Арқалық 1965 жылы қала мәртебесін алды, 1971 жылы жаңадан құрылған Торғай облысының орталығы болды.
Соғыстан кейінгі жылдары боксит шоғырларының ашуынан соң пайда болды. 1956 жылы 17 мамырда КОКП ОК-нің және КСРО Министрлер Советінің бірлескен қаулысы қабылданды, онда «Амангелді боксит кенішінің негізінде Торғай боксит кенішін құру және пайдалану» туралы жазылған жолдар бар. 1960 жылы Арқалық Бүкілодақтық комсомолдық екпінді құрылыс болып жарияланды.