Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Отырар – өркениет жалғасы

3693
Отырар – өркениет жалғасы - e-history.kz

18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Халықаралық музейлер күні – бұл тек қана тікелей музейлермен байланысы бар адамдардың кәсіби мейрамы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және көпшілікке таныту идеяларына бей-жай қарамайтын жандардың да, музейді ерекше мәдени орталық ретінде өзіне қымбат және жақын санайтындардың да мейрамы

Айтулы мерекеге орай «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында адам өмірінде және қоғамда музейлердің алар орнының маңыздылығын түсіндіру, музей құндылықтарына деген халықтың ықыласын арттыру мақсатында «Отырар –  өркениеттер жалғасы» тақырыбында тарихи – танымдық кеш өтті. 

WhatsApp Image 2022-05-19 at 19.54.31.jpeg


Көрермендер үшін ашықтық және қол жетімділік, өнерді дәріптеу және танымал ету, жастардың назарын ұлттық құндылықтарға аудару үшін өткен мерекелік шараны ашып беру үшін сөз аудан әкімі Сұлтанханов Сәкен Асылханұлына,  Отырар аудандық Мәслихат хатшысы Мырзахан Манаповқа,  «Аманат» партиясы Отырар аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Абай Құрманға және Отырар музейінің директоры Махашов Жангелді Меңлібайұлына беріліп, музей қызметкерлерін алғыс хаттарымен марапатталды. 

WhatsApp Image 2022-05-19 at 19.54.32 (1).jpeg


Мерекелік іс-шара музей экспозициясындағы театрландырылған көріністерді тамашалаумен бастау алды. «Тас дәуірі тіршілік» және «Отырар Моңғолдардың кезінде» тақырыптарымен қойылымдар, әлем ұстазы атанған Әбу Насыр әл - Фарабидің рөлін сомдаушы кейіпкердің ғұлама бабаның туған жер туралы толғамы, ғылым мен білім жайлы толғаныстары тамашалаушыларды айрықша тебірентті.  Кілем мен алаша тоқу шеберлік сабақтары мен «Киіз үй» бөлімдерінде қойылған театрландырылған көріністер өткен ғасырды бейнеледі. 

WhatsApp Image 2022-05-19 at 19.54.34.jpeg


Музей экспозициясындағы көріністерден соң, музей түні  музей ауласындағы «Этно-кешенде» ауыл жастарының алтыбақан теуіп, ән салған кешімен жалғасын тапты. Қазақ халқының ХХ ғасырдағы тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ағаш иуу өнерінің шеберлері мен темір ұсталарының көрінісі, қолөнер шеберлерінің жүн өңдеу, жіп иіру, тоқыма тоқу өнерлері тамашалаушыларды тәнті ете түсті. Асханалық бөлімінде ұлттық нақышта киінген музей қызметкерлері келі түю, диірмен тарту, күбі пісу, қамыр жаю, бауырсақ пен нан пісіру сияқты тіршіліктен көріністер берді. 

 WhatsApp Image 2022-05-19 at 19.54.36.jpeg


Құмырашылардың құмыра жасау, оны күйдіру тәсілдері бойынша шеберлік — сабақтарын көрсетуі мен балаларға арналған викториналық сұрақтары мерекелік кешті қыздыра түскен сәттерінің бірі болды. Сондай-ақ, этнокешенде қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына қатысты түйе, құмай тазылар  салт-дәстүріміздің айрықша ерекшеліктерін көрсететін бейнелер келушілерге ерекше әсер қалдырды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?