Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуы табылды

3353
Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуы табылды - e-history.kz

Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының бірлесіп жүргізген Архангай аймағы, Номғон жазығындағы ғылыми археологиялық экспедициясы жұмыстарының нәтижесінде Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен табылды. Осыған орай, Халықаралық түркі академиясы Моңғолия астанасы Ұланбатырда бейнеконференция арқылы баспасөз мәжілісін өткізіп, Номғон жазығында жүргізген ғылыми-археологиялық экспедицияның алғашқы нәтижелері туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Қазақстан тарихы порталы. 

Баспасөз мәслихаты барысында Дархан Қыдырәлі Халықаралық Түркі академиясының Моңғолияда жүргізіп жатқан зерттеу жұмыстарымен таныстырып, биылғы «Номгон-2022» бірлескен экспедициясының Құтлық Елтеріс қағанға арналған ескерткіш кешенін анықтағанын мәлімдеді.

301361759_10225341844086247_461663207396967617_n.jpg

«Бүгін сіздермен қуанышты жаңалығыммен бөліскелі отырмын. Биылғы экспедицияның нәтижесінде Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаңғыртушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазба ескерткіші табылып отыр.  Түркі дәуірінің құнды жәдігерінде «түрк» атауы алғаш рет кездесетін ең көне жазба ескерткіш екенін атап өткім келеді», - деп бастады Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.

Сондай-ақ, академия тарапынан Моңғолия жеріндегі түркі мұрасын іздестіру жұмыстары 2015 жылдан бастау алатынын, пандемия кезінде саябыр тартқан жұмыстар қайта жанданғанын еске салып өтті.

«Бұл – үлкен жаңалық. Күлтегін мен Білге қағанның кешені табылған кез бен арада өткен ғасырға жуық уақыттан бергі ең үлкен жаңалықтың бірі деп есептейміз және біздің тарихымызға зор үлесі болатынына ешқандай дау жоқ. Бұл – экспедицияда табылып отырған үлкен олжа», - деді академия президенті.

220824143154052e.jpg

Бұдан кейін сөз алған экспедиция мүшелері, археолог Н. Базылхан мен А.Энхтөр жаңадан ашылған ескерткіштің ерекшеліктеріне тоқталды.

Сонымен қатар, жиынға арнайы келген Елшілер тың жаңалықты ашқан Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының еңбегін жоғары бағалап, алдағы зерттеу жұмыстарының табысты болуына тілектестік білдірді.

DJI_0680.jpg

Академия қызметкерлерінің дерегінше, Құтлық Елтеріс қаған кешеннің жалпы аумағы – 49х41,5 м. Батыстан шығысқа қарай сопақша болып созыла орналасқан кешенді айналдыра қоршап ор қазып, одан шыққан топырақты үйіп қамал жасаған. Нысанның батыс жағында ортасында ойығы бар текше тас (алтарь), адамның тас мүсіндері, қасында екі күшігі бар арыстан және екі қой мүсіні орналасқан. Кешеннің қақпасынан шығысқа қарай 51 балбал тас тізіліп тұр. Олардың ішінде бес балбалдан Ашина әулетіне тиесілі «таутеке» таңбасы анықталды. 

Фото: twesco.org


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?