Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тұңғыш қазақ және КСРО хакері

1653
Тұңғыш қазақ және КСРО хакері - e-history.kz

Алғашқы кеңестік  киберқарақшы (хакер) ММУ түлегі Мұрат Өртембаев болғанын сіз білдіңіз бе?  1983 жылы ол АвтоВАЗ жүйесін бұзады, нәтижесінде конвейердің жұмысы үш күнге тоқтады. Бұл КСРО-дағы алғашқы «кибер шабуылдардың» бірі еді. 

1970 жылдары Мұрат Өртембаевтың ата-анасы соңғы жиған тергенін баласына беріп, оны Мәскеуге оқуға жібереді. Мұрат Өртембаевқа математика саласында жарқын болашақ күтіп тұрғанын көпшілік көсіле айтқан еді. Дегенмен оны Тольяттидегі АвтоВАЗ компаниясына жұмыс істеуге жібереді. Өртембаев Мәскеуде қалғысы келді. Сол кездің өзінде ол үкіметке ренжулі болды. Механикалық тораптарды құбырға беру үшін автоматты жүйені басқаруда бағдарламалық жасақтамамен айналысатын IT мамандары және жүйеге қызмет көрсететін және бағдарламалық жасақтамаға қатысы жоқ қарапайым техниктер жұмыс істеді.

Жұмыс келесі схема бойынша жүргізілді: қажет болған жағдайда бағдарлама жасақтаушы өзінің іс-әрекеттері туралы жазбаша есеп бермей, бағдарламалық жасақтамаға өзгерістер енгізе алады. Яғни, жүйені өзгертуге мүмкіндігі болды. Және ол туралы ешкім білмей де қалуы мүмкін еді. 

Мұндай жұмыс барысын жақсы білген Өртембаев өзінің айласын іске асырады. Кәдімгі иілгіш дискінің көмегімен (алдын-ала тексерілген) ол конвейерге бөлшектердің берілуін басқаратын бағдарламаға түзетулер енгізді. Шын мәнінде, Өртембаев конвейер желісіне түйіндерді беру циклдерін өлшейтін негізгі есептегіш бағдарламаға басқа кодтар жазған. Нәтижесінде есептегіш дұрыс көрсеткіш көрсетпей қояды. 

Өртембаевтың жоспары бойынша бұл кодтар тек оның еңбек демалысы біткеннен кейін ғана іске қосылу керек еді. Демалыстан келген соң ол ақауды көріп, барлығын орнына келтіріп, конвейер жұмысын іске қосу қажет еді. Бірақ бұл жоспар іске аспады. Бағдарлама сол сәтте өздігінен іске қосылып кетеді. Конвейер істемей қалған кезде айнала алай-дүлей болады. Бұл ақаудың қайдан болғанын ешкім таба алмайды. 

Компьютердің барлық жабдықтарын одақтас елдің ең үздік деген мамандары мұқият тексеруі нәтижесінде техникалық ақаулар табылған жоқ. Бірақ олар бағдарламаға басқаша кодтар жазылғанын тапты. Жұмыс бағдарламасын қайта іске қосу көмектеспеді, сәтсіздіктер жалғасты. Жұмыс процесін қалыпқа келтіру үшін шамамен үш күн қажет болды. Жүйедегі ақаулық кәсіпорынға үлкен материалдық шығын келтірді. Жүздеген машина құрастырылусыз қалды. 

Мұраттың өзі бұл әрекетін мойындады. Оқиғаны тексергеннен және тергегеннен кейін оның жүйені бұзған жалғыз адам емес екендігі анықталды. Конвейерде қасақана ақаулар жасаған басқа бағдарламашылар болғаны дәлелденді. 

Іс сотқа жіберілді. Ол кездегі қылмыстық заңнамасында компьютерлік қылмыстар ұғымы болмаған. Заңгерлер араласында үлкен пікірсайыс тудырып, бұқаралық ақпаратқа дейін жеткен. Заң бойынша жасалған әрекет қылмыстық іс санатына жатпады және қылмыстық жазаны қарастырылмаған екен. Сондықтан бірнеше киберқарақшыны бұзақылық жасағаны үшін  деген айыппен бір жарым жыл шартты түрде жаза тағайындады. Ал Өртембаевқа келтірілген залалды өтеу міндеттеліп, бағдарламашы жұмысынан босатылады.  Ол өзінің жазасын негізгі конвейерде слесарь ретінде өткізді.

Вера Архангельская,  прокурордың бұрынғы аға көмекшісі:

– Бұл іс ерекше болды, бірақ Өртембаевтың өзі қарапайым болып көрінді. Әріптестері оған жанашырлық танытты. РСФСР Қылмыстық кодексінің 68-бабына сәйкес "Диверсия" бойынша КГБ іс қозғады және тергеді. Өртембаевтың мотивтері таза психологиялық, утилитарлық болды, сондықтан біз тергеушімен оның қылмыстық ойын қалай анықтау керектігін ұзақ талқыладық.

Істі автозавод аудандық сотының төрағасы, қазір қайтыс болған Александр Сергеевич Бойко қарады. Іс 1983 жылы мамырда тыңдалды. 

Бұл процеске «Известия»,  «Советская Россия» және басқа да беделді БАҚ өкілдері жиналды. Теледидар, қалалық газеттер болды. Іс тез қаралды, компьютермен байланысты терминологияны қоспағанда, ерекше қиындықтар болған жоқ. 

Вячеслав Московский, сотталушының мүдделерін қорғаған адвокат:

- Өртембаев қылмыстық істі мойындаған кезде мен іске араластым. Менің ойымша бағдарлама – бұл ойда пайда болатын идея, содан кейін қағазға, дискіге ауысады деп айттым. Ол қателесті, Өртембаев ешнәрсе бүлдірген жоқ. Ақша ұрласа бір сәрі,  ал мүлік бүтін күйінде қалады. Сондықтан мен осы бапқа сәйкес қылмыс құрамы жоқ деп сендім, оны ақтауды өтіндім.

Бірақ іс ушығып кетті,, сот кінәлі деп шешті. Мен облыстық сотқа шағым түсірдім, онда олар маған: «37-ші жылы ол атылатын еді!» деп жауап қатты. Аудандық соттың үкімі күшінде қалды. 

Оқиға бүкіл Одақтас мемлекеттердің барлығына дерлік тарады және Өртенбаевтың әрекеті есебінен көптеген даулар тудырды. Газеттерде Еділ автомобиль зауытының жүйелік бағдарламашысы негізгі конвейердің бағдарламасы өзгертіліп, нәтижесінде жұмыс үш күнге тоқтатылды деп жазды. Шығын миллиондаған рубльмен есептеледі.

Оның бұрынғы әріптесі Владимир Заволковский (1982 ж. – негізгі өндіріс АБЖ жобалау бөлімінің бюросының бастығы) ол туралы былай дейді: «Мұрат өте білікті математик болды. Менің түсінгенім бойынша ол бұл жұмысты істегісі келмеді. Әрдайым ауқымды дүниелермен айналысқысы келді. Біздің зауытта күнделікті бір іс. Конвейер жүру керек, мәшинелер құрастырылуы қажет. Менің ойымша ол бұл жұмысқа арналмаған».

Кейіннен белгілі болғандай Өртембаевқа аға инженерге дейін көтерілуге және жалақының өсуіне уәде берілген екен. Басшылық тарапынан бұл уәде орындалмай,  ешқандай өзгеріс болмаған соң Өртембаев бұл іс-әрекетке барған екен. 

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Өртембаев  отбасымен туған жеріне оралады. «Қазпошта» АҚ Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы болып, онда жаңа IT шешімдерді әзірлеу және енгізу кезінде өз біліктілігін дәлелдеген ол 2010 жылдың 21 мамырында 55 жасында қайтыс болды. Артында Болат (1982) және Тимур (1984) есімді ұрпағы қалған оның әрекеті енді тек тарихты зерттеу кезінде ғана айтылады.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?