Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Астана Мемлекеттік мұрағатының негізі қаланды

Қазақстан жол полициясының құрылған күні

Мұстафа Өзтүрік дүниеге келді

- = -

Астана Мемлекеттік мұрағатының негізі қаланды

26251
Астана Мемлекеттік мұрағатының негізі қаланды - e-history.kz
Астана мемлекеттік мұрағатының қызметі мұрағат және құжаттар басқармасынан, сонымен қатар «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының мұрағаттарынан тұрады.
Егер 2001 жылы елордалық мемлекеттік мұрағатта 23649 құжат сақталса, қазіргі уақытта 234803 бірлік есептеліп отыр. Сонымен қатар қорлардың да саны - қырықтан бес жүз жиырма үшке дейін жетті. Ереже бойынша аудандық маңызы бар мекемелер бес жыл сайын құжаттарды тапсыру керек, ал қалалық маңызы бар мекемелер - он жыл сайын. Астананың Мемлекеттік мұрағаты Ресейдің, Башқұртстанның мұрағаттарымен өзара әрекеттеседі. Мұрағатта - қазақтың тарихи қайраткері Мұстафа Шоқайдың хаттары сақтаулы. Мемлекеттік мұрағатта 1915 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ тілі» кітабы сақталып тұр. Мұрағат қызметкерлері жарты жылда бір рет мұрағат жаршысын шығарады. Астананың он жылдығына бірнеше көркем жинақтар шығарылды. Мұрағат қызметкерлері қызықты әдебиет шығарады, және жетекші тарихшы-ғалымдармен қызметтеседі. Елордалық мемлекеттік мұрағатта №430-шы қор құрылған, онда Омбы, Новосібір, Екатеринбор, Уфа және Қазан қалаларынан табылған үш жүздей құжат сақталады.