арасында тек қана қараханидтер түркілік саяси санаға көңіл бөліп ислам дінін мемлекеттің ресми діні етіп жариялады. Және олардың билік құрған территорияда түркі әдебиеті мен ілімі исламдық қағидаға негізделіп, жаңаша өріс ала бастады. Оған Жүсіп Баласағұн (1020 туған) «Құтадғу білік» кітабы, Маһмұд Қашғари (1029-1101) «Диуан лұғат ат-түрік» жинағы, Қожа Аһмет Йәсәуи (1093-1166) «Хикмет» атты шығармасымен дәлел бола алады. Өйткені аталған үш тұлғада еңбектерін түркі тілінде шығарып, араб-парсы тілі мен мәдениетінің қарқынды шабуылына қарсы төтеп беріп, өзінің түркілік бағытына бет алды. Осылайша олардың түркілік болмыс-бітімін аман алып, ғылым мен білім алу салаларын, қоғамдық қарым-қатынас сияқты түркі тілін енгізді. Сондықтан бұл үрдіс Шыңғыс ханның империя құрған уақтында өз жалғасын тапты. Алтын Орда дәуірінің мәдени-әдеби үрдісі Түркінің ежелгі ауыз әдебиеті орта ғасырда исламдық қағидаларды негізінде Жүсіп Баласағұн сынды құлама- ғалымдармен жаңа үрдіске айналып, Алтын Орда дәуірінде Қыпшақ даласындағы түркі халықтарының әдебиеті мен мәдениетіне мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Бұл кезде мемлекет астанасы болған Сарайшық қаласына Батыс пен Шығыстың аса көрнекті ғалымдары, сәулетшілері, ақындары, өнер қайраткерлері жиналып, мәдениеттің қарқынды дамуына үлес қосқан жаңа қарқын тудырған еді.Алтын Орда дәуірі әдебиеті тұсында Хорезмидің «Мұхаббат-нама» жыр-дастанының авторы жайында анық мәлімет жоқ. Аталған дастан 1353 жылы Сыр бойында Хорезм қаласынан шыққан ақынның шығармасы болуы ықтимал деп айтуға болады. Сайф Сараидің (1321-1396) туған мекенін Атырау облысындағы Сарықамыс кенті делінеді. Ол кент 2007 жылы таратылады. Ол жылдан бұрын 2002 жылы кенттің негізгі халқы Жаңа Қаратон кенті мен Құлсары қаласына көшірілген. Сейф Сараи кейін Алтын Орданын астанасына барып қоныстанған. Сонда иранның әйгілі ақыны Сағди Ширазидің (1210-1292) Гүлістан кітабын парсышыдан түркі тіліне аударып «Түркі Гүлістан», -деп аталды. Құтбтың «Хұсрау-Шырын», дастаны түркі тілінде жазылды. Бұл дастанның авторы Құтб туралы мардымды мәлімет жоқ. Тек қана «Хұсрау мен Шырын» – Алтын Орда дәуірінің әдеби мұрасы. Авторы Құтб қыпшақ тайпасынан шыққан» (ХІІІ ғ.) дегенді білеміз. Ал Құтб оның шынайы аты болмауы мүмкін. Тек қана оның асқан білімдар және тақуа сопы болғандықтан оған «Құтб» лақабын берген болуы мүмкін. Өйткені құтб сөзінің мағнасы: «сопылық дәреже сатындағы ең жоғары әулие, сопылық философияда кемел адам деген ұғымды білдіреді» [14-101]. Дүрбек оғыз-қыпшақ диалектісінде «Жүсіп-Зылиқа» дастанын 1409 жылы жазған. Дастанның негізгі идеясы - ел билеушілер арасындағы тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстардың, ағайын адамдар арасындағы бақталастық пен алауыздықтың, шектен тыс қатыгездіктің зардаптарын көрсету. Ақын ел басқаратын жандардың ақылды, әділ, мейірімді, жомарт болуын көксейді» [15-76]. Сондай- ақ Насреддин Рабғузидің «Пайғамбарлар қиссалары» деп аталатын прозалық шығармасын түркі тілінде 1309-10 жылдары жазып, илаһи пайғамбарларды бұқара халыққа танытуда үлкен үлес қосқан болатын. Діни сипаттағы Қыпшақ тілінің сөздігі 1294 жылы «Кодекс куманикус» (Қыпшақ тіліндегі сөздік) жазылды. Ондағы «куман» деген атау «қыпшақ» дегенді білдіреді. Бұл кітап сол заманда түркі кеңінен қолданыста болған христиан дінін дәріптеу үшін жазылған шығарма. (13-600 бет). Осы орайда жоғарыда атап көрсеткен «Махаббатнама», «Түрікше гүлістан», «Хұсрау-Шырын», «Жүсіп – Зылиқа», «Пайғамбарлар қиссасы», «Кодекс куманикус» шығармаларының басты ерекшеліктеріне тоқтаған жөн. Себебі аталған еңбектерде осы бір кезеңдердің саяси-тарихи оқиғалары, елдің әлеуметтік мәдени, тұрмыстық жағдайы баяндалады.

1. Барлығы түркі тілінде жазылған. 2. Ол шығармалар Алтын Орда империясы саяси қуатына ие болған кезінде дүниеге келген. 3. Аталған шығармалардың көбісі парсы тіліндегі туындылар желісінде жазылған. Осыған қарағанда: Біріншіден, Қараханид патшалығындағы түркілік саяси ұстаным түркілерді бір дін яғни ислам дініне бейімдеу және бір тіл яғни түркі тіліне жүгінту мақсатындағы бастама болатын. Өйткені: а) қараханид патшалығы ислам дінін мемлекеттің ресми діні ретінде жариялауы; б) Ж. Баласағұн, М. Қашғари және Қ. Яссауи сынды дарын иелерін түркі тілінде шығармаларын жазуға мүмкіндік туғызу соған айғақ болып табылады. Осындай саяси-мәдени ұстанымның бастамасы халықтық дәстүр негізінде әдебиетте де түркі тілінде жазу мен жырлау дәстүрі болып қалыптасып, Алтын Орда дәуірінде үлкен үрдіске айналғанын көрсетеді.

Түркі тілі мен мәдениетінің көрген саяси зардаптары жайында: «Махаббатнама», «Түрікше гүлістан», «Хұсрау-Шырын», «Жүсіп-Зылиқа», «Пайғамбарлар қиссасы», «Кодекс куманикус» шығармаларында парсы тілінің әсерінің айқын көрінісінің себебі түркілердің саяси және мәдениет қайраткерлерінің араб-парсы мәдениеті мен әдебиетімен тіке-тіресіп, бәсекеге түсуге кеш қалғандығының дәлелі. Оны 7-8 ғасырлардан басталған араб халифатының саяси-әскери қысымы және парсы тілінде шыққан «шаһнама» дастанының асқақ көркемдігі мен тарихилығымен байланыстыра аламыз. Осы жайытты анығырақ айтқанда Муавийе ибн Әбусофян негізін қалаған «Үмеийе халифаты» (611-750) кезеңінде исламның таза қағидаларынан басымдау арабшылдық саясат жүргізілді. Сондықтан олар араб, әсіресе, пайғамбардың тайпасы саналатын «құрайыш» болғандарын алға қойып, өздерін жоғары тап санап, өзгелерді кемсітіп «әжәм» деп аталып келген. Бұл атау мен олардың кемсітулері ең әуелі парсылардың намысына тиген. Өйткені парсылар арабтармен ара жігі жоқ көрші болатын. Сол үшін парсы қауымы олардың кемсітуіне шыдай алмай оларға қарсы мәдени һәм әскери жолдармен қарсы әрекет жасап жүрді Соның салдарынан «Үмеийе халифатына» қарсы көптеген көтерілістер болды. Ол соңында өз жемісін берді. Иранның Хорасан (718- 755) өлкесінде дүниеге келген жауынгер сардар Әбу Мүслім халифаттың Мауароннәһрде тағайындаған әкімі Мәруанды Мәрв қаласында жеңіп күйретті. Соның арқасында үммийе династиясына қарсы болып жүрген Аббас ибн Сәффаһ (721-754) 750 жылы «Аббас әулеттерінің халифатын» құрды (750-1258). Осылайша Иран мен Түркістанда жаңа саяси тыныс пайда болды. Аббасхалифаты барлық ұлт-ұлыстарға ислам үмметі деп қарады. Сондықтан парсы мен түркілер саяси билік, армия, білім-ғылым және өзге де салаларда өздерінің қабілетіне лайық орындарын ала бастады. Бірақ парсы мен түркілердің умеийе халифаты кезінде жіберіп алған есесі болған. Өйткені үмеийе халифалары біріншіден - саяси психология тәсілін болымды түрде қолданып, өздерінің жауланған аймақтарға өзге қауымдарынан әкім тағайындаған жоқ. Екіншіден саяси биліктерінің қуаты арқылы өзге қауымдарды кемсіту психологиялық тәсілдермен қорлап, олардың елдік рухын езіп келді. Соған қарай өзгелерді «әжәм», деп кемсітті. Үшіншіден олардың мәдени жәдігерлерін барынша қиратып, жоюға кірісті. Соның салдарынан Түркістанның отырықшы бөлігіндегі барлық кітаптар, жазбаларды жойып ғалымдар және оқытушы ұстаздарды өлтіріп, мәдени жойқын шабуылдар жасады. Бұл жайында Әбу Райхан Бируни (973-1048) өзінің «Өткен ғасырлардан қалған ескірткіштер» атты еңбегінде: «Құтейбе (Баһли) хорезм жазуын, мәліметін білетін және білгендері- мен дәріс оқып жүретін тұлғаларды біртұтас жойды. Барлық тарихи-ғылыми бағыт күйреді. Сондықтан та рихи мәліметтердің жойылғаны соншалық бүгінгі күн исламнан бұрынғы дәуірдің шындығын тани алмайсыз», – деп жазды» [16-54].

Сондай-ақ түркілердің ата тегі шежірелік діни сипатта жарияланды. Оған Шарафеддин Әли Йэзди 1425-1426 жылдары жазған «Зафарнама» кітабында түркілерді Нұһ пайғамбардан тараған деп жазғандығы дәлел. Онда «Әлем тұрғындарының басым бөлігі Нұһ пайғамбардан болғандықтан оны «екінші адам», деп атаған. Оның төрт ұлы болған: Һам, Сам, Яфес және Канан. Оның үш ұлы иман келтірді. Ал Канан қаншама имандылыққа шақырылса да иманға келмей, кәпір болып қала берді. Оған топан су келетінін хабарлағанда да шақыруды қабыл алмаған соң, топан су таулардан асып-тасып Кәнанды батырды»,- [17- 50] сондай-ақ тағы бір рауаятқа қарағанда: «Жер беті Нұһ ұрпақтарына толған соң Тұран жерін үлкен ұлы Яфеске берді. Иран жерін Самға, Үндістанды һамға берді. Сондықтан Яфесті «Түрік атасы», Самды «Әжәм атасы», Һамды «Үнді атасы» аталады. Нұһтың үлкен ұлы Яфес болғандықтан оның елшілік дәулеті ерекше мәртебеге ие болды. Сол үшін де оның өзге ұлдарынан алда болатынын ескерген абзал. 

Осы кітапты жазуда әлемді жаулаушы тарихтың аталуы да түрік патшаларының тармағынан болған Яфес Нұһұлына барып тіреледі» [17-51], -деп жазады.Үмей- йе халифатының шовенистік саясатының салдарынан парсы мен түркі тілдері жойылудың алдында тұрды. Ал Аббас халифаты 750 жылы олардың орнын басқанда парсы-түркі тілдерінің ғылыми деңгейге жауап бере алатындай шамасы болмағандықтан олардың дарынды Ізденушілері амалсыздан араб тілінде оқуларына тура келді. Сондықтан Әл-фараби, Эл-Хорезми, Зәкірия Рази және Ибн Сина сынды дара тұлғалар араб тілін де Бағдатта білімін жетілдіріп, ғұлама-ғалым болуға мүмкін алды. Өйткені араб тілінің жалғыз білім мен ғылым тіліне айналдыру саясаты үмеийе халифаты заманында әлгіндей саяси ұстанымдар арқылы іргесі қаланып қойылған еді. Сондықтан Аббаси халифаты кезінде білім мен ғылымға аса көңіл бөлгендіктен алды ала араб тілінде ғылымның дамуына негіз қаланған еді. 
Үмеийе халифатының түрлі саяси-психологиялық жаулауы Иран жұртына өте ауыр әсер етті. Өйткені арабтар ислам діні адам баласының діни нанымына, тіліне, ұлтына қарамастан тең құқық беріп, оларға тең қарайды деген қағидалары іс жүзінде кереғар болып шықты. Сол себептен ислам атына сай емес араб билігінің іс-әрекеттері парсы қауымының кек-ызасын тудырды. Араб халифатына қарсы көптеген көтерістер ұйымдастырылды. Ең соңында үмеийе династиясы тақтан қуылып, орнын Аббас халифаты басқанда, олардың демократиялық саяси реформасының ар- қасында саманид әмірліктері құрылды. Олар парсы тілінде сөйлеп, оған ерекше құрметпен қарады. Сон- дықтан парсы тілінің поэзиясының атасы атанған Абдолла Рудакидің өлкесінен шыққан саманид (819-1005) - патшалығы Хорасан мен Мауароннәһр аймақтарын билеген кезде парсы тілінің дамып, өркендеуіне жол ашты. Сонның бір көрінісі Әбілқасым Фирдаусидің (935-1020) «Шаһнама» дастанын жырлап шыққаны болды. Онда:            

«Отыз жылдай тауқымет шегіп, ана тілімді тірілттім,
Сол арқылы парсыларды өз тіліне жүгінттім» [16-64], – делінген.

Шаһнама дастаны тарихи құндығымен бірге қаһармандық дастандардан құрылған көркем әдеби шығарма болғандықтан халық тарапынан жоғары деңгейде қабылданды. Оның қызықты трагедиялық жырлары парсы тілділермен қатар езге ұлт-ұлыстардың қызығушылығын тудырды. Осылайша қапыда қал ған түркілердің тілі екі соққыға тап болды. 1. Үмеийе халифаларының жүргізген саяси-психологиялық қысымы болды. 2. Парсы тілінің шаһнаманың көркем де қарапайым тілімен қаһармандық дастандары барлық Түркістан аумағын өзіне тәнті етті. Аталған екі себептен түркі тілі араб-парсы тілінің ықпалында қалып, өзінің тарихи тамырларынан ажырай бастаған кезде қараханид патшалығының түркілік бағыттағы саясатының шеңберінде Жүсіп Баласағұн, Махмұт Кашғари және Қожа Ахмет Яссауи сынды ойшылдар түркі тілімен бірге діни нанымын ислам-сұнни мәзхабта шоғырлануын қамтамасыз ете білді. Бірақ түркі тілінің ғылыми кеңістігінің одан әрі ауқымдырақ кеңейіп, қанат жаюына Шыңғыс ханның Түркістанға шабуылы кесірінен тоқырап қалды. Есесіне парсы тілі мен мәдениетіне жақындау болған селжұқ пен хорезм патшалықтарының парсылық ықпалы түркілерді көбірек парсылануға жетелей түскенін байқатады. Сондықтан үш елдің тілдік талас-тартыстың орта- сынан түркілердің жетекші саяси және мәдениет пен әдебиеттегі зиялы қауым өкілдері аталған түрлі саяси- мәдени кедергілерге қарамастан қараханидтың түркі- лік саяси дәстүрін жалғастырды. Оның жалғасып, кеңірек территорияға ұласып, үрдіске айналуына Алтын Орданың саяси ұстанымы айрықша түрде әсер-ықпалы жасады. Өйткені олар түркінің елдік болмысын дін мен тілі арқылы тірі қалуына үлкен сеп болғандықтан Хорезмидің «Мұхаббат-намасы», Сайф Сараидің (1321-1396) «Түркі  Гулістан» шығармасы, Құтбтың «Хұсрау-Шырын», дастаны, Дүрбектің оғыз-қыпшақ тіліндегі «Жүсіп- Зылиқа» дастаны. Сондай-ақ, Насреддин Рабғузидің «Пайғамбарлар қиссасы» түркі тілінде жырлануында екі мақсат болды. 

Бастысы түркі тілін бұқара халық арасында қалыпты түрде ұстап, алға өркендеуін қамту болды. Екіншіден ұлысының дін бірлігін қамтамасыз ету мақсатында шығармаларында діни тақырыптарды енгізіп, жан-жақты бағытта халықтың діни сауатын сүннилік мәзхабқа бейімдеуді көздеген мақсат болған- дықтан оған қол жеткізе алды. Өйткені қазіргі Орталық Азияның Республикаларының азаматтары бір дін мен бір мәзхабта болғандықтан тәуелсіз ел болғаннан кейінгі жылдары өзара діни қақтығыс пен келіспеушілікке ұрынбай келе жатыр. Бұның өзі Қарахан патшалығы- ның саяси көрегенділігі мен кейінгі түркі саясаткерлері мен зиялыларының саяси сауаттылығының арқасында жузеге асқан жетістік. Бұл мақсатқа тек қана әскери тәсілге сүйенбей, өнер мен әдебиетті барынша адам баласының мәдени-рухани өрісінің асқақтап тұруына оң ықпал жасайтынын нақ білгендей түркі әдебиетін өздерінің діни қағидаларымен ұштастыра қолданып келгендігі тек қана түркілер үшін емес, бәлкім әлем жұртшылығының рухани қазынасына айтарлық үлес қосты. Соның бірі Алтын Орданың астанасында мәдени- рухани үлкен із қалдырған Сейф Сараи жайын айтуға болады. Осы орайда әуелі иран тарихшысы Әта Мәлік Жовеинидің (1226-1283) «Тарих-и-жаһангошай» (Әлемді жаулаушының тарихы) атты кітабынан Шыңғыс ханнан Алтын Орда астанасы салынғанға дейін тарихына берген мәліметтерге шолу жасайық.
Алтын Орданың астанасы салынғанға дейінгі тарихы (Тарих-и жаһангошайдан) Онда: 1. «Шыңғыс ханның ұрпақтары жайында әңгіме: «Шыңғыс ханның қатын- дарынан көптеген ұл-қыздар болған. Бәйбішесі Есінжін Beri )نی جنوسی( болды. Моңғол салты бойынша бір әке ден болған балаларының артықшылығы мен мәртебесі оның бәйбішеден дүниеге келуіне байланысты болған. Аталған қатыннан төрт ұл болған. Олар мемлекеттің аса маңызды істері үлкен қатермен бетпе бетке келгенде оның төрт іргесіндей һәм хан тағының төрт тірегіндей болатын. Шыңғыс хан олардың әр қайсысын арнайы бір шаруаға жұмсап отыратын. Олардың үлкені Тошыны аң аулау жұмысына бекіген, өйткені олар үшін аңға шығу таң ғажайып ұнамды жұмыс болып саналады. Шағатай )وات (عج яса заңын орындатуға, жазаландыруға, міндеттеуге, тергеуге міндетті болып бекітілді. Өгедей мемлекеттің ақылманы ретінде істердің шараларын тауып отыруға тағайындалды. Төле болса әскери істері мен құрал-саймандарын реттеп отыруға мақұлданды. Унг хан істерінен қолы босаған соң моңғол тайпаларының рулары бір бөлігі өз еркімен, енді бір бөлігі күшпен амалсыз оның бұйрығына бағынып, үкіміне көнді.

Тайпалар, моңғол қауымдарын, найман және барлық қосындарды аталған балаларына бөліп берді. Ал бас- қада кіші балалар, бауырлар мен ағайындарының әр қайсысына қосыннан несібесін тағайындады. Содан кейін балалары мен бауырларының арасында ынтымақ пен достық қағидаларын ұстануға шабыттандырып, нығаюына бағыттап және ұдайы балалар, бауырлар мен ағайындар арасында ынтымақ пен бірлік болуын дәріптеді. Осылайша олардың жүректерінде бір-біріне жәрдемдесу мен қолдауларының өрнегін нақыштады. Сол сияқты істер мен аталған достық қағидаларын нығайта берген. Бір күні ұлдарын жинап, қорымсақтан бір жебе шығарып, оны сындырды, сосын екеуін алып сындырды. Осылай оқтың санын көбейтіп, сындара беріп, сандары әбден көбейген соң қосылған жебелерді сындыра алмайтын санға жетті. Сонда жебелерді сындыруға шамасы жетпеген соң ұлдарына қарап, айтты: «Сіз сияқты. Жебе әлсіз, көбейген сайын, бір-біріне арқа болып, сындырушыларға қарсы көшейе бастап, олардың сындыруға қуаты жетпей қалады. Сондықтан қашанда сіздердің араларыңызда бірлік пен жердемдесу болып, бір-біріңізді қолдап, бір-біріңізге көмектесіп жүріңіз, сізге қаншама күшті және айбатты қарсыластар болса да сізді жеңе алмайтын болады. Ал сіздердің араңызда бір кісі басшы болып, басқа бауырлар, әулеттер, дос-жарандар және мүшелер оның шешімі мен пәрменіне бағынбайтын болса, неше басты жыланға ұқсап қатты суық түскенде, інге кіріп, суықтан қорғана алмастай хәлге түсесіңдер деді. Өйткені бір басы інге кіріп болғанда өзге бастар таласып, бір-біріне кедергі жасап, бәрі жойылып кетер еді. Ал жыланның бір басы болғанда оның денесі түгелдей інге бірден кіріп, оның барлық мүшелері інге жайғасып, суықтан аман- есен құтылатын болады. Осындай мысалдарды көптеп айтып. Үгіт-насихат сөздерді олардың бойына сіңірді. Осы уағыз кейін аталған дәстүрге бағыну міндеті болды Мемлекетте бір адам хандық атауымен үкім жүргізетін болды. Бірақ шын мәнінде барлық әулет-зәузаттар, туған ағайындар мал-мүлікке ортақ болатын. Мәңгі қаған екінші құрылтайда әлем патшасы болып, барлық елдерге иелік еткеннің өзінде барлық ұл-қыздар, бауырлар мен ағайындар арасына беліп бергені оған дәлел болмақ
Шыңғыс хан заманында жауланған мемлекеттердің ауқымы кеңейе түскенде әр кісіге қоныстанатын Жұрт  شروی( аталатын мекен тағайындады. Бауыры болған Өтеген ноян мен басқа да ағайын жамағатқа Хытай ) يات( өңірін белгіледі. Үлкен ұлы Тушиге )عشوت( Қиялық маңынан Хорезмді, Сақсин )زی سفس . Бұлғар )راغ لب(, одан әрі татардың тұлпарының тұяғы жеткен жерге дейінгі аралықты оған тапсырды.  Шағатайға ұйғыр өңірінен Самарқанд, Бұхараға дейінгі өлкені тапсырды. Шағатайдық қонысы Қанаста - )سائق( Алмалық )غلام( шегінде болатын. Ханның орынбасары Өгедейдің жұртының астанасы әкесінің тірі кезінде Еміл )لعمى( мен қонақ )قانوق( маңы болған. - Хандық таққа отырған соң негізгі мекені Қытай мен ұйғыр аймағы арасында орналасқан жұртқа ауысты.  Бұрынғы қоныс орнын өз баласы Күйікке берді. Ол  мекендер бөлек түрде аталып тіркелген. Теле де оған көршілес жерде болды. Шын мәнінде ол өлке олардың мемлекеттерін байланыстыратын дәнекер. аймақ болып, орталығы іспеттес қызмет атқарды. 

Жоғарыда айтылған әңгіме Шыңғыс ханның әулет тері мен ағайын-туыстары жайында қысқаша баян - болатын. Олардың саны он мыңнан көбірек болатын. Әрбірінің жеке-дара шені, жұрты, әскері және жа мағаты болды. Оларды тіркеу де мүмкін емес, жазып алуда мүмкін емес тұғын. Бұл жазбада мақсат өзге патшалықтарда болып жатқан келеңсіздіктер бауыр - бауырға қастандық жасау, бала әкеге қарсы шығып, жеңіліске ұшырағанша айқасуды көздегендер сияқты үкіметті жойып, құртып жіберу емес. «Өзара таласып- - тартыспаңдар. Әйтпесе, бойларыңды үрей билеп жасып қаласыңдар һәм күш-қуаттан айырыласыңдар» -(сүре 8, аят:46). Содан Шыңғыс хан әулеттері үйлесім мен жәрдемдесіп, жауларын қандай тәсілмен күйретіп барлық әлемді билеген хикаясын айғақтап, тарихын - жазу болды. Осыдан тәжірибеге сүйенбей-ақ осындай әңгімелерді оқып үйренуге болады» [17-29, 30, 31, 32].  Бұл тарауда Шыңғыс ханның бәйбішесінің аты  «Есін жін»,- деп жазылған. Бірақ «жамећ-ат-таруа-рих» кітабында «Бөрте Фужын» деп жазылған. Француз шығыстанушы Gabriel Joseph edgard Blochet (1870- 1937) бұл жайында «Есінжін», сезі: сұлу, көрікті ма ғынасында болғандықтан Шыңғыс хан бәйбішесінің лақап есімі болуы мүмкін. Ал «Бөрте Фужын» оның шын есімі шығар деген пікір білдірген, (сонда: 29-бет). Осында тағы бір нүкте Шыңғыс ханның үлкен баласы »Жошы» есімін «Тошы« )شوتя) деп жазған. Осыған орай  Шыңғыс хан, моңғолдар, түркі тайпалары туралы жазылған алғашқы жазба деректерді түпнұсқадан қарастырып, жаңаша пайым бойынша зерттеп, зер делеуді қажет етеді. Осы орайда көңіл бөлетін жайт: тек қазақ ғалымдары Шыңғыс хан тайпасы екі түрде жазып келеді. Олар: 1. Моңғол 2. Моғол. Оның себебін бәлкім Моңғолиядағы негізгі моңғолдар мен Орталық Азияда түркіленіп кеткен Шағатай моңғолдарды «мо- ғол»,- деп атағаны шығар. Өйткені Иранда билік құр- ған моңғолдарды «елхан« ))راخلى( деп өзгеше атпен атайды. Бұл тараудағы ең маңызды тұстарының бірі - Шыңғыс хан саяси психологияға мұқият қараған. Өйт кені парам-парша болып, ру руға бөлініп жүрген моң- ғол тайпалар мен өзге түркі тайпаларды бір билеушіге бағындырып, басқаруға барынша күш жамсаған. Әрі бұл орайға тәрбие құралын көптеген өмірге сәйкес мысалдар, хикаяларға жүгініп, әулеттері мен ағайын- туыстарына түсіндіру жұмысын байыпты жүргізгенін көреміз. Сондай-ақ қоғамдық психологияның адамзат үшін жеңіске апарар жолы ынтымақ пен бірлікте екенін айқын мысалдар арқылы түсіндіріп қауымдастығының бірлік-ынтымағын қамтамасыз еткенін автордың өзі аса маңызды тарихи сабақ екенін ескеріп жазған. Демек Шыңғыс хан ұлы хандық құру үшін қол астына алатын моңғол және өзге тайпалардың ынтымақта болып, билікке бағынуға өзінің саяси және қоғамдық танымына сүйеніп, тиісті саяси және қоғамдық психологияның тәрбиелену заңдылықтарына сай заңнамалар жасап, жүзеге асуына қатаң талап қойып, іс жүзінде табысты болуын қамтамасыз етті.

Шыңғыс ханның бұндай айрықша саяси психологиялық қалаған негіздері оның кейінгі жеңістеріне ірге болғанын естен шығармай, оның маңызын ескертіп, адамзат қоғамының бірлігінің миуалы болу тұстарына назар аударып отыру керектігін мойындау қажет. Осы тарауда тағы бір көңіл аударуға тиіс жайыт моңғолдардын санын «Олардың саны он мыңнан көбірек болатын», - деп көрсеткені автордың мәліметіне қарағанда Шыңғыс хан әскерінің басым бөлігі найман және татар деп аталып кеткен түркі тайпалары болғанын пайымдау қиын емес. Сондай-ақ Шыңғыс хан саяси сахнаға толықтай қуаттанып шықпай жатқанда моңғолдармен қоңсы болған кереит пен сақыз тайпаларының саны моңғолдардан әлде қайда басым болғанын жазған Әта Мәлік. Онда: «Оның үстемдік құруының бастамасы кереит және сақыз тайпаларының басшысы Унг хан болған. Өйткені олар басқа тайпалардан күші де сан- салтанаты да артық болған және сан жағынан, қару- жарақ, құрал-сайман жағынан да басым болған», - деп моңғол емес тайпалары яғни түркілердің тайпалары әр жағынан қарағанда үстем болған.

Бірақ моңғол мен барлық өзге де тайпалар Шыңғыс ханның саяси парасатының қармағынан шыға алмай, оған бағынған.

1. «Тошының (Жошы) ахуалы және Батудың оның орнына таққа отыруы» тарауда: «Тушы (Жошы) үлкен ұлы Құлан Тасыда )يسات الق( Шыңғыс ханның құзырында болып, уәделескен мерзім аяқталған соң ол жерден қайта оралды. Оның ұлдары: Бұмал (+) Ерді )ره( Батый, Шибқан" )نق بیش Teнгут  توكنت( Беркe( )رب( және Беркежар )راج كرب( атты жеті ұл болған. Олардың әр қайсысы ретімен тәуелсіздікке жеткен болатын. Батый - әкесінің орынбасары болып, мемлекет пен бауырларын басқарды. Қаған мемлекеттің тағына отырған соң, сол аумақ пен төңірегін түгелдей қыпшақ, алан, ас, орыс, және басқа бұлғар, мелс (мешку) елдері мен тағы басқаларын толықтай бағындырып, азат етті. Батый - Eділ )لىتى( маңындағы өзінің ордасында қоныстанды. Сонда Сарай" )فارس( деп атаған қала тұрғызды. Оның - үкімі мемлекеттің барлық өңіріне жүретұғын. Ол ешбір дін немесе мәзхабты жақтамайтын. Оныкі сол тәңіршілдік ی سازش نادری( жолы болатын. Сондай-ақ бірде бір ұлттар  мен діндерге бой алдырған еместі. Оның жомарттығында шек болмады, оның дархандық пен мырзалығын санап бітіру мүмкін емес. Оның айналасындағы елдер мен төңірегіндегі қоңсылар және басқаларының әрқайсысы оның құзырына барғанда олардың алып келген сый- сипаттары замананың қазынасы іспеттес болғандықтан - үкімет қазынасына тапсырмастан бұрын барлығын моңғол, мұсылман және жиынға қатысқандарға таратып. беретұғын. Оның көп немесе аз болғандығына көңіл белмейтін. Саудагерлерлер оның алдына түрлі тауарларды 1 жан-жақтан алып келетін, қандай тауар болса да бәрін  алып, тауарлардың құнын еселеп төлеп отыратын. Рұм мен Шам патшалары мен басқа елдерге кешірім - жасап, оның құзырына келген кімде кім арманда қалып  қоймасын деп жарлық берген. Күйік хан хандық таққа отырған соң Батый оның сұрауы бойынша жолға шығып Балақмаққаابق   البжеткенде  Күйік ханның өлген  хабары жетті. Сондықтан сонда аялдады. Сонда жан- жақтан шаһзадалар оның құзырына келді. Сол арада хандық тақ Мәңгі қағанға )ناوگن бekiтілді. Батый сол жерден қайта оралып, өз ордасына келіп, көңіл көтеріп, дем алуға кірісті. Ал әскери қажеттілік болғанда - уақыттың орайына қарап, жақын-жуық, әмірлерден әскерлер жіберіп тұратын. 1255 жылында Мәңгі қаған тағы құрылтайға бұйрық берді. Батый Сартақ ұлын Мәңгі қағанның құзырына жіберді. Сартақ христиан дінін ұстанатын. Сартақ мақсатқа жетпей жатып, хақ пәрмені жетіп (Батый) кенеттен сол жылы дүние салды. Сартақ Мәңгі қағанның құзырына жеткенде оны аса құрметпен қарсы алып, туыстыққа тән түрлі ілтипатқа бөлеп, сондай патшалық мейірге лайық мол сый-сияпатқа кенелтіп, оны ң шығарып салды. Сартақта өз ордасына жетпей, Ақсу мекеніне жеткенде әкесінің артынан  بارد ضرایب с барды. Мәңгі қаған оның әйелдері мен бауырларына қамқорлық көрсетсін деп әмірлерін сол жаққа жөнелтті.   Сондай-ақ Сартақтың бәйбішесі Барқшынға )نى چ قارب( Сартақтың ұлы Ұлықшыны )ى الوا ep жeтiп, әкесінің орнына отырғанша тәрбиелеу керек деген үкімін  орындауын бұйырды. Бірақ тағдыр қаламады. Ұлықшы да сол жылы қайтыс болды» [17-231,232,233]. 
Осы тарауда әуелі адам және жер-су аттарын өзге дерекнамалармен салыстыра отырып анығына көз жеткізуге тіл ғалымдарына қолқабыс берген жөн. Біз ол есімдерді жұлдызша таңбасымен көрсетіп қойғанбыз. Мәселен: Тошының ұлы Бұмаһал )لحبيب( атын Фәзлолла - Рашидеддин «Жамеһ-ат-тауарих» кітабында Бұвал )لاووب( және Бұқа )933-18) (لاق وب( түрінде берілген. с Шибқан )ناؤبيش( атын Фазлолла Рашидеддин - «Жамен-ат-тауарих» кітабында «Шейбан Жошы ханның бесінші ұлы», - деп жазған [18-742) және Шарафеддин ң Әлі Йәздидің «Зафарнама» кітабында «Шейбан ен Жошыұлы« )یج وج رسب نابیش - деп жазған. ]19-144[ а Бұндағы Шейбан кейін Мауароннаһрде құрылған н шейбанидтер патшалығы оның атымен аталып кеткен. 2. Фазлолла Рашидеддин «Жамеһ-ат-тауарих» кітабында -) «Шыңғыс ханның қатындары мен балалары жайында әңгіме» тарауында: «Шыңғыс ханның бес жүзге жуық қатындары мен күндері болған. Әр қайсысын өр түрлі ру-тайпадан алған. Кейбірі моңғол салты бойынша некелеген, олардың көпшілігін елдер мен ұлыстарды жеңіл, жаулап, тонағанда олжалаған. Бірақ ұлықтап алған қатындары, айтарлықтай беделге бесеуі ғана ие болған. Олар: бірінші қатыны Бөрте Фужын )متروب фия) қоңырат қауымының патшасы, басшысы Дай ноянның қызы болған. Ол барлық қатындар арасындағы ең үлкені және беделдісі болған, төрт ұл мен бес қыздың анасы. Үлкен ұл Жошының қыпшақ даласындағы барлық патшалары мен шаһзадалары оның ұрпағы болған. (18-299) «Шыңғыс ханның бастапқы ахуалында әзірше әлемді билеуде оның игі істері замананың парақтар беттеріне көріне қоймаған кезде оның Бөрте Фужын қатыны аталған Жошыға жүкті болған. Сол арада меркіт )گرم( қауымы ретін тауып Шыңғыс ханның үйін тонап, жүкті қатынын ұрлап кеткен. Ол қауым одан біраз бұрын Kepeйт )تیارک( патшасы Унг ханмен дұшпан болатын, бірақ сол арада олармен достасқан еді. Сол себептен Бөрте Фужынды Унг ханның жанына жібереді. Унг хан Шыңғыс ханның әкесімен анттас (1) болғандықтан Шыңғыс ханды өз баласындай санап, оны құрмет тұтып, оны келін деп бағалады және бөтен адамдардан қорғап жүрді. Ол (Бөрте) аса пак және дарынды болғандықтан Унг ханның өмірлері бір-біріне «неге Унг хан Бөрте Фужынды алмайды» деп айтады екен.

Хан «ол менің келінім іспеттес, ол бізге аманат, оған қиянат көзбен қарау мәрттікке жатпайды»,- дей тұғын. Шыңғыс хан ол жағдайдан хабардар болған соң жалайыр қауымынан Сартақ ноянның атасы оңқұттың )توفكن وا Саба (1) атты бір әмірін Бөрте Фужынды өтініш жасап алып келсін деп Унг ханның жанына жіберді. Өйткені Саба Арғын ханның сәбилік шағында Абака ханның жарлығы бойынша орда )ودرو amipi болып, Хорасан мен Мазандаранға өкім еді. Унг хан қағып-бағып, құрметпен оны Сабамен бірге жөнелтті. Жол-жөнекей кенеттен бұл ұлды дүниеге әкелді. Тосын жағдайда дүниеге келген үшін атын Жошы" деп қойды, сенімді кісілердің айтуы бойынша Жошының қырыққа жуық ұлдары болған. Олардан сансыз немере-шөберелер тараған. Бірақ қоныстарының ара қашықтығы ұзақ болып, хабарласып тұру жағдай болмағандықтан ұрпақтарының түгелінің анық хабарын білу де жузеге аса қойған жоқ. Дегенмен аты шыққан ұлдары мен немерелерінің анығы кеңірек жазылады [18-708, 709, 710].

Сондай-ақ «Батыйдың әкесінің орнына таққа отыру хикаясы және патшалық кезіндегі оның ахуалы жайындағы әңгіме»: «Жошы қайтыс болған соң оның екінші ұлы Батый әкесінің орынбасары болып өз ұлысында хандық таққа отырды. Бауырлары оны мойындап, оған бағынды. Үгедей кезінде ол және бауырлары мен басқа да шаһзадалар одақтасып, оның бұйрығы бойынша солтүстік уалаяттардың көптеген бөлігін жаулап алды. Мәңгі қаған мен Күйік ханның шаһзадалары бауырларымен қайта оралған соң уалаяттардың қалған бөлігін жаулап, азат етті [18- 734]. Осыдан: «Батый 1255 жылы Еділ өзенінің жағалауындағы Сарайда қайтыс болды. Ол қырық сегіз жаста еді», -[18-796] деп жазған. Демек Ата Мәлік Жовейни бастаған тарихи мәлімет Фазлолла Рашидеддинның «Жамећ-өт-тауарих» атты еңбегімен өзінің тиісті жалғасын тауып жатты. Бұндай тарихи дерекнамалардың табиғи жалғастығын зерттеп, зерделеу тарихшы және тіл ғалымдарының үлесінде болмақ.

Батый салдырған Сарай қаласы туралы мәлімет Фазлолла Рашидеддин шығармасында кездескенін жоғарыда Батый өлімі мен жерленген жеріне қатысты айтқанын көрсетті. Енді араб тарихшысы Ибн Батутенің (1304-1377) «Ибн Бәтуте сапарнамасы» шығармасына назар аударайық. Мұхаммед ибн Абдолла ибн Мұахаммед ибн Бәтуте кейін тарихта Ибн Бәтуте яғни  Бәтутеұлы атымен танымал саяхатшы. Ол 1304 жылы - Марракештің батысында орналасқан Тәнже қаласында дүниеге келді. 1326 жылы Мекке сапарына шықты. Содан Мысыр, Шам, Палестина, Һижаз, Ирак, Иран, Иемен, Бәһрейн, Түркістан, Бейн-әл-нәһрейн және  Үндістан, Қытай, Жавеһ елдерінің бір бөлігі, Шығыс - Еуропа мен Шығыс Африканы 1325-1352 жылдар ара- клығында жиырма жеті жыл бойы саяхаттап, туған елі Марракешке қайта оралды. Туған қаласы Тәнжеге аяқ - басқан 1352 жылында қайтыс болып, сонда жерленді. 

Ибн Бәтуте адамзаттың саяхаттау тарихында ең  ұзақ қашықтыққа сапар шеккен саяхатшы болып та танылған тұлға. Оның Түркістанға сапарында түркілердің салт-дәстүрі мен Capa" )أرس( қаласы жайында біраз мәліметтер берген. Сонда: «Қажы Тархан қаласында сұлтан Өзбекпен қоштасқан едік, сонда жеткенімізде - сұлтан Өзбек ол жерден өзінің астанасына кетіп қалғаны белгілі болды. Біз астанаға жету үшін үш күн бойы Еділ өзені мен оның жанынан ағып жатқан. өзендерінің үстінен жүріп отырдық. Бұл өзендерге мұз қатып қалған болатын. Суға қажет болғанда мұздың - бір паршасын сындырып, ерітіп суын ішуге және - тамақ пісіруге пайдаланатын едік. Соңында Сара қаласы Берке сара деп те аталатын, сұлтан Өзбектің астанасына да жетіп, сұлтанның дидарына қауыштық Ол сапардың қалай болғанынжәне Рұм елінің жағдайын және оның патшасы жайын сұрады. Сосын бізге біраз ) қаржы беруді бұйырып, қоналқамызды белгілеп берді.Сарай қаласы дүние шаһарларының арасында ең көркем және ең үлкені, жазықта орналасқан. Оның халық саны соншалықты көп болғандықтан, қаланың соншама үлкен болуына қарамастан тар болып көрінеді. Сарайдың жақсы базарлары мен кең көшелері  бар. Бір күні қаланың бір беделді тұрғынымен қала- ның көлемділігін зерттеу мақсатымен көлікке отырып, шаһардың айналасына әрекет еттік. Біздің үй қаланың бір шетінде болатын. Тәңертең жолға шықтық, күн ауа қаланың ендігі бір шетіне жеттік. Бесін намазынан кейін түскі астан соң ана жақтан жолға шығып, күн батқан мезгілде үйге жеттік. Сондықтан қаланың енінен барып, қайтуға түгелдей бір күн жұмсалды Аталған арақашықтығы түгелдей бір-біріне жалғаса салынған үйлерден өтеді. Онда  үйлердің ешқандай бұзылып, құлаған күйі мүлдем байқалмайды. Және жол бойында бақ пен гүлзар да  жоқ. Сарай шаһарында он үш үлкен мешіт жамағатпен жұма намаз оқылу үшін бар тұғын. Олардың бірі шафиһи мәзхабына арналған екен. Ал өзге мешіт саны өте көп болған. Бұл қаланың тұрғындары түрлі тайпалардан құралған. Олардың кейбірі ислам дінін қабылдаған. Бұл қалада басқа да тайпалар тұрады. Атап айтқанда: асылар, олар мұсылман. Қыпшақтар, шеркестер, орыстар және рүмдіктер барлығы христиандар болған. Әр тайпа бөлек ықшам аудандарда тұрады, әрқайсысының да бөлектенген базар мен дукендері бар. Саудагерлер мен жат жұрттықтар Ирактың  араб және парсы өлкелері, Мысыр, Шам тағы басқа жерлерден келгендер төңірегін қоршаған бөлекше  ықшам ауданда қоныстанған.

Осы қалада сұлтанның сарайын «алтын тас» )شراط وطل( деп атайды. Осы қаланың ең жақсы қазыларының бірі Бәдреддин болған. Бұл қалада  шафићи мектебінің оқытушысы Сәдреддин Сүлейман Ләкзидіді кездестірдім. Ол данышпандар қатарында саналады. Осы орайда мәліки бағытындағы оқытушы мысырлық Шәмседдинге діни қағидалар бойынша қарсылық көрсетіліп, датталып келген қажы Низамеддиннің гибадатханасы осы қалада орналасқан. Ол бізді қонақ етіп, аса құрмет көрсетті. Сондай-ақ хорезмдік шариғат ілімінің данышпаны имам Жамаледдиннің ғибадатханасы сонда болған. Ол жақсы шейхтердің қатарында ете жомарт, жұмсақ мінезді және қарапайым жан бола тұра дүниеқорлapra карсы асқан қатал болған. Өзбек сұлтан жұма күндері онымен кездесуге баратын. Бірақ ол сұлтанды қарсы алуға бармайтұғын. Оның алдында да аяққа тұрмайтын еді. Сұлтан барынша жұмсақ және қарапайымдылык пен шейхпен өніме құратын болса да шейх оган керісінше ұстанымда болатын. Бірақ кедей-кепшіктер, басқа қалалардан келген қонақтарға аса қарапайым, жұмсақ және мейірімді мінез көрсететін еді.

Мәселен, маған тиісінше ілтипат жасады. Бір түрік құлды да сыйлады. Мен өзім одан бір ғажайып көрдім. Ол шейхтың көрегенділігі болган. Жалпы айтқанда мен Хорезм сапарына шығарда мәселені шейхқа айтқам, ол. «Бірнеше күн аялдай тұр, сосын кетерсің» деді. Мен өзім ойлағам, қазіргі кезде бір топ сапарластарым бар. Олардың арасында бірнеше саудагер таныстарымда бар және олармен бірге жүреміз деп келіскенім бар. Осы мәселені шейхқа айтқанымда ол «Жоқ. Τіпті бармайсың» деген. Оған қарамастан мен өз бетімше шешім қабылдап, жолға жиналдым, бірақ, менің бір құлым қашып кеткендіктен амалсыз қалада біраз аялдауға тура келді. Сөйтіп қалаған күнімде жолға шыға алмадым. Бұл шейхтен көрген айқын керемет болатын. Үш күннен кейін менің бір адамым елі құлды Қажы Тәрхан қаласынан тауып, алып келді. Сосын Хорезмге қарай жолға шықтым. Сарадан Хорезмге дейін шелейт арқылы қырық күндік жол екен. Бірақ жол бойы жайлау аз болғандықтан аттар бұл жолшылыққа тазе алмады, сондықтан арбаларды түйеге жегуге тура келеді. Он күннен кейін Сарайшық шаһарына жеттік. «Шық» кішкентай деген мағынада, Сарайшық яғни кішкентай сарай. Сарайшық қаласы суы мол үлкен Орал өзенінің жағалауында орналасқан. «Ұлы су» (Орал) үлкен өзен мағынасын білдіреді. Бұл өзеннің үстіне Ирактағы кепір сияқты қайықтан жылжымалы көпір салынған. Осы жерre дейін арбаларды атқа жегіп алып келгенбіз. Бұл қалада аттарды саттық. Жылқы бұл қалада өте арзан екен. Біз әрбір атты төрт күміс динарға, кейбірін одан да арзандау бағаға саттық Бұл қалада «Ата» атты бір қайырымды түрік қарияның ғибадатханасында болдық, ол қария бізге бір қонақасын беріп, ризашылығымен батасын беріп шығарып салды. Сондай-ақ атын ұмытып қалған екенмін, осы қаланың қазысы бізге сый-сияпат жіберген еді.
Сарайшықтан кейін тұрақты түрде отыз күн бойы жол жүрумен болдық. Күндіз де бар-жоғы екі сағат түскі және күн батар мезгілде аялдап дем алып, ұзақ жол жүрдік. Жол бойы демалуға тоқтағанда сүт көже пысыратындай, аз уақытқа ғана аялдап отырдық. Өйткені сүт көже бір қайнаумен піседі. Оған майдаланған ет бөлшектерін қосып сүтті оның үстіне құятын. Жолаушы өз арбаларының үстінде отырып, тамақтанатын, ал керуен үздіксіз әрекетте болатын. Мен үш күніммен бір арбада болдым. Бұл шөлейт далада жылдамдықпен әрекет ету керек. Өйткені онда шеп тапшы. Сондықтан кейде түйелер де аштан қырылып қалатын. Ал бұл сапардан аман-есен құтылған түйелер бір жыл бойы дем алып, семіріп сауығуы керек. Су өзге аймақтарда бар, бірақ ол мекендер арасы да екі-үш күндік қашықтықта орналасқан. Онда жаңбырдан жиналған су немесе құдығы бар елді мекендер болады. Айтқанымыздай бұл шөлейтті өтіп, Хорезм шаһарына жеттік» (19-402,403,404, 405].

Ибн Баттута Батый салдырған Сарай қаласына қатысты дүниежүзінің ең үлкен бес өзенін таныстырғанда «Еділ (3) өзені қыпшақ даласында, оның жағалауында Сарай шаһары орналасқан», деп [19-34) жазған. Ибн Баттута сапарнамасына қарағанда үш қаланың аты аталып, тарихилығы тілге тиек болады. Олар: 1. Батый салдырған Сарай )ىارس( қаласы. «Батый 1255 жылы Еділ өзенінің жағалауындағы Сарайда қайтыс болды. Ол қырық сегіз жасында еді. 2. Берке хан салдырған Сара (Беркесаpa( )ارس كرب қаласы. «Сара қаласы Берке Сарай деп те аталатын» 3. Батый заманында негізі қаланған ірі сауда орталығы болған қала. «Сара қаласынан жолға шығып, он күннен кейін Сарайшық )فوج ارس( wahaрына жеттік. «Шық» кішкентай деген мағынада, Сарайшық яғни кішкентай сарай. Сарайшық қаласы суы мол үлкен Орал өзенінің жағалауында орналасқан. «Ұлы су» (Орал) үлкен өзен мағынасын білдіреді». Демек Жошы хандығында ұрпақтары салдырған үш саяси-экономикалық маңызға ие үш қаланың мәліметі жазба деректер бойынша анық көрініс тапқан. Олар: Сарай, Сара (Беркесара) және Сарайшық қалалары. Сондай-ақ Жошы хандығының «Алтын орда» аталуының сыры Ибн Баттута жазғандай: «Осы қалада сұлтанның сарайын «алтын тас« )شراط ن وطلا( en атайды», осы атау кейіннен бүкіл орданың атауына айналғанға ұқсайды.

Шарафеддин Өлі Йәзди 1424-1425 жылдары жазған «Зафарнама» кітабында Жошы хандығы қыпшақ да - ласына толық билік жүргізгенін егжей-тегжейлі жазған.  Шарафеддин Әлі Йәзди Иранның Йәзд қаласының маңында Тәфтте дүниеге келіп, 1454 жылы сонда жерленген. Туған жылы белгісіз, зерттеушілер 1415-435 жылдар аралығында туған шығар деп болжайды. Шарафеддиннің әкесі шейх Қажы Иәзди оқымысты адам болған. Сондықтан білім мен ғылымға құштар болған баласы философия, астрономия, әдебиет және сопылық мәселелерінің білгірі болған. Одан да басқа көптеген салаларды игерген, оның атағын «Зафарнама» атты тарихи еңбегі шығарған. Өйткені бұл шығарма ұзақ жылдар терең зерттеліп жазылған шығарма. Автор бұл еңбекті жазуда түркі және парсы тілдеріндеп көптеген мемлекеттік құжаттар мен естеліктер және Әмір Темір жайындағы күнделіктер мен тарихи-әдеби в еңбектерді жан-жақтан зерттеп, тиімді пайдаланган. «Зафарнама» (Жеңіс кітабы) екі бөлімнен тұрады. 1. Бірінші бөлімі кіріспе іспеттес. Онда Әмір Темірдің шежіресіне арналған. Және түркі тайпаларының тарихы әрі төрт ұлысқа билік еткен Шыңғыс ханның ұлдары туралы жазылған. 2. Бұл бөлім Әмір Темірдің өз тарихы жайында жазылған.

«Зафарнама» кітабында Жошының қыпшақ даласын иемденіп, хандығын құрғанын былай жазған. Онда е «Қыпшақ даласына патшалық еткен хандардың аттары жайындағы әңгімеде: Шыңғыстың ұрпақтарынан қыпшақ даласын )قاچی نشد( күні бүгінге дейін билеп  келген патшалардың саны отыз екі болған. Жошы  әкесінің үкімі бойынша Хорезм, Хазар даласы )تشد رزخ(, Бұлғар мен Алан және сол маңайды оған тиесілі  деп тапсырды», -[19-65] деп жазды. Шыңғыс хан қайтыс болған соң Өгедей қаған болып, өзінің, Жошы, Шағатай және Төленің балаларын қосып, әкесінің жаулаған ас, орыс, шеркеш, қырым, азық, бұлғар, мажар елдерін қайтадан бағындырып, екі жүз жетпіс мың адамды қырып салған болатын. Кейін орыс, қыпшақ пен аландардың ісін бірыңғай етіп, көздеген барлық мақсаттарына қол жеткізді. Содан кейін. «Батый, Өгедей қағанның бұйрығымен қыпшақ даласында таққа отырып, қайтып келген соң Сарай қаласын тұрғызды. 1255 жылы (ұлу жылында) қайтыс болды. Сосын оның бауыры Берке хан, Сайын хан, Есенмәңгі, Тоқия хан, Өзбек хан және Жәнібек хан хандық таққа отырды» [19-66 а, 66-6.].

Сондай-ақ «Зафарнама» кітабында Әмір Темірдің Қажы Тархан мен Сарайға шабуыл жасауға бұйрық Берген тарауында: «Жеңімпаз қосыны мұз  қатқан,  Еділ өзенінің үстінен етіп, Сарайды жаулап алған соң  өртеп, күйретті. Және  сол маңайдың   кешпенділерінің төрт  түлік малдарын түгелдей тонал алып кетті» [19-280]  «Зафарнама» кітабының мәліметіне қарағанда Жошы ханға мұра болып қалған кеңістік, яғни, қыпшақ даласы Хорезм мен Хазар (Каспий) теңізінің төңірегіндегі кең даланың аралығын қамтыған. Бұл қыпшақ даласы кейінгі тарихи кезеңдерде саяси тарихтың занды сабақтасы болып жалғасып «қазақ даласы» болып атын өзгертеді. Біз оның анығын Бабырнама мен Тарих-и-Рашиди еңбектерінен көре аламыз.

Қорытынды. Алтын Орданың мәдени жетістіктері үш факторға негізделгенін байқатады. 1. Сарай мен Сарайшық қалаларының тұрғызылуы. 2. Берке ханның (1208-1266) билік құрган 1257-1266 жылдары ислам дінін қабылдауы. Ол өз кезегінде екі үлкен саяси және медени жаңалыққа негіз болды.

 а) Құлағу хан (1218-1265) Құтыз  бен Бейбарыстан Әин-әл-желут майданындағы болған шайқастың өшін қайтара алуға шамасы жетпей қалды. Өйткені Берке хан ислам дінін қабыл алғандықтан Құлағудың 1258 жылғы Бағдатты жаулап алуын және Мысырға Әин- ел-жәлут жеңілісінің өшін қайтарып алу үшін жорық жасауын құптамай оған қарсы шайқасты. Соның салдарынан Құлағу қосыны әбден өлсіреп, қайта ес жиып  Мысырға шабуыл жасауға шамасы жетпей қалды. Артынша 1265 жылы өмірден озды.

 ә) Берке ханның мұсылман болуының арқасында Қарахан патшалығында ислам ресми дін ретінде бекітіліп, түркілік тіл мен салт-дәстүрдің жандануын Алтын Орда территориясында емін-еркін қабылданып, дамуына жол ашты. Соның арқасында ислам сұнни бағытындағы әдебиет түркі тілінде өркендей түсті. Мавераннахр мен қыпшақ даласында тарихи- мәдени, әдеби байланыстың нығаюуы. Оған мемлекет астанасы болған Сарайшық қаласына Батыс пен Шығыстың аса көрнекті ғалымдары, сәулетшілері, ақын- дары, өнер қайраткерлері жиналып, мәдениеттің қарқынды дамуына үлес қосты. Алтын Орда дәуірі әдебиеті тұсында Хорезмидің «Мұхаббат-нама» жыр-дастаны және Сайф Сараидің парсы әдебиетінің көркем туындыларының желісінде «Гүлстан» шығармасын түркі тіліне жырлатпасы Мавераннахрдегі парсы-түркі әдебиетінің дәстүрінің жалғасы іспеттес болды. Осы аталған араб-парсы әдеби шығармалары негізінде орта ғасырлардағы қазақ тарихының кейбір көмескі тұстары нақтылана түседі.

Ә. Мархаба, А.Рахметуллин, «Alikhan Bokeikhan University» PhD докторанттары

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Ақсалеу Сейдімбек. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Оқу құралы, «Алматы, «Санат», 1997, 464 бет.
2. Ислам Жеменей. Түрік халықтарының әдебиет тарихы. Оқу құралы, Алматы, «Таңбалы», 2014, 200 бет.
3. Ислам Жеменей. Түрік халықтарының өдебиеті тарихына кіріспе. Оқу құралы, Алматы, «Қазақ университеті», 2019, 274 бет. Ислам Жеменей. Парсы жөне түркі жазба деректеріндегі қазақ тарихы. (Ежелгі және орта ғасырлық дәуір). - Алматы, «Сардар», 2019, 224 бет.
4. Арслан Текин. Түркі тарихы, үшінші басылым. Ыстанбұл, 2015, 584 бет.
5. «Авеста» ирандықтардың ежелгі өндері. Баспаға дайындаған, зерттеген: Жалел Достка, Авеста жене парсы тілінде, IV басылым, екі томдық - Тәһран, «Морварид» 1377, 1206 бет.
6. Үсейін Шәһиди Мазандарани (Бижан). Шаһнаманың түсіндірме сөздігі, бірінші басылым. -Теһран, «Балх», 1377, 812 бет.
7. Жұмажан Байжұмин. Тұран. Төрт томдық Алматы, «Арыс» баспасы, 2012 ж.
8.  Эли Равағи. Шаһнаманың түсіндірме сөздігі. 1-том, 1-басылым, Теһран, «Телиф», 1990 ж. 1187 бет 
9. Ибн Әсир. Әл-камил эт-тарих. Парсышаға аударған: Сейіт Мұхаммед Үсейін Рућани, «Әсатир», 1370 ж.
10. Шейх Ахмет Құдайдад Тарази. Көркем сөз өнері (Фонун ел-балаға). Алғы сөз жазып, қазақшалаған: Ислам Жеменей, Алматы, «Таңбалы», 2013, 440 бет. 
11. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2010.
12. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия/ Бас редактор Ә. Нысан баев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.
13. Ислам энциклопедиясы /Бас редактор Ә. Нысанбаев, Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995
14. Ислам Жеменей. «Парсы жене түркі жазба деректеріндегі Қазақ тарихы» (Ежелгі жөне орта ғасырлық деуір), Алматы: «Сардар», 2019, 224 бет.
15. Эта Мәлік Жовеини. Тарих-и-жаһангошай, Теһран. «Бамдад», 1329 (1911).
16. Фазлолла Рашидеддин. Жамеһ-ат-тауарих. Көп томдық- Теһран. «Әлборз», 1373.
17. Шарафеддин Өлі Йезди. Зафарнама, Ташкент, «Фен» бас- парсы, 1972, 1068 бет+қосымша
18. Ибн Батуте, Сапарнама, Теһран «ілми-ферһанги» баспасы, 1361 ж

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?