Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Тимофей Орендарчук

1481
Бір суреттің тарихы. Тимофей Орендарчук - e-history.kz

                                                                                                                                                               01.05.15

Жеңіс күні тойланады ерекше мейрам: мерейлі, әрі мұңды. Бұл күні тылдағы еңбеккерлер мен соғысқа қатысқан жауынгерлер бір-бірімен кездеседі. Олар өз достарын еске алып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қояды. Майдангерлердің әңгімелерінен қан соғыста болған жайтты егжей-тегжейіне дейін біле аламыз. 

Мен отбасылық альбомымызды ақтарып отырмын. Барлығы өзімнің туған бауырларым мен туыстарым... 

Соғысқа қатысы болмаған отбасы жоқ шығар. Үлкен атам да 1941-1945 жыдардағы оқиғаларға куә болды. «Әркімнің өз соғысы болды», —деді ол бір кезде. Біреулер алғашқы шайқаста қаза тапса, басқалар бүкіл соғысты басынан өткеріп, Жеңістің қарсаңында жан тапсырды. Кейбіреулер майдан шебіне аттанса, өзгелер станокта жұмыс істеген... Әркім өз соғысына қатысқан. Мен үлкен атамның бастан кешірген оқиғаларымен бөлісейін деп едім. 

Менің үлкен атам Орендарчук Тимофей Петрович 1921 жылы Украинаның Черкасск облысында дүниеге келген. 1940 жылы армияға шақырылды. 1941 жылдың наурызында оның дивизиясы Отанымыздың батыс шекарасын қорғау үшін Молдова еліне жіберілген. 109-атқыштар полкінің құрамында майданға аттанады. Басында Оңтүстік Батыс майданға қатысқан. Оккупацияланған аумаққа түсіп, 1942 жылы Германияға ерікті жұмыстарға әкетілген. Адамдар лагерьде тұрып, темір жол депосында жұмыстар жасады: вагондарды тиеп, вагонның жүгін түсіріп, платформаларды тексеріп, депо аумағын тазалап жүрді. 

5711782424063a9cfc8bb4b13e5ced0d.jpg

1943 жылдың сәуірінде үлкен атам және ауылдастары лагерьден қашты. Пойыздың платформасында коммерциялық жүктерді тасымалдауға арналған машиналар тұрды. Машинаның ішіне тығылып, пойыздың қай жерге баратынын білмеді. Сегіз тәулік бойы жүрді. Осылай, Берлинге жетті. Пойыз Берлинде үш күн бойы тұрған еді. Қашқындар аштан бұратылып жаздады. Сонымен, пойыз әрі қарай жүріп кетті. Ол Германиядағы қалалардың біріне тоқтағанда, қашқындар пойыздан түсуге бел туып, елдімекендердің біріне тап болыпты.

Жолда үлкен атам өз досынан айырылып, жалғыз өзі қалды. Ол вокзалға шығып, шөп салынған платформаға тығылды. Польшаның шекарасына дейін жетті. Шекарадан өту кезінде Польша шекарашыларының қолына түсіп, Модлин қаласындағы түрмеге жабылды. Түрмеде алты ай бойы отырған соң, қыркүйек айында Кеңес Одағының 9 азаматымен бірге картоп жинап жүргенде, егін алқабынан қашады. Олар күндізгі уақытта ғана жүріп, түнде бір жерге тығылатын. Сөйтіп, Солтүстік Буг шекарасына дейін жетіп, поляк ауылындағы бір тұрғынның көмегіне жүгінді. Бұл адам оларды үш-үштен қайыққа отырғызып, Батыс Баларусь еліне жіберді. Осы мемлекеттің аумағында партизандардың қатарына қосылды. Оларды медициналық тексерістен өткізіп, тиісті көмек беріп, Буденный атындағы партизандық жасаққа жіберді. Ал 1944 жылдың тамызында Кеңес әскерлері Брест облысын азат етті. 

Үлкен атам Минск қаласындағы бронетанкті жөндеу зауытына жіберілген. 1946 жылы ғана үлкен атам үйге оралды. 

410908cbe8692a550dd02bb64679d26c.jpg

Ол қысқа ғана: «Менің жолым болды, қашып құтылдым», — дейтін... Алайда, шетел мемлекетінің аумағына түскенде, тілді білмеген орыс сарбазына қашу қиын болыпты... Ол өзін бір Құдайға тапсырып, тірі қалып, елге оралды. 

 Атам «Германияны жеңгені үшін», II дәріжелі Ұлы Отан соғысынң ордені, Кеңес Одағының маршалы Жуковтың медалі, үш мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Соңғы марапат 2010 жылдың 20 ақпанында берілген еді: «Беларусьті неміс фашисттерінен азат еткеніне 65 жыл». «Примите искренне поздравление с 65-летием освобождения нашей Родины от немецко-фашистских захватчиков», — деп жазылған медальдың алдыңғы бетінде. 

Тимофей Петрович 67 рет Жеңіс күнін тойлады! 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығының қарсаңында үлкен атамның естеліктері жер бетіндегі бейбітшіліктің маңыздылығын есімізге түсіреді. Бұл — қолымыздағы ең басты байлық. 

 Үлкен әжем Мотрёна Самойловна соғыстан үлкен атамның келуін күтіп жүрді. Олар 71 жыл бойы тату-тәтті ғұмыр кешкен. 

f7056fa16501d5035a3f3f953de52284.jpg

«Жолы болды», — дейтін шығар біреулер... Алайда, қанша жыл бойы өз күйеуінің майдан даласынан оралуын күткен байғұс әжем өз ғұмырында не көрмеді десеңізші... Үміт пен сенімнің арқасында үлкен атам қан майданнан оралды...

Виолетта Ежицкая,
Қостанай облысы Жамбыл ауылындағы

Жамбыл орта мектептің

9-сынып оқушысы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?