Қазақ кирил әліпбиі— көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә ,Ғ, Қ, Ң ,Ө ,Ұ (1947 ж. дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү ,Һ ,І . Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің сонында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған. Келесі әріптер: В ,Ё (1957 ),ф ,Х ,Һ ,Ц ,Ч ,Щ ,Ъ ,Ь ,Э , қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё ,Ц ,Ч ,Щ ,Ъ ,Ь ,Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жж. бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті).Х әрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Һ әрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, және деХ немесеҚ сияқты айтылады.Е сөздің нағыз басындадифтонгоиды боп сөйленеді.Э әрпі әрдайым Е боп айтылады.О сөздің нағыз басында дифтонгоиды болып айтыла алады. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады.
Бүгін тарихта
44 жыл бұрын «Қыз Жібек» көркем фильмі прокатқа шықты
17 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мұражайының ресми ашылу салтанаты өтті
1940 жылы орыс графикасы негізінде жаңа қазақ әліпбиі енгізілді
Орыс графикасы негізінде жаңа қазақ әліпбиі енгізу (1940 ж., 10 қараша)