Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Тиктокер тарихшы: Тәуелсіз Қазақстандағы мектептер

903

1991 жылы жаңа үлгідегі мектептер мен арнайы орта оқу орындары ашылды: лицей, гимназия, техникалық-кәсіптік мектептер, колледждер. 1995 жылы Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға міндетті тегін орта білім алу жарияланған болатын.

2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі жұмыс істеді, олардың ішінде қалалық – 2016 және ауылдық – 6144. «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 8 облыста дарынды балалар үшін интернат-мектептері және арнайы мектебі бар «Дарын» республикалық ғылыми­­­­-тәжірбиелік орталығы құрылды.

1996 жылдың аяғында шетелдік отандастарымызды қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама құрылды. Мұнда тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту және қайта оқыту кіреді.

1997 жылы республика мектептерін компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету мақсатында Орта білім беру жүйесін информатизациялау мемелкеттік бағдарламасы қабылданды. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру белсенді жүріп жатыр: 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасыдағы білім беруді дамыту, 2004-2010 жылдарға арналған ауыл территориясын дамыту.

Жаңа редакцияда «Білім туралы» Заң және 2008-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, бұл осы аталған саланың жүйелі дамуын қамтамасыз етеді. «Жалпы білім беру мектептері үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік жинақ дайындау және шығару туралы» бағдарлама компьютерлік, жаңа технологияларды енгізуді қарастырады.

Қазақстан білім беруді дамыту индексінде әлемнің 129 елі ішінен 1-ші орынды иеленді («Теңсіздікті жою: басқарудағы маңызды рөл» жаппай білім беру мониторингі жөніндегі 2009 жылғы ЮНЕСКО-ның жетінші Дүниежүзілік баяндамасының деректері бойынша);

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?