Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Мың тағдыр – бір Ел» көрмесі ашылады

2523
«Мың тағдыр – бір Ел» көрмесі ашылады - e-history.kz
Көрменің ашылуы аясында Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, «Мың тағдыр – бір Ел» дөңгелек столы өтеді

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы Алғыс күнін ата-бабалары қатал тағдырдың айдауымен келген миллиондаған адамдарды туысындай көріп, қамқор болған, қонағындай күтіп, бір үзім нанын бөліп берген қазақ жеріндегі белгілі қазақстандық суретшілердің туындыларының көрмесімен атап өтеді. Көрермендер ұлттық мәдени қазынамызға енген мұражай жинақтамасының қорындағы жұмыстарды көреді. 

Авторлардың қайсысының болса да, тағдыры жеңіл болған жоқ, бірақ олардың қазақ жеріне, оның дәстүрлеріне, халқына арнаған шығармашылығы оларды Қазақстанның қазіргі мәдениетіне қосқан зор үлесі айналып, қиын-қыстау тарихи қақтығыс заманында тапқан жаңа Отанының нағыз патриот-суретшісі ретінде танытты. 

Экспозицияда «ұлттық белгілері бойынша» ХХ ғасырдың басында Париж Көркемсурет академиясын аяқтаған Ким Хен Нюннің; кескіндемеші Михаил Ким мен белгілі график әрі кітап безендіруші Борис Пактың; А. Пушкин атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының бұрынғы директоры, Европадағы көрмелерде картиналарын қойып жүрген суретші Владимир Эйферттің және Киев Суретшілер серіктестігінің мүшесі, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі көптеген көрмелерге қатысқан суретші Леонид Брюммердің туындылары көрсетіледі. 

Көрмеге қатысушылардың тізімін Императорлық театрлардың директорының ұлы, Қазақстанға «әлеуметтік жат элемент» ретінде айдалып келіп, өзінің ең үздік жұмыстарын Қазақстан театрларында қоюшы-суретші ретінде туындатқан В.В. Теляковскийдің және КСРО-дағы белгілі суретші әрі жазушы, аяқ астынан «жапон тыңшысына» айналған, үйсіз-күйсіз қаңғырып, қалжырап, түнімен опера және балет театрының жер асты қабатында ағаш мүсіндерін ойған Исаак Иткиндтің туындылары жалғастырады. 

Көрермендер Қазақстан жерінде шынайы дарындары толығымен ашылған Павел Мариковскийдің, Шәміл Гулиевтің, Елена және Владимир Григорьяндардың және т.б. суретшілердің жұмыстарын да көре алады. 

Көрменің ашылуы аясында Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, «Мың тағдыр – бір Ел» дөңгелек столы өтеді. Оған қатысушылар осы шеберлердің шығармашылық тағдыры жайлы баяндап, қазақ халқы оларды «өздерінің жан жарасы ретінде қабылдап, оның мәңгіге біздің елімізде адамдар арасындағы адамгершілік өлшем болып қалғаны» жөнінде отбасылық естеліктерімен бөліседі. 

Көрме мен Дөңгелек столдың басталуы – 2016 ж. 1 наурыз, сағат 16.00, 3-қабат, оңтүстік галерея.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?