Төле Би
Аты | Төле Би |
13.02.15
Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би-де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.
Төле би өз халқының шешендік-поэтикалқ өнрінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15–20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Ол кезде қазақ пен жоңғар хандықтары үнемі жауласып жүретін. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады. Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық төлегеніне қарамастан, Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Кейбір мәліметтер бойынша, Төле би Абылай сұлтанның өрлеуіне-де ықпал еткен. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған. Төле би Тәуке ханның Түркістанды Қазақ хандығының астанасы қылу, үш жүзді бір орталыққа бағындыру, бір ғана Қазақ хандығын күшейту, туыс қазақ, қарапалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын құру туралы шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.
Сонымен бірге Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған елшілікті Орынбор губернаторы И. И. Неплюевке жібере отырып, ол Ресейдің қол астына өтуге дайын екендігін мәлімдеген. Неплюев 1749 жылғы қыркүйектегі жауап хатында Ресейге қосылуға ниетін құптай отырып, екі ел арасындағы сауда байланыстарын дамытуды қолға алуды ұсынған.
Қазақ хандығының ыдырау және жоңғарлардың басқөыншылық соғыстары кезеңінде Төле би басшыға тән қасиетін таныта білді. Жоңғарлар жағдайды пайдаланып, қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандарын қуғын сүргінге ұшыратқысы келді. Төле би Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын құрып, азаттық жолында күрес жүргізді.
Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи, аңыздар сақталып қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер кең таралды. Шымкентте, Түркістанда және Ташкентте билік басында болған Төле би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты. Төле би есімі күллі қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен тығыз байланысты.
Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның қасына жерленген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Б.Тоғысбаев, А.Сужиков. «Тарихи тұлғалар»/ — Алматы. «Алматыкітап» баспасы, 2011. — 113 бет.