Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1917 жылы казак әскерінің Жетісу әскери кеңесі әскери үкіметті құрастырды

- = -

17 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мұражайының ресми ашылу салтанаты өтті

25988
17 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мұражайының ресми ашылу салтанаты өтті - e-history.kz
Шараға ҚР Президенті Н. Назарбаев қатысып, мұражайдың «Құрметті қонақтар кітабына» естелік жазба қалдырды. Ұлттық банк мұражайы қорында 5 мыңнан астам экспонат қойылған. Олардың қатарында Николай ІІ патша бейнеленген құны 5 және 10 рубльдік монеталар, 1898-1899 жылдардағы Ұлы Петр, Екатерина ІІ, Николай ІІ, Александр ІІІ бейнеленген патшалық Ресей шақалары, 1920 жылы шығарылған «жібек ақшалар» деп аталатын банкноттар мен шақалар, алыс және таяу шет елдердің ақша белгілері, Қазақстан теңге сарайының бұйымдары, т. б. сақталған. «Алтын адам» макеті мұражайдың декоративтік орталығында орналасқан.