Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Атақты мерген Төлеуғали Әбдібеков хақында

1599

Төлеуғали Әбдібеков 1916 жылы бүгінгі Абай облысы Жарма ауданында Насырхан Әбдібекұлының отбасында дүниег келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, екі жылдан кейін майданда қаза табады. Отан үшін жанын құрбан еткенімен, Кеңес одағының батыры атағын алмады. 

Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында елге танылған даңқты мерген Төлеуғали Әбдібеков. Оның мергендігіне бір ғана мысал. Соғыс тұсында құралайды көзге атқан снайпер 25 неміс сарбазының қоршауында қалып, бәрін оққа ұшырып, бір өзі аман шыққан екен. Сондай-ақ, Кеңес одағының батырлары, атақты снайперлер Ф.Смолячков - 125, В.Зайцев - 255 жаудың көзін жойыпты. Ал қазақтан шыққан мерген Төлеуғали Әбдібеков – 397 фашисті, яғни бір батальонға жуық жаудың көзін құртқан.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?