01.05.15
Менің атам Омарбек Мұстафин 1926 жылы Қазақ КСР Семей облысы Чаркас ауданындағы Суықбұлақ ауылында дүниеге келген. Отбасында алты бала болды: үш ұл, үш қыз. Олар кедей тұрғандықтан, таңертеңгі асқа қуырылған бидай, түскі әрі кешкі асқа да осындай тағам жеп жүрді.
Атам 2-3 жасында болғанда, әкесі бақтық сапарға аттанады. 1922 жылы туылған ағасы Құсман 1940 жылы тракторшы болып жұмыс жасап жүргендіктен, үйде азық-түліктер пайда болды. Отбасы мүшелері жақсырақ тамақтана бастады. Құсман үйленді, екі қызы дүниеге келді. Одан кейін соғыс басталды. Құсман майданға аттанды. 1943 жылы қаралы қағаз келді. Ол Смоленск түбінде қаза тапты. Сүйегі сол жерде жерленді.
Атам отбасының үлкені болып қалды. Осы кезде ол төртінші сыныпта оқып жүрген. Мектеп Чарск қаласында орналасқан, балалар күнделікті сабақтарға жаяу барып келетін. Бірақ, мектептен бас тартып, колхоздағы жұмыстарға кірісуге тура келді. Колхоз шаруашылығындағы 50 сиырды бағып жүрді. Қиындыққа толы кезең басталды. Бірақ адамдар «жеңеміз» деп сеніп, бірлесіп жұмыс істеді.
1944 жылы 16-жасар атам майданға аттанады. Шынайы жасына екі жыл қосып жіберілген. Екі ай бойы Алма-Атыдағы әскери істің жеделдетілген курстарынан өтті. Мұнда бір жігітпен танысып, екеуі достасып кетті. Бір оқу орнының қабырғасында білім алып, бір үйде тұрып, майданға да бірге аттанды. Бұл жігіт алғашқы шайқаста қаза тапты...
Осы кезде Қызыл армия фашисттік әскерлерді КСРО аймағынан қуып жіберген. Әскерлеріміз шабуылға кірісті. Берлиннің жанында Одер өзені ағып жатты. Судан өту плот деп аталатын ағаш кемеге әскери техниканы тиедік. Әскерилер мінген плоттардың көбі өзеннің басқа жағасына дейін жетпеді.
Берлинде, 9 мамырдан кейін, маршал Жуков қатардағы жауынгерлер алдында сөз сөйлеп, оларды Жеңіс күнімен құттықтады. Атам маршал Жуковпен қол алысып амандасты. Соғыс біткеннен кейін, 1950 жылға дейін Беларусь еліндегі, одан соң Барановичи қаласындағы Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1947 жылдың күзінде демалыс алып, үйге барды. 1950 жылдың қыркүйегінде демобилизацияланды.
1951 жылы туған ауылына қайтты. Бұл жылдың қаңтарында милиция бөліміне жұмысқа орналасты. Үй сала бастады, үйленді. 1952 жылы анасы қайтыс болды. Атам отбасын құрып, балалы-шағалы болды. Үш баласы дүниеге келді. Ең кішісі бір жарым жасқа толғанда, әйелі дүниеден өтті. Атам менің әжеме үйленді. Бұл кезде әжем де жесір әйел болып, бір қызды тәрбиеледі. 1965 жылы некелесті. Биыл тамызда атам және әжемнің үйленгеніне 50 жыл толады.
Атам 25 жыл бойы милицияда қызмет етіп, 1976 жылы зейнеткерлікке шықты. Бірақ, жұмыстан қол үзбей, бригадир, райкомдағы шаруашылық меңгерушісі болып еңбектеніп жүрді. Сиыр, қой ұстады.
Атам таңертең ерте тұрып, егінге мотоциклмен баратын. Шөп шауып, оны үйге алып келетін. Шөпті кептіру үшін оны аула ішіне шашатын. Өзі жуынып, таңертеңгі шай ішіп, сағат 7.30-да жұмысқа барады. Үйде, қорада тазалық сақтайтын.
Атам қартайған соң, соңғы алты жыл бойы мал шаруашылығымен шұғылданбады. 2015 жылдың 13 наурызында 89 жасқа толы. Аудан және қала әкімдігі ардагерге көмек көрсетуде.
Абай атындағы мектепте оқитын балалар атамның үйіне келіп, көмір тиеп, бақша қазып, майдангерге көмектесетін.
Биыл Жеңістің 70 жылдығы тойланады, сол себептен атамды Мәскеудегі Жеңіс шеруіне шақырды. Алайда, атам науқастанып жүргендіктен, аталмыш шараға бара алмайды. «Атам сауығып кетсін! Ғұмыры ұзақ болсын!», — деп тілеймін. Мен өз атаммен мақтанамын, ерлігіне алғысымды білдіремін!
Жанель Мұстафина,
Шығыс Қазақстан облысын Шар қаласындағы
П.Г. Карелина атындағы орта мектептің
7-сынып оқушысы
«Бір суреттің тарихы»