Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бекболат Бұғыбайұлы: Бүркітшілік өнері ұлттық бренд дәрежесіне көтерілді

1405
Бекболат Бұғыбайұлы: Бүркітшілік өнері ұлттық бренд дәрежесіне көтерілді - e-history.kz

Аймақтық құсбегілік одағынан яғни сіздердің бастамаларыңызбен аймағымызға «Құсбегілер сарайы» салынады деп естіп жатырмыз. Бұл жоба негізінен қашан жүзеге аспақ?

Аймағымызда бүркітшілердің екі одағы бар. Соның бірі –  біздің одақ яғни «Қазақ құсбегілік одағы» өз іс-қызметін жүргізгелі биыл 3 жылдың жүзі болды. Одақтың төрағасы көп жылдар бойы табиғат, туризм саласын басқарған Атай Аятханұлы. Ал, мен атқарушы директор қызметіндемін.  Осы уақыт аралығында құсбегілер сайысын ұйымдастыру, құсбегілер туралы кітап шығару, материал жинақтау қатарлы шаруалар жүрілуде. Өткен жылы бүркітшілер тойын Сары көлде ұйымдастырдық. Өткенге көз жүгіртсек 24 рет бүркітшілер тойы өткен екен. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі көптеген саяхатшыларға танылдық. Бүркіт және бүркітшілер ұлттық бренд дәрежесіне көтерілді. Алайда біздің бір кемшілігіміз – тек бүркітшілер тойы кезінде ғана бүркітшілерді еске аламыз. Сондықтан да осы кісілердің басын қосқан бір ұйым болсын. Ол ұйымның өз сарайы, бүркітшілер туралы мағлұматты бір орталықтан алсын дегенді мақсат тұттық.

Сарайдың көлемі – 120 мкв. Киіз үй тәріздес. Шетелдік қонақтар мағлұмат алса, алыс жолдан келген бүркітшілеріміздің бас сұғатын ордасы деп түсінсек болады. Мұнда бүркітті отырғызатын жеке үйшік тәріздес кабинка, ат байлайтын жеке қора, сарайдың сыртында қашасы,  дәретхана және тағы басқадай  дүниелер де  ойластырылған.

Біз осы ойымызды іске асыру үшін қаржы енгізетін шетелдік компанияларға, қорларға жобамызды таныстыру нәтижесінде CULTURAL SANKTUARIES FOUNDATION атты ұйым қаржы енгізіп, бүркітшілер сарайының сурет жобасы жасалып бектіліді. Қазіргі таңда бір компаниямен шарт жасау арқылы құрлыс жұмысы басталмақ. Алла қаласа келесі бүркітшілер тойына дейін аяқталады деп күтілуде.  

CULTURAL SANKTUARIES FOUNDATION  ұйымы  мәдени мұраны қорғау, сақтау, болашаққа жеткізу мақсатында жұмыстап отырған бейресми ұйым. Орталығы – Америка Құрама Штатында. Бұл сарайдың маңыздылығына тоқталдым. Енді мақсатына келсек – қазіргі таңда  көптеген ұлттық брендіміз арқылы, сервис даяшылықтарын жақсарту арқылы елімізге, аймағымызға көптеген турист тарту. Осы бүркітшілер сарайының жанына тағы да екі киіз үй тігіп, сарайдың және киіз үйлердің ішін ұлттық нақышта безендіріп, келген саяхатшылар ұлтымыздың төл мәдениетінен мағлұмат алатындай дәрежеде жұмыс ұйымдастырмақпыз. 
Жоғарыда бүркітшілер туралы кітап шығарып жатырмыз деп атап өттім. Кеңірек тоқталсам: Халық ішінде не бір керемет бүркітшілер болды. Ол кісілер туралы айтылмай, ұмыт болып жатыр. Сондықтан да оларды насиқаттау, әлеуметтік мүдделерін қорғау, қолдағы бүркіттерді табиғатқа қайта жіберу сияқты жұмыстарды қолға алдық. Сонымен қатар табиғат анаға жіберілген екі бүркітке JPS (қайда жүргенін анықтайтын құрылғы) орнаттық. Аталмыш қырандар қыс кезінде біреуі Тиветті қыстаса, екіншісі Иранға дейін барды. Аң мен құста шекара жоқ. Олар қай жер ыңғайлы сол жерлерде өмір сүреді.

Қыран құс –  эко системаның ең негізгі көрсеткіші. Сондықтан да қыранды баптау, оны қайтадан табиғатқа жіберу деген ғылыми негіздегі мәселелерді ата-бабаларымыз ежелден білген. Олар бүркіттің аналығын яғни сарша бүркіттерді ғана қолға ұстаған. Ал, кемелденіп балапан басатын шағында қоя беретін болған. Біз осы ұлттық, этно мәдениетті сақтауымыз қажет.

Бүркітшілер сарайын қандай компания салып жатыр. Көп жағдайларда уақытын созып, әртүрлі жағдайлармен құрлыстар кешеуілдеп салынып жатады. Межелеген уақытында біте ала ма?

– Алла қаласа бітеді деп ойлап отырмыз. Өйткені Улаабаатар қаласындағы киіз үй жасайтын «Уянгын гурван эрдэнэ» деген компаниямен шарт жасасқамыз. Алдыңғы төлемдерін төледік. Олар құрлыс жұмыстарын бастап та кетті.

Қаржысына тоқтала кетсеңіз.

Қазіргі жағдаймен сурет жобасы бойынша 270 млн төгрөг /80 мың АҚШ доллары/ көлеміндегі қаржымен басталуда. Осымен тоқтап қалады деген сөз емес. Ішіндегі мәдени мұраларды жыл сайын байытып, тағы да қаржы енгізіп, одақтың іс-қызметін алға бастырамыз деп отырмыз.

Аймағымызға туристер қаншалықты көп келуде. Олар біздің елден нені көргісі келеді?

Біздің еліміздің қаймағы бұзылмаған көркем табиғаты мен байырғы қалпы, салт-дәстүрі шетелдіктерді қызықтыратын дүние. Олар жай ғана қарапайым көшпенді тіршілікті көріп, құмында жаяу жүріп, биік таулар мен сарқырап аққан өзендерді көргісі келеді. Атқа мініп, тірі табиғатты сезінеді. Соның ішінде аймағымыздың өзіндік құндылығы, құсбегілігі, ерекше салт-дәстүрі бар. Әрі аймағымызда еліміздің ең биік, әйгілі тауы орналасқан. Саяхатшылар осылар үшін келеді. Біз де даяшылығымызды, мәдениетімізді жақсартуымыз қажет. Қазіргі таңда екінің бірі бүркітті ақша табу мақсатында ұстайды. Бұл өте қате түсінік. Егер осылай жалғаса берсе, табиғаттағы бүркіттің саны азаюы мүмкін. Осыны жастарға түсіндірудеміз. Саятшылықты мәдени мұра ретінде дамытып, жүздеген, мыңдаған жылдардан бұрын қандай болса, қазір де сондай, қалпын бұзбай ұрпаққа жеткізуіміз қажет.

Қазір аймағымызда он екі сұмын, бір қалашық бар. Жүздеген бақтар бар. Қаншама бүркітшілер бар деген сияқты. Әр таудың бөктерін жайлап, қыстап отыратын бүркітшілерге жетіп жұмыстау мүмкін бе?

Бізден бұрын да «Моңғолия бүркітшілер одағы» деген ұйым құрылып жұмыстап келгенін білесіздер. Осы ұйымда мәліметтер бар болу керек.  Одағымыз құрылған уақыттан бастап  он екі сұмынға жүріп бүркіттің санағын шығарып, бүркітшілерді тізімдеп жатырмыз.  Қай сұмында қанша бүркіт бар? Қанша жыл ұсталды? деген сияқты ақпараттарды бір ізге келтірмекпіз. Яғни бүркітшілер туралы ақпарат қорын жасаудамыз. Қазіргі таңда әркім әрқалай айтып жүр ғой. Негізінен қабаттасқан санмен 200-дей бүркітшілер бар. Кейбір ақсақалдарымыз дүние салды деген сияқты. Жинақтап болғаннан кейін кітап болдырып бастырып, аймақтық мұрағатқа табыстаймыз деген жоспарымыз бар.

Қандай бір тарихи жәдігерлер, ұлттық ерекшеліктегі дүниелерге қатысты әлеуметтік парақша болады. Әлемнің халқы түсінетін ағылшын, және өз елінің тілдерімен анықтамалары болады деген сияқты. Келетін саяхатшылар сол арқылы интернеттен іздеп, алғашқы мағлұмат алып, одан кейін көруге келіп жатады. Қазіргі кездегі ең сұраныстағы ақпарат көзі – сайт жұмыстату ойларыңызда бар ма?!

Әрине. Біздің жоғарыдағы айтылған жұмыстарымыз шешімін тауып, сарайымыз салынып бітіп, халықтың игіліген жараса деген ниеттеміз. Сонымен қатар осы  жобалар жайлы, мәдени мұра, құсбегілік өнер жайлы толығымен ағылшын тілінде ақпарат порталы жасалынып бастады. Кешікпей ақпарат тарата бастайтын боламыз.

Сұхбатыңызға рахмет! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!

janadauir.com

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?