Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің құрылған күні

- = -

71 жыл бұрын Алмас Ермекұлы Серкебаев дүниеге келді

26369
71 жыл бұрын Алмас Ермекұлы Серкебаев дүниеге келді - e-history.kz
Алмас Ермекұлы Серкебаев (31.3.1948 ж.т., Алматы) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1984).
1966 жылы музыка мектебін, 1973 жылы Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) композиция (Ғ.Жұбанованың класын) бітірген. 1973 -1974 жж. осында стажер-зерттеуші, 1974-1978 жж. стажер-ассистент, 1982 жылдан Қазақстан Композиторлар одағының дыбыс жазу қабинетінің меңгерушісі болды. Аспаптық-камералық, вокалдық және эстрадалық жанрда еңбек етті. Оның камералық оркестрге арналған «Шалқыма» (1974), «Кербез» (1976), «Отырар» (1979), «Шертпе күй» (1982); «Хорлан», «Мәңгі өшпес даңқ» (1974) атты вокалдық шығармалары; «Ақсақ құлан» балеті (1975) мен «Маугли, менің бауырым» рок-опера-балеті (1982), т.б. бар. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1986)