Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Тарихтан тағылым» халықаралық ғылыми конференциясы өтті

1904
«Тарихтан тағылым» халықаралық ғылыми конференциясы өтті - e-history.kz
Биылғы жыл Қырғызстанда Президент А. Атамбаевтың қаулысымен Тарих және мәдениет жылы боп жарияланды. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығын ауқымды атап өтуге айрықша мән беріліп отыр

Астанада 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) ұйымдастыруымен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығына арналған «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. 

Орталық Азиядағы өзгерістердің басында тұрған айтулы оқиғаға орайластырылған конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстаннан ғылыми мекемелердің басшылары, танымал тарихшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар мен белгілі ғалым-зерттеушілер қатысты TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлінің модераторлығымен өткен жиын 2 пленарлы отырыспен өрбіді. 

278a02d613e2d5d019d57087ba361c34.jpg

«1916 жылғы көтеріліс: тарихи дереккөздер және жаңаша көзқарас» атты алғашқы отырыста Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы «Мурас» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы, «Қырғыз тарих қоғамы» халықаралық қоғамдық бірлестігінің президенті Тынычтыкбек Чоротегин, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының президенті, профессор Мәмбет Қойгелдиев, Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы Қоғамдық ғылымдар академиясының экс-президенті, профессор Мырзахан Жақып, Қырғыз Республикасы ҰҒА вице-президенті, профессор Абдылдажан Ақматалиев, Өзбекстан ҒА Тарих институтының аға ғылыми қызметкері, профессор Қахрамон Раджабов, Татарстандағы Ш. Маржани атындағы Тарих институты Жаңа тарих кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. Ильдус Загидуллин, И. Арабаев атындағы Қырғыз университетінің ректоры, профессор Толобек Абдырахманов, сондай-ақ Тәжікстандағы Камалиддин Беҳзад атындағы бейнелеу және дизайн институтының профессоры Насриддин Назаров баяндама жасады. 

Ал, «1916 жылғы көтерілістің Орталық Азиядағы тарихи ықпалы мен мәні» атты екінші отырыста Қытай Халық Республикасы және Қазақстан Жазушылар Одақтарының мүшесі, профессор Сұлтан Жанболатов, Өзбекстан ҒА Тарих институтының аға ғылыми қызметкері, профессор Адхамжон Аширов, И. Арабаев атындағы Қыргыз Мемлекеттік университетінің профессоры Ташманбет Кененсариев, Абай атындағы ҚазҰПУ доценті Шәмек Тілеубаев, РҒА Уфа ғылыми орталығы Тарих, тіл және әдебиет институты, т.ғ.д Ахат Салихов, Ж. Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталағының директоры, т.ғ.к Ордалы Қоңыратбаев пен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті Жамаледен Ибрагимов пайымды пікірлерін ортаға салды. 

abbe4aa7ded42f7d6a7fbee30871d268.jpg

Биылғы жыл Қырғызстанда Президент А. Атамбаевтың қаулысымен Тарих және мәдениет жылы боп жарияланғаны белгілі. Осы орайда 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығын ауқымды атап өтуге айрықша мән беріліп отыр. 

Қырғыз елінде «Үркін» деп танылған тарихи оқиғаның және 1916 жылғы қозғалыстың 100 жылдығына орай өткен шара Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы «Мурас» қоры, Қазақстан және Қырғыз Республикасы Тарихшылар қауымдастықтары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 

Алқалы жиын барысында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты «Жетісу – Ыстық көл қасіреті: 1916-1920 жж.» атты тарихи құжаттар мен материалдар жинағы таныстырылды. Жиын соңында Конференцияның қарары қабылданды. 

Халықаралық Түркі академиясының Баспасөз қызметі 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?