Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тоқтамысты тоқтатқан кім?

2658
Тоқтамысты тоқтатқан кім? - e-history.kz

1385-1395 жылдары басталған Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы соғыс бүкіл Еуразия континентінің тарихына орасан зор әсер етті. Ескеретін жайт, қос билеуші де бұл қақтығысқа дейін жақын дос және жақын туыстай араласқан. Екі басшының бір-біріне өш болуының себебі не?

Өкіл әке

XIV ғасырдың ортасында Алтын Орда қиын кезеңдерді бастан өткерді. Мемлекеттің негізін қалаушы Бату ордасы хан Бердібек қайтыс болғаннан кейін әлсірей түсті. Орда ішінде билік үшін қанды тайталас басталды. Жалпы 20 жыл ішінде 25 қанды қақтығыс болғанын айту керек. 

1376 жылға қарай ел екі жартыға бөлінді: Шығысты хан Ұрыс басқарды, ал Батыстағы билікті әскери қолбасшы Мамай қолға алды. 

Осы аралықта тарих сахнасына жас әрі білікті  Тоқтамыс шықты. Ол Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы еді. Шығыс билеушісі Ұрыс хан Тоқтамыстың биліктен үмітті екенін көріп, оның алдына талай тосқауыл қояды. Тоқтамыстың ата-анасын өлтіреді. Осы уақыт аралығында Тоқтамыс Самарқанға қашып, қолбасшы Әмір Темірден көмек сұрайды. 

Орта Азия елдерінің қолбасшысы Тоқтамысты жылы қабылдап, оны өзінің баласындай көреді. Сонымен қатар оны Алтын Орданың билеушісі ететінін де айтады. Әмір Темір Тоқтамысты Алтын Орданың ханы қылып сайлап, өзіне Кавказ жерлерінің бір бөлігін тартып алмақ ниетте болады. 

Алтын Орда үшін күрес

XIV ғасырда оқиғалар тарих бағытын бұратын өзгерістер Еуропада емес, Азияда болды.

Тимуридтер империясының болашақ негізін қалаушы Әмір Темір Тоқтамысқа 3 түмен әскер бөлді. Бабы мен білігі жетіспеген Тоқтамыс әр кез Самарқанға жеңіліспен оралды. Шеберлігіне шек келтірмейтін Ұрыс 1379 жылға қарай Тоқтамыс әскеріне қарсы ештеңе істей алмады.  Тоқтамыс Ұрыс әулетін тақтан тайдырды. Бұл соңғы шайқас емес еді.  1380 жылы Мамаймен соғыс басталды.

Тоқтамысқа Куликов соғыс алаңында Мамайдың әскерін жеңген орыс княздары көмектесті. Енді оның әскері Қалқа өзеніндегі шайқаста барын салып, қарсыласты жеңу ғана қалған. 

Енді Алтын Орданы қалпына келтіру үшін Ресейдегі бақылауды қайтару қажет болды. 1382 жылы Тоқтамыс хан Мәскеуге жорық ұйымдастырып, ел астанасымен қатар бірнеше негізгі қалаларды өртеп жіберді. Нәтижесінде 39 жастағы Дмитрий Донский қашып кетеді. Сондай-ақ мәскеуліктер татарларға салым төлеуді қайта бастауы, алдыңғы 2 жылдағы қарыздарды жабу және соғыс болған жағдайда орыс әскерін Ордаға көмекке жіберу отыру сынды талаптары орындайды. 

Тоқтамыс бүлікшіл жерлерді бағындыру бойынша осы науқандардың барлығын Әмір Темір әскери және материалдық қолдауымен жүргізді. Өкіл  әкесінің арқасында ол орыс княздіктеріне татар үстемдігін қалпына келтіре алды.

Описание: C:\Users\n.nuryshov\Downloads\scale_1200 (1).jpg

Сатқындық 

Екі мемлекет арасында берік одақ құрылып, екеуі де күшейе түскендей болды. Жас және беделді қолбасшы өзінің үстемдігін орната бастағандай еді. Бірақ 1385 жылы Орда ханы күтпеген жерден Әмір Темір басқарған өңірдің біріне қарақшылар жіберіп, сатқындық жасайды. 

Шын мәнінде Тоқтамыстың Әмір Темірге опасыздық жасауға не итермелегені әлі белгісіз. Тарихшылар жазғандай Әмір Темір ол уақытта Хорезмде соғысып жүреді. Тоқтамысты баласындай көрген ол бұл жайтқа сене алмайды. Бірақ Тоқтамыс мұнымен тоқтап қалмайды. 1388 жылы ол Моғолстан, Хорезм және Мысырмен одақ құрып, қолбасшы  Әмір Темірге жалпы қарсылық ұйымдастырды.

1391 жылдан 1395 жылға дейін ол Алтын Ордаға екі рет ауқымды жорық ұйымдастырды. Екеуі де сәтті өтеді. Орта Азияның билеуші Орданың бүкіл экономикалық базасын бұзуға ұмтылып, Орданы билеушілерімен қатар жермен-жексен етуді мақсат етеді. 

Әмір Темір әскері Ресейдің біраз жерлерін талқандайды. Рязань княздігін қиратып, Елецті өртеп жіберді және Мәскеуге шабуыл жасауға дайындалып жатты, бірақ ол күтпеген жерден әскерін кері қайтарды. Тарихшылар әлі күнге дейін қолбасшының мұны не үшін жасағаны туралы дауласуда: ауа-райының қолайсыздығына байланысты ма, әлде орыс князьдері оған қомақты салық төледі ме, бұл оқиға белгісіз. 

Даудың соңы 

Қақтығыстың нәтижесі – Орданың толық күйреуі, Тоқтамыстың биліктен айырылуы және мемлекеттің біртіндеп жойылуы болды. Орда тағын хан Құтлық иеленді.

Бір қызығы, 1405 жылы партизандық қарсылық көрсеткен қашқын Тоқтамыс Әмір Темір  алдында тізе бүгіп, қателігін мойындаған. Орта Азия билеушісі оны кешірді. Ол отбасын қорғауға алды, тіпті Орда тағын қайтадан қайтаруға уәде берді. Бірақ сол жылы Әмір Темір  қайтыс болды. Тоқтамыс бір жылдан кейін Құтлықтың әскери басшыларымен болған қақтығыстардың бірінде қаза тапты. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?